Шығарма: Фотодағы бейтаныс адам
Сәрсенбекова Жанерке
8 сынып, Дарынды қыз балаларға арналған
облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты Павлодар қаласы
Жетекшісі: Жумабекова А.С.

Атам мен әжемнің қолында тәрбиелендім. Кішкентайымнан атамның арқасынан түспейтін едім, бірге бұзау айдап, соңынан бір елі қалмайтынмын. Жаздың бір жайма-шуақ күндерінің бірі еді. Атамның үйінде өзім қожа, өзім би едім. Олардың бар ермегі мен болсам, менің ермегім – үйде жиналған ыдыс сөрелерін, әжемнің әбдіресін, атамның заттарын тамашалау. Әсіресе мені қызықтыратыны шаң басқан чемодандарды ашып, атамның ескі заттарын ақтарып, өзімше бір тексеріс жасау еді. Сондай кезекті тексерістердің бірінде қолыма фото тиді, фотодан атама ұқсайтын бір адамды көрдім. Сарғайып, бір шеті жыртылып та қалған ескі фото болатын. Қолыма алдым да, атама қарай жүгірдім. Қасына барып, кім екендігін сұрадым. Атам суретке ұзақ қарап, қасына жайғасуды ұсынды. Кейін: - Бұл менің әкем, - деп бастады сөз басын. Алмамбетов Сәрсенбек - Ұлы Отан Соғысының ардагері. 1941 жылы соғыс басталғанда әскер қатарына шақырылады. Бірінші Украина майданында жаяу әскер бөлімінің 248моторланған атқыштар полкінде болып,Украина жерін жаудан азат етуге қатысқан. Польша жерін неміс-фашист басқыншыларынан азат ету кезінде жүрек астынан оқ өтіп, екі рет жараланып, 1945 жылы елге оралады. Ұлы Отан Соғысында көрсеткен ерліктері үшін ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен және «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Маршал Г.К. Жуков», «Жеңіске 40, 50 жыл» сияқты медальдармен марапатталған. Бүгінгі көк аспан астында бейбіт өмір сүріп жатқанымыз - осы адамдардың арқасы. Сен атаңмен мақтануының керек, - деген болатын.
Осылайша, мен арғы атам Сәрсенбек туралы білдім. Қазір «ерлік» дейтін болса, көз алдыма Сәрсенбек атам елестейді. Әрбір Жеңіс күнінде атамның ерлігін еске алып, рухына тағзым етемін. Жеңіс... Қаншама азаматтар мен азаматшалардың төккен қаны мен тері бар бұл жеңісте. Бүгінгі қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда уайымсыз ғұмыр кешіп жатқанымыз осы адамдардың арқасы деп білемін. Менің балалық ойым – тек соғыстың болмауы. Кейде басыма сан түрлі сұрақтар келеді. Соған жауап таппай, көзімді жұмып, соғысты өзімше елестетемін. Аспаннан бомба тастаған қаншама ұшақтар, қансыраған адамдар, қыршыннан кеткен сан азаматтар... Тура бір қорқынышты түс секілді. Осынау сұрапыл соғыста қаншама үй асыл азаматтарынан, қаншама ана торсықтай ұлдарынан, ал кейбіреулері жасында бір гүлі ашылмаған аяулы қыздарынан айырылды. Сұм ажал оларды мезгілсіз алып кетті. Майданда жүріп кеудесінен оқ өтсе де, олар келешек ұрпақ үшін қасық қаны қалғанша күресті. Біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жер үшін күресті. Ал бүгінгі қазақ халқы үшін бұл әр азамат үшін жазылмас дертке айналғандай. Халықтың басынан өткен ең ауыр кезеңдердің бірі – осы Ұлы Отан соғысы. Бұл соғыс адамзат баласына қайғы әкелмесе, бақыт әкелген жоқ. Оны өз көзімізбен көрмесек те, жүрекпен сезінетіндейміз. Сол үшін бүгінгі әрбір арайлап атқан ақ таңымызға шүкіршілік етеміз. Мен балалық шағымның бал дәмін татып, ашық аспан астында мәнді де сәнді ғұмыр кешіп жатқаныма, осы соғыста кеудесімен оқ құшқан әр жауынгерге бас иіп алғыс айтамын. Соғысқа қатысқан әр майдангер азаматтардың арқасында мен қазір елімнің ерлік пен өрлікке толы тарихын білемін. Қазақстанның жас ұрпақтары, біздер, оның ертеңгі үлкен де жарқын болашағын қалыптастырамыз деген үміттемін. Меніңше, Қазақстанда тұрып жатқан әр бала осындай қайсар жауынгерлердің ұрпағы болғанын мақтан етеді. «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» дейді. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Оларды құрметтедік, құрметтеп жүрміз, құрметтейміз де... Ескі фотолар уақыт өте сарғайып, тозығы жетер, бірақ саналы ұрпақ өз атабабаларының ерлігін ешқашан ұмытпайды!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: