Шығарма: Ұлылар ерлігі –ұрпаққа үлгі
Маханова Жансая
8 сынып, Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қызылорда қаласы
Жетекшісі: Мананбай Г.А.
8 сынып, Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қызылорда қаласы
Жетекшісі: Мананбай Г.А.
Соғыс-халықтың күш-қуаты, ерлік- жігерін сынайтын ұлы емтихан.
Б.Момышұлы
Міне, Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта қалған қанды майдан жылдарының аяқталғанына 71 жыл. Адамзат үшін аз уақыт болмаса да , тарих үшін көп емес. Алайда, мыңдаған ананы бауыр еті баласынан,талай жанды сүйгенінен , қаншама бауырды бір-бірінен айырған бұл соғыстың қазақ тарихында алар орны ерекше, салған жарасы терең, соғысты көзімен көрген ата-әжелеріміздің еске түсіргенде көзіне еріксіз жас келуі осының белгісі.
«Ердің туы – намыс» деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай сол замандағы КСРО елдерін жаулап алу мақсатында басталған сұм соғыста біздің ата-әжелеріміз, аға-әпкелеріміз намысты қолдан бермей , біздің болашағымыз үшін аянбағанына, қасық қаны қалғанша Отанын қорғанына тарих куә. Барша адамзаттың жадында сақталған бұл соғыс артында өшпестей орны толмас өкініштерді қалдырды. Бізге , қазіргі жас ұрпаққа, қаншама боздақтарды қыршынынан қиып, талай елді-мекенді жермен жексен қылған сұм соғыс жылдарын еске алудың өзі үрей туғызады. Біздің бейбіт аспан астында алаңсыз өмір сүріп жатқанымыздың бағасының қаншалықты қымбат екенін тарих беттеріне зер салып қарасақ, еріксіз сезінуге болады. Фашистік Германия ашқан бұл соғыс миллиондаған адамның өмірін жалмап, талай шаңырақты шайқалтты, талай боздақтар өмірдің қызығын көрместен, бақилық боп кетті. «Майданға бармай-ақ қой» деген ата-ананың өтінішін тыңдамастан, бойындағы ұлтжандылық қасиеті қамшылап, намысы бойында атой салған Әлия Молдағұлова , Мәншүк Мәметова , Нұркен Әбдіров, Абдолла Жұмағалиев, Төлеген Тоқтаров сынды жап-жас аға-апаларымыз Отаны үшін кеудесін оққа тосып, қыршын кетті. Ел басына күн туған сын сағатта 42000-нан астам қазақ жауынгері туған жерін, елін қорғау жолында көзсіз ерлік танытты.
Бауыржан атамыздың «Соғыс-халықтың күш-қуаты, ерлік- жігерін сынайтын ұлы емтихан» деген сөзі шындыққа айналғанына Ұлы Отан соғысы дәлел бола алады. Шындығында бұл соғысқа халқымыз тек жауынгер ретінде ғана қатысқан жоқ, тылдағы еңбекпен де, азық-түлікпен де барын салып, «Бәрі де майдан үшін» деген ұранды берік ұстанды. Әр отбасыдан әкесі мен қоса азаматтық жасқа келген жігіттер өз еркімен соғысқа аттанды. Тарих беттеріне үңілсеңіз, соғыс тақырыбында жазылған көркем шығармаларды оқысаңыз, адамның жан-жүрегін ауыртатын оқиғалардың куәсі боласыз. Себебі, ол жай ойдан шығарылған деректер немесе қиялдан туған туынды емес , соғыс зардабын басынан өткізген, қиындығын көзімен көрген жандардың жүрегінен жарып шыққан шынайы шығармалар. Әсіресе, Баубек Бұлқышев атамыздың «Шығыс ұлына хат» атты шығармасын оқып , терең ойға баттым. Небәрі 28 жыл өмір сүрген жас жігіттің соғыстың қақ ортасында жүріп, ай жарығымен жазған хат түріндегі шығармасынан өз ұлтын шексіз сүйген ұлдың еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін, анасына, бауырына жарына деген ұлы махаббатын көруге болады. Бұл шығарма тек соғыстағы сарбаздың сағынышы ғана емес, «Шығыс ұлы» деп ат қойған бұл шығарма қазақтың барша азаматтарына деген ұлы үндеу секілді. «Елін сүйген ер жігіт қазіргідей заманда «Елім-ай» десе, ол-ант! Ол-серт! ... Отан бізге қолымызға қару,бойымызға қару беріп,өзіңнің сүйікті Арқаңды, сұлу Шығысыңды ,қонақжай халқыңды қорға деді. Сол Отан,бүгін менің тағдырым сенің қолыңда,жауынгер,деп отыр.Ойлашы , Шығыс ұлы, біз ел сенген ерміз,қалайша неміске туған жерді қолдан береміз? Ел намысы үшін, ер намысы үшін жан қиятын шақ бұдан артық болар ма?... ...Шығыс ұлы! Біздің жаман солдат болуға құқымыз жоқ.Біз ерліктің екі бірдей мектебінен тәлім алдық.Біз шығыстың Қобыланды, Тарғын сияқты батырларынан ерлікті үйрендік. Біздің қылышымыз фашист немістің қанымен суарылуы керек, серт осы болсын!» деген жолдарды оқып отырып, бойымда өз ұлтыма деген шексіз сүйіспеншілік сезім оянды. Ал Баубек атамыздың сөздері әр қазақтың бойына ұлтжандылық қасиетті дарытатындай құдіретті боп сезілді. Өзі соғыста жүріп, қиындыққа мойымай , ай жарығында отырып, туған еліне осындай хат жазған жауынгер аға-апаларымыздың келбеті көз алдымнан кетпей қойды. Еріксіз ойыма «Қазіргі жастарымыз ел басына күн туса, дәл осындай қиындыққа төзе алар ма екен?
Отан үшін отқа түсуге дайын ба? Кешегі ата-бабамыздың ерлігін жалғастыра алар ма екен? » деген тіркестер келе бастады. «Болашақ - жастардікі» деп ел үміт пен сенім артқанда сенім жүгін арқалайтын намысшыл жастарымыздың бойында Отанға деген елжандылық қасиет лаулап тұруы керек. Ия, әкесі соғысқа кеткенде елде қалып, анасының қасында еңбекке жастайынан араласқан жандардың әр күні ерлікке толы болдық десем қателеспеймін. Біз - соғысты көрмеген ұрпақпыз. Алайда қанды майдан тұсындағы сай-сүйекті сырқыратқан қараңғы түнектей кезеңдерді шын мәнінде көзбен көріп, бастан кешірмесек де еліміздің басынын кешкен қайғылы, зұлматты жылдар тарихымен Б.Момышұлының «Қанмен жазылған кітап», Е.Лұқпановтың «От кешу» сынды көлемді туындылары арқылы жақын танысып, аға ұрпақтың ерлігін мәңгі есте сақтауға тырысамыз. Кеңес Одағының апшысын қуырған неміс фашистерінің зұлымдығы бауырлас мемлекеттердің мүддесін бір арнаға тоғыстырып, ортақ мақсатқа жұмылдырды.Ұрпағының жарқын болашағы үшін бүгінін құрбан етіп, 1418 түн бойы Отанын көз ілместен күзеткен жүрек жұтқан бозбалалар мен бойжеткендердің есімі жадымыздан мәңгі ұмытылмақ емес. Ешқашан да жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!». Ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен зұлматтың бетін бері қайтарып, елдің егемендігін сақтап қалған, тыныш әрі бейбіт өмір сыйлап, өшпес мұра қалдырған Ұлы Отан Соғысының батырлары ерекше ықылас пен енапат құрметке ие деп санаймын және олардың алдында арнайы басымды иемін. 9 мамыр көңілге қуаныш ұялатқан Жеңіс күнін жақындатып, елі мен жұртының амандығын ойлап, ұрысқа аттанған талай сарбазға туған жерінің ыстық топырағы бұйырмады.Ал сонау сұм соғыстың сын сағаттарында жасымас жігер, қажымас қайрат көрсеткен батыр бабаларымыз туған жеріне оралып, елдің көзайымына айналды. Қазіргі күні соғыс ардагерлеріне Жеңіс күнінде ерекше құрмет көрсетіледі. Бүгінде тарихта аттары мәңгі алтын әріптермен жазылып қалатын тағылым иелері, соғыстың соңғы сарбаздары сиреп барады. Сондықтан « Ер есімі-ел есінде» демекші, біздің азаматтық міндетіміз – оларды арнайы бір күнде ғана емес, жылдың 365 күнінде де де еске алып, ықылас білдіру. Ал өскелең ұрпақ бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, намысшылдық, өр мінезділік, қайсарлық сынды қасиеттер мол болса қазақ елі өз тұғырында мәңгілік ел болып қала беретініне сенімім мол.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: