Шығарма: Мәңгілік алау әрдайым!
Ахметов Әсет
8 сынып оқушысы
8 сынып оқушысы
Жау кеп қалды қаңға ділгір
Жапан түзде жортқан аңдай!
Кернеп кетті салдыр – күлдір
Кәрі дүние қақты таңдай.
Д.Әбілев
Адамзат тарихында болған барлық шайқастардан асып түсетін шайқастың аяқталғанына биыл жетпіс бір жыл болып қалды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап – ақ, Кеңес жауынгерлерінің қатарын біздің ұлан – байтақ елімізде тұратын ұлттар құрап, Отанымызды қорғауға бар күштерін салды. Сондықтан бұл соғыс – Ұлы Отан соғысы деп аталды. Отанын қорғаймын деп шайқастардан оралмаған, сондай-ақ өз аналарын, балаларын, қарттарын көре алмай соғыс алаңында қалғандардың саны шексіз:
Текке өлмедік, жерге тек көмілмедік,
Қып-қызыл қан бекерге төгілмеді,
Біз де өлтірдік қырқысқан жауымызды,
Жеңілмедік. Бір адым шегінбедік...
Мәңгілік алау... Біздің байтақ еліміздің әр қаласы мен ауылында, ерлікпен қаза тапқандарға мәңгілік алау жағылды. Жарты ғасырдан асуымен Павлодарда мемориалдық паркте мәңгілік алау жанып тұр. Мұнда келген адамдар өз жерлестерін, туыстарын еске алып гүл шоқтарын әкеледі, мейрамдар мен салтанаттар кезінде жастар келіп Құрмет қарауылында тұрады:
Өмірде жолдар санаулы-ақ,
Қай жаққа, қашан бармаймын.
Тұрады жанып, алаулап
Мәңгілік алау әрдайым!
М.Неталиев
Ұлы Отан соғысында ерекше ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған жерлестеріміздің бірі – Қанаш Қамзин. Қанаш Қамзин бір мың тоғыз жүз он тоғызыншы жылы Павлодар облысы Ақсу ауданы Жолқұдық ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылған Қанаш бір мың тоғыз жүз отыз бірінші жылы балалар үйіне жіберілді. Бір мың тоғыз жүз отыз төртінші жылы оған озат оқуы үшін алдымен жұмысшылар факультетіне, одан кейін педагогикалық институтқа жолдама берілді. Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы Қызыл әскер қатарына шақырылды.
52-ші атқыштар дивизиясының құрамындағы 429-шы атқыштар полкінің 3-ші рота командирі Қанаш Қамзин майдан жолдарымен аз жүрген жоқ. Бір мың қырық төртінші жылдың 12 сәуірден 13 сәуірге шыққан түнінде лейтенант Қамзин бірінші эшелонмен жаудың артиллериялық және миномет пен пулеметтерден оқ жауып тұрғанда, тасыған өзеннің арғы жағасына өтті.Днестрдің оң жақ жағасына шыға ротасын шабуылға көтерді. Гитлершілер бұл жерде мықты қорғаныс құрыпты: екі қатар ор қазылған, дот, дзот тағы басқа қорғаныстар бар. Бірақ оған қарамастан Қамзин өзінің ротасымен екі қатар ордан өтіп, ТураБыкулуш селосының оңтүстік шетіне жетті. Осы жерде шабуыл кідіріп, жау 650 м биіктіктен кеңес жауынгерлеріне пулемет пен минометтердің оғын жаудырды. Лейтенант Қамзин дереу жауынгерлердің алдынан көтеріліп алға қарай ұмтылды. Ротасы соңынан ерді. Биіктік азат етілді, сол жерде 20 фашистік солдат пен офицердің көзі жойылды. Жау Қамзинның ротасына жаңа күш жіберді, бірақ гитлершілер біздің жауынгерлердің қайратын сындыра алмады. Осы шайқаста жаудың көп техникасы мен әскери күштері жойылды. Өкінішке орай, осы ұрыста қазақтың қайратты ұлы – лейтенант Қанаш Қамзин қаза болды. Бір мың тоғыз жүз қырық төртінші жылы қыркүйек айының 13 күні Жоғары Қеңес Одағының жарлығымен, Днестр өзенін кешіп өткенде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Қанаш Қамзинға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Төгілген қаны анық бұл,
Майданда өлген ұл-қыздың.
Сөнбейтін от боп жанып тұр,
Жүрегі Қызыл Жұлдыздың!
М.Неталиев
Қанша уақыт өтпесін халық біздің Отанымыздың тәуелсіздігін, намысын қорғағандардың ерлігін ешқашан ұмытпас. Ал, біздер, осы ұлы, батыр адамдардың ұрпақтары, олардың ерлігін мақтан етіп, өз өмірлерін қиып бізге сыйлаған бейбітшілікті сақтап, бағалай білуіміз керек.
Батырлардың даңқы ешқашан өшпес!
Ұрпағың мынау өлмес даңқыңды өрлетіп,
Өрлігіменен дұшпан біткенді сорлы етіп
Самғайды көкке даладан ұшқан кіл қыран.
Сендегі мәңгі қасіреттен туған ерліктен
От алып мен де алаулап алға ұмтылам.
Ф.Оңғарсынова

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: