Шығарма: Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз

Шығарма: Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз

Бустекбаева Аружан
6 сынып, Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі
Қостанай обл., Аманкелді ауд., Қарасу ауылы
Жетекшісі: Баймолдина Алмагүл Дулатқызы

Адамзат тарихында қайғылы қара уақыттың біріне «Ұлы Отан соғысын да қосуға болатынына да ешбір күмән жоқ. Бауыржан Момышұлы ағамыз айтпақшы «Соғыс-өмір мен өлім арасындағы қыл көпір» атты сөзі бұл уақытқа сынды теңеу болатыны рас.Басталған күнінен аяқталған сәтіне дейін Ұлы Отан соғысының ауыртпалығы қанды майдандарда дүние салған жандармен-ақ өлшенер. Тарихтың қара беттеріне жазылғандай бұл оқиға барысы 1941 жылдың 22 маусымында таңның маужырап тұрған тыныштығын бұзған болатын. Ол неміс фашистерінің тарапынан бүкіл адамзатқа қасірет әкелген «Ұлы Отан» соғысының басталған күні болғандығы айғақ. Дүние жүзіне апат әкелген бұл соғыс 1418 күн мен түнге ұласты. Соғыс мәселесіне қарсы Қазақстанның барлық жерінде фашизмнің зұлымдығын айыптайтын жаппай халықтық митингілер өтті. Сол сияқты жаппай қарсы іс шаралардың бірі біздің Торғай облысы (Қазіргі Қостанай обл.), Аманкелді ауданында өтіп, Отан қорғауға аттануға көптеген азаматтар өз еркімен тілектерін білдірген болатын. Осы сұрапыл соғыста даңқты халық батыры Амангелді ауданының азаматтары ерліктің небір жанқиярлық үлгілерін көрсетті. Олар майдан далаларында жаулармен арыстанша айқасып, жолбарысша жұлқысты. Жан алып, жан беріскен сұрапыл соғыста ата-баба ерлігін одан әрі жалғастыра білді. Олардың көбі майдан далаларында шаһит болса, енді біразы елге мүгедек және біразы дін аман болып оралды. Отанға оралған соң бейбіт еңбекте ерліктерін кеңінен жалғастыра білді. Қай салада болмасын қызмет атқара жүріп, халықтың көңілінен шықты. Әрине, олардың бәрін түгендеп шығу мүмкін емес. Ең бастысы олардың қай-қайсысының болмасын есімдері еліміздің есінде болуы парыз болса, ерліктері ұрпаққа ұлы өнеге болатыны мақтаныш! Олардың ерекше ерлік көрсеткендері Батырбеков Тайжан және менің мақтан тұтар атам Наурызбаев Бөстекбай Абламбайұлы. «Ұлы Отан» соғысына қатысқан әрбір азамат батыр болғандықтан, туған жерін, өскен өңірін білуі меніңше әрбірімізге міндет.
Батырбеков Тайжан. 1910 жылы Қайыңды ауылында туған. Аманкелді орта мектебінде оқыған, Ақөткел бастауыш мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген, Қостанай қаласындағы совпартшколдан Аманкелді аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы, дайындау мекемесінде қызмет істеп, 1942 жылдың қазан айында Сталинград түбіндегі соғысқа қатынасады. 1943 жылдың қаңтар айында қоршауда қалған жаумен болған ұрыста жараланып, госпитальға түсті. Үш ай емделіп, қайтадан Орлов бағытындағы майданға жіберілді. Купекі доғасындағы болған қантөгіс шайқаста ауыр жарақаттанады, госпитальда бір аяғынан айырылады. Емделгеннен кейін елге оралады. Соғыс ардагері «Ерлігі үшін», «Станлинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдармен, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. 1944-1966 жылдары Аманкелді аудандық әлеуметтік қамсыздандыру мекемесінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. 1983 жылға дейін аудандық жол бөлімінде кассир-есепші болып зейнеткерлікке шығады. 1992 жылдың 11 қарашасында қайтыс болған. Артында 3 ұл, 12 немересі мен 12 шөбересі бар. Атамның ерлігі-мен үшін үлкен мақтаныш. Ел аузында «Ақ жүрек» атанып, ел құрметіне бөленген атам Наурызбаев Бөстекбай Абламбайұлы (1918-1991жж.) сонау сұрапыл жылдары біздің болашағымыз үшін, Отанмымыздың бостандығы мен бейбітшілігі үшін жанқиярлықпен ерлік көрсеткен қазақстандықтардың қатарында ажалмен арпалысып, кеудесін оққа тосты. 1918 жылы қазіргі Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Қайыңды ауылдық кеңесіне қарасты Кеңарал деген жерде дүниеге келген.
1939 жылы әскерге алынды. Финн соғысында болды. 12-ші габицалық артийллерия полкі, 18-ші атқыштар дивизиясының құрамында Маннергейм операциясына қатынасады. Финн соғысы аяқталғаннан кейін полк дивизия құрамында Белоруссия әскери округына ауыстырылды. Ұлы Отан соғысының басталу да сол жерден болды. Жаудың басымдылығы үстем болып, көпке дейін шегінуге тура келді. Соғысып жүріп, Орша қаласының түбінде бекініске тұрды. Сол жерде соғыс құдайы «Катюша» бірінші рет жауға оқ атты. Бұл шайқаста жерлесіміз жеңіл жарақаттанып, аз күн дала госпитальінде болып, қатарға қайта қосылды. 1944 жылдың желтоқсан айында біздің армия жерімізді неміс басқыншыларынан толық босатты. Жауды ығыстыра отырып, Будапешт, Вена қалаларын алды және Балатон бағытында жауға қатты соққы берілді. Соғыстағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, І, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Будапешті алғаны үшін», «Венаны алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдармен марапатталған. Елге келген соң Мәдениет бөлімінің бастығы, аудандық жинақтау кассасының меңгерушісі, 1960 жылы «Коммунизм жолы» совхозында бөлімше басқарушысы, шаруашылық жөнінде директордың орынбасары тағы да басқа жұмыстар атқарып, зейнеткерлікке шыққан. 1991 жылы қайтыс болып, артында 3 ұл, 4 қызы және немерелері мен шөберелері қалды. Ол кісі туралы ауданымыздың ақсақал журналисті Бөгенбай Әлмағанбет кезінде облыстық газетте очерк жазып, атамның ерліктерін аудандағы қазақ қауымына паш еткен. Осылай жиырмасыншы ғасыр батырларын газет-журналдарда, кітаптарда жариялау біз үшін «тарихи мұра» екендігі анық.
Қорыта айтқанда, осы аталарымыздың соғысқа қатысқандағы мақсаты- ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы және бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Уақыт өткен сайын аталарымыздың сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олардың көрсеткен ерліктері- бүгінгі ұрпаққа өнеге! Отан сүйгіштік қасиет- әр кезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым- біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендірдің де еңбегі жоғары ілтипатқа лайық. Себебі, олар соғыс кезінде майдан шебіндегі солдаттармен бірдей қиыншылық көрді, бірдей азап шекті. Ашаршылық пен ауыртпалықты бастан кешкен олар да Жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға да бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз! Үлкен қауіп-қатер, қайғы-қасірет төнген сол бір ауыр уақытта біздің халқымыз сыңнан сүрінбей өтті. Оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлер өшпес ерлік көрсетті. Бұл тарихқа алтын әріптермен жазылды. Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс. Ұлтымыздың рухани ұлы көсемі, жерлесіміз Ахмет Байтұрсыновтың «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» деген мақал бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендер де өз соңынан ерген ұрпақты дұрыс тәрбиелеуі керек. «Отаным маған не бересің?- деп емес, Отаным, мен саған не бере аламын?!» деп өсу керек. Сонда елімізде әрқашан да бейбітшілік болады.
Себебі, ертеңгі елдің тізгінін ұстар азаматтар білімді болса, олар барлық қиыншылықтарды ақылмен шеше алатын болады. Соғыс кезінде қаншама жастар қыршынынан қиылды. Олар Отан үшін жанын пида етті. Ал олардың әрқайсысының анасы, баласы, үлкен-үлкен армандары бар еді. Бірақ олар елге қауіп төнген кезде барлығын да құрбан етті. Жап-жас болса да Отанын қорғап жан тапсырды. Бұл- шынында да ерлік болатын! Майдан шебінде жанын пида еткен жауынгерлер мәңгі есімізде қалады. Отан үшін отқа түсіп, Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз. Сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Женис сыйлаган ардагерлерге тагзым етемиз на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]