Шығарма: Тәуелсіз елдің ертеңі
Рахметова Жанна
10 сынып, Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы Благовещенка селосы
Жетекшісі: Рамазанова Гүлшат Мүсілімқызы

Мен XXI ғасырдың ұрпағымын. Мен бейбіт, тәуелсіз елдің ертеңін жалғастырушы болашағымын. Осындай елде жас ұрпақ алаңсыз еш қайғысыз, азат өмір сүру үшін ата-бабамның жасаған ерлігін ұмытпаймын. Үстіміздегі жылы адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толады. Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтындығы сияқты, соғыс та біздің санамызда ұмытылмас із қалдырды. Адамзат тарихындағы осы бір жойқын соғыста миллиондаған адамдар мерт болды, қаншамасы мүгедек болып қалды, миллиондаған адамдар хабар-ошарсыз кетті, тылда да халқымыз қанша қиындық көрді...
2015 жылдың 9-мамырында селомыздағы жауынгер ескерткішінің жанындағы салтанатты жиында алғаш рет ешқандай соғыс ардагері болмады. Ең соңғы ардагер бұл жиынға келе алмады, себебі денсаулығы жоқ екен. Мен өзімнің ұстазым Гүлшат Мүсілімқызы Рамазанованың өз шығармашылығынан оқыған «Соғыстың соңғы солдаты» өлеңін тебірене тыңдадым. Ұстазымның толқыған жан дүниесі, өзегін өртеген өкініші менің де жүрегімді дірілдетіп, терең ойға шомдым. «Ол кім екен? Қандай адам? Соғыста қандай жерде соғысқан?»- деген сұрақтар көңілімнен шықпады. Ақыры мен ол кісімен таныстым. Ол жайында негізгі бөлімде әңгімелемекпін.2. Негізгі бөлім: а) Ұлы Отан соғысы парақтарынан.
КСРО жеріне басып кірместен бұрын 12 мемлекет басып алған және 14 одақтасы болған жау Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықта зор майдан шебінде соғыс ашты. Гитлер «тұтқиыл» шабуылмен Кеңес елін талқандап, әлемдегі алғашқы социалистік мемлекетті құртып, кеңес адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін өз отарына айналдыруды көздеді. Бірақ, кеңес халқы тұтқиылдан шабуыл жасаған жауға қарсы тұра алды. Майданға кеткен мыңдаған ерлердің орнына барлық жұмысты ұйқысыз, ас-сусыз еңбек еткен әйелдер мен балалар атқарды. Соғысқа дейін бір сағатта істеген істерін соғыс уақытында бір минутта істеуге тырысты. Өмірдің ауыртпашылығына, қатал тәртіпке шыдамдылық танытты. Жау жағадан алған шақта елді қорғау өмірлік парызы деп білген, елін нағыз ерлерше қорғап, соғыстың лапылдап жатқан отының ішінде қаза тапқан ержүрек жауынгер Баубек Бұлқышев Отанды қорғауды азаматтық борышы деп түсінді. Небәрі 28 жастағы жауынгер «өмір сүргім келеді» деп шырылдағанда көзге еріксіз жас үйіріледі. Қанша боздақтарымыз жастайынан ажал құшты. Осының бәрі сұм соғыстың кесапаты. «Біз – кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік» - деп еліне деген шексіз махаббатын, еліне деген құрметін майдан алаңында дәлелдеген, барлық қазақстандықтар мақтанышпен еске алатын қайталанбас тұлға Бауыржан Момышұлының ел үшін еткен еңбегі зор. Қолдан келместей көрінгенімен ерлеріміз майданда болғанда кез келген батырды қайыстыратын жүк көтерген нәзік жанды әйелдер болатын. Олар өздеріне жеңілдік талап етпестен жауынгерлермен бір сапта тұрды. Осындай ержүрек қыздардың арқасында жауынгерлеріміз рухтанып, күш-қуат алды. Осындай рухты қыздарымыз Әлия мен Мәншүк есімі осы күнде ерліктің нышаны. Қос аруымызды ерліктің қос қанаты деп біліп, әнге қосамыз.
Благовещенка селосындағы соғыстың ең соңғы солдаты
Кіріспе бөлімде атап өткендей мені осы шығарманы жазуға қанаттандырған ауылымызда қалған соңғы ардагері Николай Дмитриевич Пономаренко болатын.Денсаулығы төмендеген, төсекте жатуы көп Николай атамен көп сөйлесе алмадым. Дегенмен шамасы келгенше өткен өмірінен біраз сыр шерткендей болды.
Николай Дмитриевич 1920 жылы желтоқсан айының 14-і күні Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы ( қазіргі Жамбыл ауданы) Благовещенка селосында дүниеге келген. Балалық шағындағы қызғылықты оқиғаларды айтқан кезде көзінде нұр ойнап, қуанса, жоқшылық көрген қиындық кезді айтқанда тұнжырап қалып отырды.
Соғыс басталған кезде Николай Дмитриевич Белоруссияда әскери міндетін атқарып жүрген еді. Николай ата көптеген елдерді фашистерден босатуға ат салысқан: Польшаны, Чехословакияны, Венгрияны, Югославияны. Кейін Берлинге де жеткен. Соғыстан аман қалып, 1946 жылдың мамырында 26 жасында ауылға оралады. Николай ата соғыста жасаған ерліктері үшін көптеген медальдармен марапатталған. Атап өтсем: «1941 – 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңу» медалі; «1941 – 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы женіске 40 жыл» медалі; «Қарулы күштерге 60 жыл» медалі: «Еңбек ардагері» медалі; « ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордені « 1941 – 1945 ж.ж. соғыс ардагері» белгісі; Кеңес Үкіметінің маршалы Жуков Г.К. медалі; 2014 жылы Белоруссияның « Белоруссияның неміс-фашист жаулап алушыларынан босауының жетпіс жылдығына» атты медалімен марапатталды.
Соғыстан қайтып келген соң «Благовещенский» кеңшарында мал шаруашылығының есепшісі болып, жұмыс жасының соңғы он жылында бас бухгалтер болып қызмет істеген. Соғыстан кейін бейбіт өмірге құлшына кірісіп еңбегін жалғастырған ардагер жұмыс орнында еңбексүйгіштігімен, мейірімділігімен ерекше көзге түскен. Облысымыз бойынша соғыс жылдары әскер қатарына 74207 адам шақырылған болатын. Соның 7638-і біздің ауданымыздың тұрғындары. 32 мың жауынгер орден, медальдармен наградталған. Екі жылда облыс тұрғындарынан қорғаныс қорына 29 миллион 574 мың жинаған. Баян ауылының тұрғыны қорға 60 мың теңге қосқан. Облыс зауыттарында гранат, бомба, «Катюша» үшін снарядқа дейін шығарылған. 31 азамат Кеңес Одағы Батыры, 6 адам Даңқ орденінің үш дәрежесімен марапатталған.
Соғыс- уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап. Қазіргі таңда жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күнненкүнге азаяда. Олардың тірі қалғандары, Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері, өкінішке орай, саусақпен санарлықтай... Ел қорғауға ат салысқан ардагерлерді қанша марапатпен марапаттаса да артық емес. Ардагерлеріміз қасық қаны қалғанша соғысып, елін қорғады. Оның бәрі Отан үшін, біз үшін. Біз соғыссыз, бейбіт елде өмір сүруіміз үшін олар жандарын берді. Ендігі кезек бізде. Өзі де аз қалған батырларымызға қамқорлық көрсетейік.
Жеңіс! Жеңіс! 1945 жылдың 9-шы мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіген отандастарымыздың қуанышында шек болмады, жер жүзі халықтарының қуаныштан жүректері лүпіл қақты. Біз, жас ұрпақ, атабабаларымыздың даңқты ерлігін ұмытпауға тиіспіз. Жандарын қиып жаумен айқасқан ерлеріміз аса жоғары құрметке лайық. Тек қана 9 мамыр күні құттықтамай, басқа күндерде де бізге егемендік сыйлаған азаматтарымызды еске алып отырғанымыз жөн. Біздің арманымыз жер бетінен соғыс деген сөз мәңгілікке жойылса екен.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: