Шығарма: Атам менің – ер жүрек, майдангерім
Умиртай Жасулан
8 сынып, М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектеп
Қостанай қаласы
Жетекші Камалова Толкын Мураткалиевна

Атам менің - абыройым, мақтанышым,
Атам менің – сән құрар салтанатым.
Атам менің – ер жүрек, майдангерім,
Атам менің – асылым, ардагерім.
Авторы өзім
Елімнің бұрынғы өмірі қандай болды, қазіргі өмірі қандай деген сұрақтар мені үнемі толғандырады. Елімнің бұрынғы бастан өткізген жан түршігерлік өмірін естен шығару мүмкін емес, бірақ кейбіреулер ұмытқан сияқты. Мен ешқашан ұмытпаймын. Өйткені сол кезеңді менің атам басынан өткерді. Атам үнемі сол кезең туралы айтқанда құйқа шашым шымырлап, үстіме біреу мұздай су құйып жібергендей күй кешемін. Ойым сан жаққа жүгіреді. Сол бір «соғыс» деген сұмпайыны қаншама адамның өмірін алды, қаншасының өміріне балта шапты, қаншасын зар жылатты. Аталарымыз, аға – апаларымыз қан төгіп, өмірлерін құрбан етті. Соғыс ешкімге аяушылық танытпады. Соның бәрі не үшін? Яғни келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін, біздер үшін. Менің атам 1924 жылы 5 мамырда киелі Торғай өңіріндегі Қошалақ деген жерде өмірге келген. Әкесі Камал атам екі жасқа толғанда қайтыс болған.
Анасы екеуі әкесінің інісі Мейрам отбасымен бірге тұрған. Қиыншылықты көп көрген. Ашаршылықты бастарынан өткізген. Соғыс басталғанда менің атам не бары он жеті жаста болған. Өз еркімен сұранып, елімізді жаудан қорғауға аттанған. Бір – екі ай «Катюшамен» қалай соғысу керектігін оқып, майдан шебінен бірақ шыққан. Катюшаның құрылымы, қалай жұмыс істейтіні тек оқыған атам сияқты солдаттар ғана білген. Олар майдан шебінде жүргенде капитанының бір ғана айтқан сөзі көкейлерінде болды. Ол- «Катюша» ешқашан жаудың қолына түспеу керек. Егер де жаудың қоршауында қалса, жарып жіберу керек. Сұрапыл соғыс кезінде атам бірнеше майдангерлермен қоршауға түскен. Сол кезде қасындағы солдаттар қаза тауып, атам және тағы бір майдангер ғана тірі қалған. Жақындап қалған жауларды көрген атам мен досы Катюшаны жарып жіберіп, фашистердің басын көтертпей қырып салған. Осы ерлігі үшін «Қаһармандығы үшін» орденімен марапатталған. Атамның орден, медалдары өте көп. Барлығы да Отанды қорғаудағы ерлігі үшін. Атам сұрапыл соғыста талай жауынгерлерінің өмірін аман сақтап қалған. Ешқашан майдангерлерін жау қолында қалдырмаған. Соңғы демі қалғанша айқасқан.
Атамның соғыста жүргенде бауыры Қаңтарбайға жазған мына хаты қолыма түсті. Жазған хатының бір сөзін де өзгертпей жазып отырмын.
Кавнадан сәлем. Қаңтарбай бауырым, аман – сау жүрсің бе? Әжем (анасы) қалай жақсы ма?Мені ойлап уайымдамасын. Енді құдайға шүкір қорқыныш жоқ деуге болады. Себебі фашистер Катюшадан әйдік қорқады. Бұрын да жазып едім ғой. Өздеріңді де әскерге шақырамыз деп жатқан. Шоқан,Мирамдар қалай, ауырмай жүр ме? Семьядағы бала – шағалар аман ба? Үкіжан қалай? Оның Зибасы берік өсіп келе жатқан шығар? Жалпы ауыл – аймақ аман ба? Елге жаралы оралғандар бар ма? Біздің де арманымыз он екі мүшенің біреуін берсек те, елге аман- есен оралу. Әрине ол бір Алланың қолында. Ал өзім аман – есен жүріп жатырмын. Жағдай жақсы. Тек соғысқа залп беруге «огневой козиняға» барғанда қайта аман сау оралып, бір – бірімізді көреміз бе? Аттанарда адресімізді аламыз ғой. Артподготовканы аяқтаған соң, жаяу әскерлерді соправождать етіп, олар немістің шебін басып алған соң, қайта палатка құрған тылымызға қайта оралып, бірімізді – біріміз құшақтап көреміз. Міне, бүгін жеңіс тойының бастамасы басталды. Немістердің Шаулай деген қаласын басып алып келсек, капитан Мончак, «Жігіттер, Жеңіс тойының бастамасын тойлайық»,- деді. -Барлық Совет жауынгерлері неміс фашистерінен жерімізді түгел тазартты. Біздің генерал солай хабарлады. Кауна қаласына жауынгерлерді алып келіңдер, бізде тойды бастайық,-деді. Сөйтіп, жеңіс бастамасын тойладық. Сонымен, Алла қаласа бізге сеніп отырған халық сенімінен шығып, жеңіспен елге оралсақ деген ойдамыз. Кездескенше күн нұрлы болсын деп өзіңмен қоштасамын. Әжемнің бетінен сүй. Сәлеммен ағаң Мұратқали 27.10.1944 жыл.
1945 жылы соғыс аяқталып, жеңіске қол жеткізген шақты, атамдарды Қытай, Пруссия соғысына жіберген. Атам бұл соғыста да өзінің қайсарлығымен, батылдығымен, отаншылдығымен көзге түскен. Бұл соғыста да ержүректігі үшін ордендермен марапатталған. Жеңіске қол жеткеннен кейін Отан алдындағы борышын екі жыл атқарып, 1947 жылы аман – есен туған жеріне оралған. Келгеннен мектептегі оқуын тәмамдаған. 1948 жылы әжем Базармен шаңырақ көтерген. Атам елдің дамуына өз үлесін аямады. Әкім, директор парторг тағы басқа қызметтер атқарған. Кооператив саласында басшы болып отыз жылдан артық еңбек етіп, зинеткерлікке шыққан. Жасының ұлғайғанына қарамастан сауда саласында басшы болып жүріп, Қостанай қаласындағы әлеуметтік – техникалық техникумды (сол кездегі атауы) оқып, диплом алған. Менің атам өте сауатты адам. Зинеткерлікке шыққаннан кейін жай отырмады. Қазақтан шыққан тұңғыш журналист қыз Назипа Құлжанова есімін жарыққа шығаруға көп ізденді. Назипа – арғы атасы Құлжаннан туған Нұрғали деген баласының зайыбы. Назипа, Нұрғали Құлжановтар кезінде Семейде болып, Абай атамыздан дәріс алған Торғайдың қос қарлығаштары. Ахмет, Мыржақып, Сәкен, Бейімбет сынды қазақтың сөнбес жұлдыздарымен замандас, қаламдас болған жандар. Абай атамыз қайтыс болғанына он жыл болғанда ең бірінші қазақ,орыс тілінде тұңғыш баяндама жасаған осы біздің Назипа апамыз. Атамның ізденген еңбегі еш зая болмады.
Елбасымыздың шешімімен Арқалық қаласындағы педагогикалық колледжге және сол қаладағы бір көшеге Назипа Құлжанованың есімі берілді. Атам бірнеше дүркін Абай атамыздың туған жері Семей қаласына барды. Онда Абай атамыздың мұражайында, туған жеріне, қабір басында да болған. Абай мұражайының бір бұрышы осы біздің атамыз бен әжеміз Назипа, Нұрғали Құлжановтарға арналған. Бұл мұражайда Абай атамыздың шөбересі қызмет істейді. Семейдегі Абай мұражайының Абай атамыздың шөбересі бастаған бір топ қызметкерлері іс- сапармен Арқалық қаласына келіп, атамның үйінде қонақ болған. Атам үшін мақтанамын. Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында Астана қаласында өткен салтанатты шеруге Қостанай облысынан менің атам барды. Атам көп оқыды, ізденді. Тоқсан жасқа толғанда атам «Тегіңді таны, ұрпағым» деген кітап жазып шығарды. Айтыңыздаршы, осыншама жасқа келіп, кім кітап жазды? 2014 жылы 9 мамыр – жеңіс күні Арқалық қаласында осы кітабының тұсаукесері және тоқсан жасқа толу туған күні аталып өтті. Семей, Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай қалаларынан көптеген қонақтар, соның ішінде ақын Серік Тұрғынбеков, депутат Рамазан Сарпбеков, Абайдың шөбересі, көптеген жергілікті ақын – жазушылар болды. Бір өкінішті жай, әжем Базар 2011 жылы, атам Мұратқали биыл 15 қаңтарда фәнилік болды. Әжем мен атам мені көп еркелететін. Әжем мен атамның орны әлі күнге дейін ойсырап тұр. Ол кісілерді ойласам,көкірегім сыздайды, жүрегім қан жылайды.Әр бейнелері, еркелетіп айтқан сөздері әлі күнге дейін көз алдымда. Міне, менің атам Мұратқали Камалов 91 жас ғұмыр кешті,атындағы кейінгі ұрпағына өшпес-өлмес мұра қалдырды. Маған неге мақтанбасқа. Қазір тәуелсіздігімізді алып, егемендікке қол жеткізген шағымызда санаулақ қалған ардагерлерімізді құрметтеп, алақанға салып жүрсек те, артық емес.
Тәуелсіздігімізге қол жетуіне бірден – бір үлес қосқан, осы ардагерлеріміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Атамның жеңісі – бұл барлық қазақ деп жүрегі соғатын ұлттың жеңісі, менің жеңісім! Ардагерлерімізді ардақтайық, халайық!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: