Шығарма: Біз – бақытты ұрпақпыз!

Шығарма: Біз – бақытты ұрпақпыз!

Зейнулова Равиза
11 сынып Федоровка ОЖББМ Павлодар облысы,
Качирауданы Федоровка ауылы
Жетекшісі: Байжунусова Ардак Жасулановна

Отаның үшін жасауың керек неше ерлік,
Қажеті қанша жігітке жігер өшерлік.
Отаның үшін махаббат керек, махаббат,
Отанын сүймеу – есерлік!
Ғ.Қалибекұлы
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Аллаға шүкір ата- бабаларымыз армандаған Тәуелсіздігімізге ие болып, 71 жыл Қазақтың ержүрек қаһармандарының арқасында біз бақытты, тәуелсіз, бейбіт, ашық аспан астында, сыйластықта өмір кешіп жатырмыз. Біздің Отанға деген махаббатымызды өлшеуге болмайды. Мен өз елімнің патриотымын. Патриотизм дегеніміз, өз Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгенділік, өз Отанының мүддесі үшін кез келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық.2016 жыл Ұлы Жеңістің 71жылдығы мен сұрапыл соғыстың басталғанының 75 жылдығы екені баршаға белгілі..«Өткенді білмей, болашақты болжау қиын» деген ұлағатты сөз бар. Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады десе де, ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады.
Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті.Қалайша тарихты ұмытамыз....? Маусым айы, таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді.Тыныштық мезетте беймәлім дыбыстан үзілді. Халқымыз адам айтқысыз қиын қыстау кезеңге душар болды.Көгілдір,таза аспанымыз қара түске боялды,фашист ұшақтары қала, ауылдарға оқ атты,айналаны тас-талқан қылды. Сол сәтте-ақ табиғат әсем бейнесінен айырылып, тіршілік атаулы үрейге бөленеді. Бір сәт бәрін түп тамырымен өзгертіп жіберді.Соғыс... осы сөздің мағынасы қаншалықты қатыгез, сұрапыл болса, соншалықты соғыс жылдары бізге жағымсыз, қорқынышты, көз алдымызға қантөгіс, қырғын, ажал атты көріністер елестері анық көрінеді.Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып,жүздеген қала мен елді-мекендерді тып-типыл етті.Сөйтіп соғыс әр үйге,әр отбасының өміріне жазылмас жара ізін қалдырды. Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, қанша үйде оттар сөніп қалды, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті. Ең қасіретті соғыс,алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын жұртқа 4 жыл, яғни 1418 күн мен түнге созылды.Мыңдаған бейкүнә адамдар еш аяусыз қырылды.
Майданға біздің қазақстандықтар да өз еріктерімен армия қатарларына қосылды.Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де соғысқа сұранды. Армия қатарына 1 миллион 196164 қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанады.Қазақ халқы: «Қыз тәрбиелегенің – ұлтты тәрбиелегенің» деген.Қазақ қыздары қай салада да өздерін жақсы жағынан көрсете біледі. «Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен» сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып,Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова да асқан ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапқан.Хиуаз Доспанова Ұлы Отан соғысында ұшқыш болған алғаш қазақ қызы еді. Ұлы Жеңіске үлкен үлесің қосқан Бауыржан ағамыз 1941 жылдың күзінен бастап, соғыс аяқталғанға дейінгі барлық шайқастарға белсенді қатысты.Соғыс жылдарында батальон, полк,дивизияны басқарды. Біздің ел қорғандары, батырларымыз тарихта ешқашан ұмытылмас, жұлдыздай өшпес шоқ сияқты. Ұлы Отан соғысына қатысқан аты аңызға айналған аға апаларымызды тарих бетінді «Батыр» деп жазды. Ер есімі ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер азаматтар естен шықпайды.
Олар тарихта өшпес із қалдырды. Жауға қарсы шайқастар, алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес,алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты.Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартып,эвакуацияланған завод пен фабрикаларға,майданға керекті оқдәрі,азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. Елі үшін жанын қиып, кеудесін оққа тосқан жерлестеріміздің ісі өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Жеңістің ізі жатыр батыр салған. Уақыт болса өтеді ескен желдей. Бірақ бұл жандардың ұлағаты мәңгі өшпес. Елбасымыздың қолдауымен, халықтың колдануымен мейрамдар, көптеген игі іс-шаралар жоспарлануда, іске асуда. Қазақстанның жері, мәдениеті, тілі,тарихи дәстүрі, ұлттық рухын сақтап қалған батырларымызға шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Отанның тыныштығы үшін жұдырықтай жұмыла білген батырларымыздың есімі ешқашан ұмытылмайды. Бүгін Қазақстанның барлық ауылдарында, аудан, қалаларында, Даңқ монументтеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері жылдан жылға өтуде.Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек. Аға ұрпақтың жүріп өткен даңғыл жолын жалғастырушы біз, жастар. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз-болашақ Отанын сүюге,елінің,жерінің адал патриоты,достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Жеңіс күні-бұл сан мындаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығы,Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны,тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ . Ерлікті, елдікті сақтайық!Келешек еліміздің дархан даласы кең,аспаны ашық болсын!Еліміз тыныш, басымыз амандықта, халқымыз татулықта өмір сүре берейік. Тоғыз сөздің түйінін бір өлеңмен толғатайын.
Жан-жағынан көздеген жау бүйірді,
Қанша тағдыр, қанша өмір қиылды.
Қазағымның сан мыңдаған ұлына,
Басқа жердің топырағы бұйырды.
Жігіттер мен қазағымның қыздары,
Жауға қарсы Отан қорғап ұмтылды.
Ерлігіңді ұрпақтарың ұлықтайт,
Біздерге ол, біздерге ол мәңгі үлгі.
Ұрпақтарың қадірін біліп жүрсін,
Жеңіс бізге келмеді оңайлықпен.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Біз – бақытты ұрпақпыз! туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Биз – бакытты урпакпыз! на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Біз – бақытты ұрпақпыз!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]