Шығарма: Отанын сүйген отқа жанбайды
Тұрмағанбетова Гаухар
Торғай аграрлық—техникалық колледж, 1 курс
Арқалық қаласы, Қостанай облысы
Жетекшісі: Кенжалиев Шынғыс Темірбекұлы

Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр. Осы бір сұрапыл соғыста елім деп еміренген есіл ерлер, елдің ертеңі үшін жан аямай күресті. Басқа шауып төске өрлеген басқыншылардың меселін қайтарды. Бүгінде 130-дан астам ұлтпен ынтымағымыз жарасып, бейбітшілік бесігінде тербелуіміз біз үшін қанын да, жанын да салып соғысқан ержүрек аталарымыз бен қайсар аналарымыздың арқасы. Ендеше солардың ерліктерін ұмытпай, кейінгіге ұлықтау біздің басты борышымыз! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінеки, 75 жыл толды! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигельдинов, Төлеген Тоқтаров біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған. Осы Алматының көптеген саябақтарында, көшелерінде олардың ескерткіштері қойылған. 19411945 жылдар аралығында болған соғыс қаншама жанның өмірін қиды, қаншама отбасы ер жігіттерінен айырылып, қара жамылды. Сол соғыс қаншама бүлдіршінді жетім қалдырды? Елді жоқшылық, аштық жайлады. Тылда еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін тынбай еңбектенді. Олар майдандағы солдаттарды өз қамқорлығына алды. Соғыс адамзат баласын біріктірді. Олар бейбіт өмір үшін қасық қаны қалғанша күресті Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Бұл қан майданға қазақ топырағынан бір миллионнан астам ержүрек жауынгерлер аттанған. Олардың көбісі сол алапат соғыс алаңында қаза болды.
Сонымен қатар, аттары аңызға айналған жаңа тұлғалар тарих бетінде өздерінің ерліктерімен аттарын алтын әріппен жазып қалдырды. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова. Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Бірақ бәрібір Берлингтегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар. Ұлы Отан соғысы...
Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп ақиық ақын Мұқағали тебіренген. Ocы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды? Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Қазір қазақ елді мекендерінде көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындарына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері де берілді. Ол деген біз, яғни, кішкентай қазақстандықтар өз ата-апаларының ерліктерін ұмытпасын, біліп жүрсін, мақтан етсін деген мақсат. Қазіргі кезде сол батырларымыздың қатары сиреп, азайып қалды. Олар – біздің мақтанышымыз! Ыстық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Бауыржан Момышұлы-Ұлы Отан соғысының басынан кіріп, аяғынан шыққан, ерлігі елдің есінен кетпейтін талантты да қаһарман қолбасшы. Ол жауынгерлерімен бірге соғыста шынықты, соғыста шыңдалды, соғыста өсті. Қолбасшының қоластында қаһарман қазақ аз болған жоқ. Солардың көбі тәуелсіздігі жолында қанын төгіп, жанын берді. Cоғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды.
Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты. Отан соғысы шындығы белгілі кезеңдегі адамзат қоғамының сипатын, мемлекеттік билеу болмысын барынша шынайы көрсеткен, көрсететін айрықша сұрапыл шындықтардың қатарына жатады, Оны көзімен көрген, басынан өткерген, қаны мен терін төккен, от пен оқтың ортасында қан кешкен ұрпақтан артық білетін жанды табу қиын. Сондықтан өзегіне соғыстың сұрапыл шындығын арқау еткен шынайы шығарма жазуға екінің бірінің тәуекелі жете бермейді. Отан соғысы оқиғаларының қазақ әдебиетінде үлкен эпикалық көлемде көрініс табуына, негізінде, майдангер жазушылардың сіңірген еңбегі зор. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанға, атамекенге деген сағыныш, ерлік, батырлыққа арналған өлеңдер басылым беттерінде жиі жарық көріп жүрді. Баубек Бұлқышевтың 1942 жылы «Комсомольская правда» газетінің 1 май күнгі номерінде «Өмір мен өлім туралы» деген әңгімесі жарияланды.
Биыл Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл толуына орай еліміздің әрбір жерінде әртүрлі іс-шаралар, мерекелік кештер өткізілуде. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, қошемет жасалуда. Әрине, олардың орасан зор еңбегін еш уақытта өтеу мүмкін емес. Соғыс ардагерлеріне тағзым ете отырып, келешек еліміздің ертеңі жақсы болса екен деп тілеймін. Әрбір қазақ баласы өз Отанның анасындай сүюі қажет. Тәуелсіз еліміз өркендеп, өсе берсін! Еліміздің көк аспанында бейбітшілік, тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: