Шығарма: Елге қауіп төнбесін

Шығарма: Елге қауіп төнбесін

Адилова Ақниет
5- сынып, №1 орта мектебі,
Қостанай облысы, Таран ауданы.
Жетекшісі: Қабылдина Мақпал Досымбайқызы

Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді жеңген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн.
Қадыр Мырза Али
Ұлы отан соғысы... Не деген ауыр сөз. Осы сөзден біздің атабабаларымыздың қандай ерлікпен қаза болғанын көреміз. Олар елі үшін, жері үшін жан аянбай күрескен.
Фашистік Германия мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы жиырма екінші маусымда жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Сол кезеңнен бастап Ұлы Отан соғысы басталды. Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды. Бұл соғысқа алты жүз мыңнан астамы қазақ батырлары болатын. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап – ақ жауға тойтарыс беру үшін зор үлесін қосты. Соғыс жылдарында республикамызда ондаған әскери құрама жасақталды. Атқыштар, атты әскерлер қанды майданда жанқиярлық ерліктің үлесін көрсете білді. Бес жүздей Қазақстандық ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғары атаққа ие болды. Осы соғысқа қатысқан үлгі тұтарлық батыр қыздарымыз да бар. Олар: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова.
Мәншүк Мәметова мың тоғыз жүз жиырма үшінші жылы дүниеге келіп, мың тоғыз жүз қырық үшінші жылы дүниеден өткен. Ұлы Отан соғысы басталғанда Алматы медицинасында оқып жүретін. Ол бір мың тоғыз жүз қырық екінші жылы майданға өз еркімен аттанды. Мәншүк Мәметова аға сержант, ержүрек пулемётші қыз болған. Ол мың тоғыз жүз қырық үшінші жылы он бесінші маусымда Невель қаласы түбінде болған шайқаста қаза табады.
Әлия Молдағұлова мың тоғыз жүз жиырма төртінші жылы туылып, мың тоғыз жүз қырық төртінші жылы қайтыс болды. Батыр апамыз майданға мың тоғыз жүз қырық екінші жылы өз еркімен аттанады. Ол мергендер мектебін үздік бітірген. Ол атқыштар бригадасында болып, мергендігімен көзге түскен. Мың тоғыз жүз қырық төртінші жылы Новосокольники стансасы маңындағы шайқаста қазақтың батыр қызы ерлікпен қаза табады. Бір қызық дерек, осы батыр қыздарымыз көрші болған. Олар жастайынан бір – бірін таныған. Соғысқа батыр ағаларымызда қатысқан. Олар: Талғат Бигелдинов, Беда Леонид Игнатьевич, Луганский Сергей Данилович, Павлов Иван Фашл, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Сұлтан Баймағанбетов.
Бауыржан Момышұлы мың тоғыз жүз оныншы жылы туылған, мың тоғыз жүз сексен екінші жылы қайтыс болған. Бауыржан Момышұлы – ержүрек қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы.
Біз осындай ержүрек аға – апаларымыз болғанына қуанамыз. Тек осы кісілердің арқасында біз мың тоғыз жүз қырық бесінші жылы тоғызыншы мамырда жеңіске жеттік. Ал, биыл Ұлы Отан соғысына жетпіс бір жыл толып отыр. Біз соғыстан аман қалған ардагерлерімізді қадірлейміз. Сондықтанда әр жылы, әр қалада, әр облыста, әр ауданда тоғызыншы мамыр – Жеңіс күні атап өтіледі. Және осы Ұлы Отан соғысы туралы Бауыржан Момышұлы айтып кеткен сөзі қатты ұнады. Ол: ардагерлерді құрметтеп, қадір тұту керек деген.
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Елге қауіп төнбесін туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Елге кауип тонбесин на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Елге қауіп төнбесін

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]