Шығарма: Ерлердің ұмытылмас ерлік ісі
Белгібаева Аружан
8-сынып, Павлодар обл., Павлодар қ.,
«Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты»
Жетекшісі: Айгерім Сертайқызы Жумабекова

Уақыт деген сөздің мағынасын әр адам, әр тарихи оқиға өзінше түсіндіреді. Біреулер бір күннің, бір сағаттың қадірін білмей жатса, әр минуттың қадірін білетін адамдар да бар. Уақыт кейде сәт сияқты көрінгенмен, кейде минут ғасырдан да ұзақ... Бір минутта жарылған снарядтан қаншама адам көз жұмуы мүмкін, бір сәтте, бір кезде. Елден сағына күткен хатты тосқанда уақыт, тіпті, тоқтап қалғандай болады. Әттең, тарих бетін шимайлаған осындай уақыттарды, оқиғаларды сызып тастап, бейбіт, тыныш, бақытты сәттерді жазуға мүмкіндік болғанда ғой! Миллиондардың, мыңдардың арманы – соғыста қаза тапқан жақындарын, ойрандалған отбасыларын қайтару. Алайда, уақыт өтті, соғыс бітті, қалғаны сол соғыс туралы ойлар мен естеліктер, сол соғысты өз көзімен көрген азды-көпті жауынгер аталарымыз.
Осыдан 71 жыл бұрын жер бетін шарпыған, сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Ұлы Отан соғысы дегенде, төрт жыл бойы қазақ жері, қазақ халқы үшін өз жанын аямай күрескен батырларымыз, атам елестеп, көзіме жас келеді. Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Бұл соғыс миллиондаған адамдар өмірін қиды, көптеген қалалар мен елді мекендер төңкерілді. Соғыс әр шаңыраққа, әр отбасының өміріне жазылмас жара қалдырды. Сол сұрапыл соғысқа менің атам Кәмен Оразалин да қатысқан. Атам 1920 жылы Абай ауданында дүниеге келген. 1939 жылы 19 жасында атам әскерге шақырылған еді. Әжемнің айтуынша, соғыс кезінде атамның түсіне туған елі, туған жері, Абай атамыз жиі кіріп, “Айттым сәлем, қалам қас” өлеңі құлағына естіледі екен. “Айттым сәлем, қалам қас” өлеңін өзіне күш-жігер беретін гимн ретінде ұстанған екен атам. Түсіне Абай атамыз, туған жері жиі кіріп, еліне, жеріне деген махаббаты мен сағынышы күннен күнге ұлғая беріпті. Туған жерге деген сағыныш, махаббат атамның шабытты шығармашылығна арқау болады, содан Кәмен атам туған жер туралы әңгіме, өлеңдер жаза бастайды. Соғыста үш ауыр жарақат алып, атам елге оралды. Өзінің болашақ шығармаларына қыруар материалды туған жер төсінен жинады.
Мұғалімдер институтын бітірген соң, туған ауылындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарған. Бала оқытумен қатар жазушылықты да қатар алып жүрген. 1943 жылы “Абай жолы ” романына материалдар жинау үшін туған жері Абай ауданына келген Мұхтар Әуезовпен танысып, қолғабысын тигізген екен. Атам Мұхтар Әуезовпен жақын араласқан екен. Ол өзінің “Абайдан соң” атты романында Мұхтар атамыз туралы жазған. Атамның “Жексен” повесі 1950 жылы, “Көктем салқыны”, “Кең байтақ” романдары, “Абай ауылына саяхат” атты жол сапар кітаптары 1959 жылы жарық көрген. Кәмен атам “Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі”, “Октябрь революциясы”, үшінші дәрежелі “Даңқ” ордендерінің, “Парасат” орденінің және көптеген медальдардың иегері. Мен атама бізге бейбіт өмір мен көк аспан астындағы бақытты тірлікті сыйлағаны үшін шексіз алғысымды білдіремін. Сөзімді Мағжан атамыздың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан,
Ерлерді ұмытса де ел, бел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: