Шығарма: Ер ел үшін туады

Шығарма: Ер ел үшін туады

Біржан Азат
7 сынып, Өлеңді орта мектебі,
Қостанай облысы, Науырзым ауданы
Жетекшісі: Турмагамбетова Гульсум Сабыровна

Ерлік, Батырлық. Бұл сөзді естігенде елін, жерін қорғайтын тау – тұлғалары ер – азаматтар көз алдымызға елестейді.
Мен Өлеңді ауылында тұрамын. Менің ауылымда Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер, тыл ардагерлері бар. Олар жас болса да қиын өмірге араласып, ауыртпалықтарды бастан өткерді. Сондықтан біз оларды құрметтеп, тағзым етеміз. Біз сол ардагерлердің арқасында осындай бейбіт, тәуелсіз елде бақытты өмір сүріп жатырмыз. ..Ұлы Отан соғысы басталғанда Мұқаң не бары 13 жаста екен. Жастығына қарамай ағайындарымен өздерінің күнкөрісі үшін, бұғанасы қатпаса да өзінен кейінгі 3 бауырын жеткізу үшін, сөткесіне 20 сағат өгіз жегіп, соқа айдап, еңбек жасаған... Мен әңгімеме арқау еткелі отырған Беисов Мұқанбетқан ақсақал бүгін Қостанай облысы Науырзым ауданы, Өлеңді ауылының құрметті азаматы. Біз, мектеп оқушылары Мұқаң атамен кездесуге келгенде, ата тартымды әңгімесімен бізді баурап алды. Сөзінің соңында оқушыларға адамға 4 қасиет: оқу, білім, адамгершілік, ар – ұят керектігін баса айтып, Абай өмірін үлгі етуді және әдеби кітаптарды оқуды тапсырды. Қазақ құлағына сіңісті болып қалған қос батыр қыздың есімі кім? Әрине, Әлия мен Мәншүк. Арада алпыс жыл өткенде егіз есімге үшінші ұлы есім қосылады деп кім ойлаған? «Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды», соғыс сарбаздарының жанында жатталған сөз де осы. Ердің де ері бар, сондай еңіреген елдерден кем түспеген қазақтың үш қызы бар, олар – Хиуаз, Мәншүк, Әлия. Әдеттегі әуелі екі есімге қаһарман Хиуаздың есімі қосылып тұр.
Хиуаз Доспанова – 2004 жылы Халық қаһарманы атағын ресми түрде алғаны болмаса, жұрт Хиуазды баяғыдан біледі, батыр ретінде біледі, батыл ретінде біледі, ұшқыш ретінде біледі. Хиуаз, Мәншүк, Әлия соғыс кезінде ұлтымыз үміт артқан үш бұрышты хаттардай... Үш қыздың қолымен келешекке жазылған ерлік хаты. Үшеуінің де ерлігі ел аузында. Хиуаз Доспанова – ұшқыш. Мәншүк Мәметова – пулеметші. Әлия Молдағұлова – мерген. Үшеуі де батыр, үшеуі де жүректі. Үшеуінің басын қосып тұрған туған топыраққа деген махаббат. Үшеуі де үздік оқыған. Хиуаз орта мектепті алтын медальмен бітірген. Әлия да, Мәншүк те өте жақсы оқыған. Байқап отырсаңыз, үшеуіне ортақ қасиеттер, ортақ қимылдар өте көп. Үшеуі де майданға өз еріктерімен сұранып кеткен. Әлия мектептен, Хиуаз бен Мәншүк – бірінші курстан Отанды қорғаймыз – деп соңынан қалмай жүріп сұранып, ұрыс даласына аттаныпты.
«Ел атын ардақтайды», «Болмасаңда ұқсап бақ», – деп Абай айтқандай, балалар олардың ерліктеріне еліктейді. Мәншүк есімді елімен бірге ертеңге бастап барады. Қазақтың екі қызының бірінің есімі – Әлия. Бұл ел–жұрттың ықыласы ерекше екенін байқаса керек. Ел ықыласы сатылмайды. Әлияға арналған ерекшеліктер, мұражайлар, көшелер, мрамор тақталар да көп. Олар еліміздің ірі – ірі қалаларында Мәскеуде, Ленинградта, Ақтөбеде, Алматыда орналасқан, тіпті «Әлия» атты балет те бар. Әлияны атасақ, асқақтаған ән келеді: Қобда, Нева суларын сүйіп өскен, Әсем гүлін құшаққа жиып өскен. Аққу құстың бейне бір баласындай, Әсем сазды жастықтың күйін кешкен... Осы айтылған әндегі Әлия апамызға ұқсағысы келетін қыздар да бар. Олар тек қана солдат. Ал мен Бауыржан атамызға ұқсағым келеді. Міне, осылардың барлығы елін, жерін, еліне деген махаббатын білдірген тек қана солдаттар. Осы апаларымыз бен ағаларымыздың арқасында осындай бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Былтырғы жылы 9 мамыр күні Ұлы жеңіске 70 жыл толды. Біздің арамызда Жеңіс есімді аталары бар балалар да көп шығар. Ол кісілердің атын осы ұлы Жеңістің құрметіне қойғаны анық.
Демек, Жеңіс есімді ата да осы тойын тойлап өтті. Біз де, біздің әкелеріміз де, тіпті кейбіреулерінің аталары да соғысты көрген жоқ. Сондықтан да біз бақытты ұрпақпыз. Ал бізге бейбіт те, бақытты өмірді сыйлаған кім? Олар 1941жылы маусым айының 21 – де басталып, 1945жылдың 9 мамырында жеңіспен аяқталған Ұлы Отан соғысына қатысқан біздің бабаларымыз бен әжелеріміз. Олардың көпшілігі бүгінде біздің арамызда жоқ, бірақ есімдері мен ерліктері біздің жадымызда. «Жеңіс – ол бүкіл халықтың ерлігі» - дейді әжем. Себебі майданға нан да, ет те, киім – кешек, қару –жарақ толассыз керек болды. Осының бәрімен әскерді қамтамасыз ету үшін қарттар мен әйедер, буыны қатпаған балалар шамадан тыс еңбек етті. Соғыс жылдары сүйген жарынан айрылып, аңырап қалған әжелер, апалар жесірліктің ащы дәмін татты. Соған қарамастан, отағасына деген аяулы махаббатын сақтап қалды,балаларын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірді, азамат етті, ел қатарына қосты.
Жеңіс Отан үшін мерт болған ерлердің қанымен, тылдағы аналарымыздың маңдай терімен, қажыр– қайратымен, халықтың ынтымақ – бірлігім тылда да ерлік көрсетті. Қазіргі Қазақстан тәуелсіз ел, ешқандай соғыс, терроризм жоқ. Мен болашақта жер бетінде еш елде соғыс болмасын деп тілеймін. Балалардың күлкісін әлем көркейтіп, жайнай берсін! Ел намысын қорғаған олар тек қана Солдаттар. Мәншүк (Мәнсия) үй ішіндегі бесінші бала болатын. Ата – аналары болған соң, апасының қолында тәрбиеленді. Соғыстағы пулеметінің аты «Максим» болатын.
Қолында пулеметі «Максим» оның,
Бойында күш жігері тасқан оның,
Ерлермен тізе қосып атакада,
Оғымен қырғын майдан ашты жолын – атты жолдар осыған байланысты шыққан. Атақты атқыш, құралайды көзінен ататын мерген қыз бірнеше жүздеген неміс фашистерін жер жастандырған. Невель қаласын азат ету жолында қаза тапты. Мәншүк туралы ән де көп, кино да бар. Олардағы Жәнібек ауданында, Невель қаласында батырға арналған ескерткіштер бар, батыр қыз атында көшелер де көп. Ал, ән мектеп оқушылары айтатын ән былай басталушы еді ғой:
Мәншүк апай батыр қыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
Әлияның аты аталса, көз алдымызға пилоткалы қыз келеді. Әдемі қыз, сұлу қыз, ақылды, алғыр қыз елестейді, жанарында от жанып тұр, өрліктің өті, ерліктің оты. Ата – анасынан ерте айырылып ағасының қолында тұрған. 1942 жылы өз еркімен соғысқа сұранып кетіп, снайпер Молдағұлова екі айдың ішінде жүздеген немістің ажалына жеткен. 1944 жылға дейін әлденеше ұрысқа қатысып, Псков облысындағы Казачиха деревнясын жаудан тазарту жолында қаза тапты. Батальон атакаға таң алдында шыққан болатын. Окопқа бірнеше метр қалғанда неміс зеңбіректері зіркілдеп қоя берді. Әлия қолындағы гранатасымен дәл тигізіп, зеңбірек үнін өшірді. Батальон бір күнде екі рет атакаға шықты да, келесі күні жаппай шабуылға көшті. Қар үстінде жатқан Әлия неміс жендеттерін баудай ұшырды. Ұрыстың үшінші күні басталды. Оқ винтовкасының нысана көздейтін әйнегі быт – шыт қылды, мина жарықшағы қолын жарақаттады, әйтсе де Әлия майдан даласын тастап кетпеді. Кенеттен неміс офицері Әлияның кеудесін көздеп тұрып атып, құлатып түсірді. Мерген қыз қапыда оққа ұшты. Сүйегі Тверь орманында қалды.
Олар өздерінің болашақ ұрпақтары, елім үшін, жерім үшін жан пида деп өз қандарын төкті. Дала қызыл қанға боялды. Қанша адам жараланды, қанша адам жер құшты. Сондықтан біз ардагерлерді және олардың ерліктерін ұмытпауымыз керек. Жеңіс мерекесі - бұл әлемде теңдесі жоқ елдік пен ерліктің, ержүректік пен батырлықтың, батылдық пен қаһармандықтың мерекесі. Бұл халқымыздың мызғымас бірлігінің, беріктігінің арқасында келген қуаныш пен шаттыққа толы мереке болмақ. Мен болашақта өз елімнің патриоты болғым келеді. Біз, жас жеткіншектер еліміздің болашағын дамыту үшін жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен ата – аналарымызды қуантамыз, елімізге қызмет жасаймыз.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Ер ел үшін туады туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Ер ел ушин туады на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ер ел үшін туады

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]