Шығарма: Дүниеге ерлігімен танылған
Куставлетова Азелла
8 «А» сынып, Федоровка ОЖББМ,
Качир ауданы, Павлодар облысы
Жетекші: Алтынгужинова Гүлмира Бекешевна

Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман.
Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні.
Жеңістің туын тіккен – 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.1941 жылы 22 мауысымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Неміс басқыншылары шаттық әнді қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.Кешегі неміс-фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі – кеше ғана елі 105 жылдығын атап өткен қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау мекенінде дүниеге келген. Анасы-Рәзия, әкесі-Момыш.
Дүниеге ерлігімен танылған,
Кең жауырынды, Талғардың тік иықты
Бөрі кеуде, бүркіт қабақ Бауыржан.
Қалтыраған атынан жау ордасы,
Панфиловтың жорықтағы жолдасы,
Даңқ туын майдандағы көтерген
Гвардия бөлімінің қолбасы.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда қазақ халқының аңызға айналған атақты ұлы, даңқты жауынгер, Панфиловшы, гвардия полковнигі, кеңес жазушысы Алматы қаласында жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды. Майдангер-жазушы Бауыржан Момышұлы әр жылдары өз көңіл күйіне оралған сезімдерін қағазға түсіріп отырған. Соғыс біткеннен кейін 1956 жылдан бастап біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол шығармаларын орыс-қазақ тілдерінде бірдей жазып өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Жазушы шығармалары негізінен патриотизиді, адалдықты, ерлікті ту етеді. Батырдың қаламынан туған «Офицер күнделігі», «Москва үшін шайқас», «Майдандағы кездесулер», «Ұшқан ұя» және т.б атты шығармалары жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін баға жетпес асыл қазына.
Отты жүректің ыстық қанымен жазылған «Москва үшін шайқас», «Генерал Панфилов» романдары соғыс кезінде ерлік көрсеткен батыр солдаттарға мәңгілік ескерткіш болып қалды. Бауыржан Момышұлының отаншылдық тақырыбындағы қанатты сөздері, мақалдары, тәрбиелік мәнмағынасы өз алдына бір төбе. Оның соғыс, отаншылдық тақырыбындағы қанатты сөздері шырқырап, шындық іздеген жан айқайының жаңғыра шыққан үні іспеттес.Майдангер-жазушы, қаһарман батыр елін қорғауда көрсеткен ерлігі үшін көптеген ордендермен марапатталды. Соғыс кезінде «Қызыл Ту» орденімен, «Москваны қорғағаны үшін» медалімен , Iдәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды. Соғыстан кейін «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, «Халықтар достығы» орденімен марапатталды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді, 2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды. Оның есімі туған ауылына, ірі қалалардың көшелері мен мектептерге берілді.Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп таралған қазақ елінің ақиық қыраны Бауыржан атамыздың ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындылары ұлы құбылыс болып қала береді. Туған елінің бақыты үшін күрескен халықтың қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлы - ұрпаққа үлгі болатын ұлы тұлғалардың бірі. Қорыта келе, қасық қаны қалғанша «Отаным» деп жауға дес бермеген, елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей аты аңызға айналған арда батыр Бауыржан Момышұлы – дара тұлға.
Алмас қылыштай өткір де, қайсар, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған Бауыржан атамыз арамызда болмаса да, біздің жүрегімізден келелі орынды иелетіні сөзсіз. Қазақтың басына жұлдыздай туған батырымызды ардақтау, құрметтеу – біздің парызымыз.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: