Шығарма: Тәуелсіз мемлекетімнің жарқын болашағы

Шығарма: Тәуелсіз мемлекетімнің жарқын болашағы

Сапарова Аймекен
Н.Г. Иванов атындағы орта мектебі, 10сынып
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосы
Жетекшісі: Мырзағалиева Фарида Шамбыловна

Жаутаңдап қарап дала тұр, ,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Сырбай Мәуленов
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімнің болашағы жарқын. Келешек ұрпақтың ұйқысы тыныш, тамағы тоқ, киімі көк. Әр қазақ баласының бал- бұл жайнаған жүздерін көреміз. Аллаға шүкір, уайымсыз ,бейбіт өмір кешудеміз. Алайда, осы бейбіт өміріміздің қалай келгені, қаншама қан төгілгені туралы жадымыздан шығару мүмкін емес.
Осыдан 75 жыл бұрын жер бетін шарпыған сұрапыл Ұлы Отан соғысы келді. Халқымыздан береке қашып, тыныш ұйқымыздан айырылдық. Бұл соғыс қаншама жас қазақ жігіттерінің өмірін қиды. Қаншама ананы баласыз қалдырды, қаншама бейкүнә сәбиді асқар тауы әкесінен айырды. Қаншама нәзік жанды қыздарымызды сүйгендерінен айырды. Әрине, қайтып келгендері де болды. Бірақ, оларда саусақпен санарлықтай еді. Отанына келген жауынгер батырлардың басым көпшілігі мүгедек болды.
Міне, осылайша Ұлы Отан соғысы қазақ халқының тарихында өшпес орын қалдырды. Неміс фашистерінің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Фашистер мақсаты жер бетін отарлап, билік құру еді. Тыныш өмір кешіп жүрген халықтың берекетін алған фашистер жоспары іске аспай, өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақтан атсалысты. Б.Момышұлы атамыздың ерлігі тарихта өз ізін қалдырды.
Ә. Молдағұлова, М. Маметова, Т. Бигелдинов, М. Ғабдуллин секілді батырларымыздың көрсете білген ерлігі зор. Бірақ, бір өкініштісі отанымызды қорғаған ардагерлеріміздің күннен күнге азайып бара жатқаны. Мына бір Мұқағали атамыздың өлең жолдары жүрегімді тебірентпей қоймады. Б.Момышұлы атамыздың ерлігі тарихта алтын әріппен із қалдырды. Ә.Молдағұлова, М.Маметова, Т.Бигелдинов, М.Ғабдуллин секілді батырларымыздың көрсете білген ерлігі зор. Бірақ, бір өкініштісі отанымызды қорғаған ардагерлеріміздің күннен күнге азайып бара жатқаны. Мына бір Мұқағали атамыздың өлең жолдары жүрегімді тебірентпей қоймады.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр
Ардагерлеріміздің жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға татпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да, бұл- Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастардың аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған және қамқор болып отырған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та, тарих ешқашан ұмытпайды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Тәуелсіз мемлекетімнің жарқын болашағы туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Тауелсиз мемлекетимнин жаркын болашагы на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Тәуелсіз мемлекетімнің жарқын болашағы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]