Шығарма: Соғыс - адамзат үшін ең сұрапыл қырғын
Кайрушева Динара
9-сынып оқушысы, Солтүстік Қазақстан облысы
Пәні мұғалімі Кажикенова С.А.

«Қасиет - күші ұлы Отанның, Қасиетін бер қыран құстың! Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың!»-деп ақын да батыр Қасым жырлағандай, қаншама жауынгерлер Ұлы Отан соғысы тұсында бар ашуызаларымен елін, Отанын неміс фашистерінен құтқаруда еш аянбады. Соғыс – бұл миллиондаған адамдардың өмірін қиған кесапат, адамзат үшін ең сұрапыл қырғын. Ол бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген керемет ерліктерге де, адамның жанын ауыртар қатыгез қасіретке де толы болды. 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы халықтың алып тұлғасын танытқан үлкен сын еді. Осы соғыс қаншама қазақстандықтардың бастарын ажалға тіккен, отбасыларын күйреткен, ата-анасын зар илеткен, жесірін жылатқан, жетімін тентіреткен жайтты алдымызға жайып салды. Міне, осындай соғыс зардабын менің әулетім де бастан кешірген екен.
1941 жылы соғыс басталған кезде менің ұлы атам Есенғали Жақыпов Таманбай елінде колхозшы болып еңбек етіпті. Өмірге келген алты баласының төртеуі, жан жары ауыр науқастан көз жұмғаннан кейін екі баласы, яғни менің атам Қайрош пен ағасы Қалымбекті туған ауылы Егіндіағашқа алып келіп, өзінен бірнеше жас үлкен Батиқа апамызды әйелдікке алыпты. Ондағы ойы – жас балаларыма пана болып, осы шаңырағымның түтінін түтетіп отырар деген ой болса керек. Шынында да атамыз Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегі алынып, майданға аттанып кетеді. Бірі – 9, бірі- 13 жастағы екі балапанын Батиқа апамызға аманат етіп тапсырады. Батиқа апамыз Есенғали атамыздың осы аманатын орындап, екі атамды да адал, қайырымды азаматтар етіп өсірген екен. Ал балаларының есейген, ержеткен сәттерін көруді атамыз Есенғалидың маңдайына жазбапты. Соғысқа Сталинград майданында кірген ұлы атам барлаушы болыпты. Оны елге, балаларына жазған хаттары дәлелдейді. «Күндіз ұйықтап демаламыз, түнде «тіл» әкелуге барамыз» деген ғой. Осындағы «тіл» дегені немістер қоныстанған деревняларды түнде бақылап, шамалары келсе жауларын, жазбаларын қолға түсіріп өз командирлеріне жеткізу болған екен. Атам қан майданда жүріп, Отан үшін, Жеңіс үшін біршама істер тындырғаны бүгінгі күні біздерге, ұрпағына белгілі. Отан алдында да осы еңбектері еленіп, наградаларға ұсынылған. Әйтсе де еліне деген, екі балапанына даган сағыныш оты кезекті бір барлау барысында маздап жана алмай, атамыздың ауыр жарақат алып, сол жарақаттан тіл тартпай қаза болуына ұласқан-ды.
Осылай 1943 жылы елде қалған апамыз бен екі бауыр қара қағаз құшып қалған екен. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер туралы ескерткіш кітапта – «Боздақтар» жинағында менің ұлы атам жайында «1941 жылы Айыртауда алынып, 1943 жылы шілдеде майданда қаза тапқан» деп жазылған. Атам Қойрош әкесі Есенғали атам туралы естелік айтқанды ұнатушы еді. «Көзі ашық, екі иығына екі адам мінгендей жалпақ жауырынды, ұзын адам болатын» деп суреттеген сәттерде менің көз алдыма батырлар жырындағы Алпамыс, Қобыланды бейнелері елестейтін. Қазір ойлап отырсам, атамның әкесіне деген сағынышы осындай елес-естеліктер арқылы ғана бойымызға тараған екен. Қаршадайынан анасынан айрылу, одан қала берді әке құшағына, ақыл-өсиетіне тояттанбау деген қандай қиын жайт. Міне, сұм соғыстың қасіретін менің ата-бабаларым осылай шеккен екен. Өзінің бауыр еті-балаларын қалдырып, Отан үшін деп қан майданға аттанып, елі үшін жанын қиған ұлы атамның ерлігі, расында да, Ұлы Ерлік деп айтуға тұрарлық. Әр жауынгердің атойлап жауға қарсы қайыспай жасаған өрлігі, батырлығы Ұлы Жеңісті жақындатқан ғой. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысында неміс фашистерді жеңіп, 9 мамырда Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев, Алматыда жасақталған генерал Панфиловтың 316 атқыштар дивизиясындағы жауынгерлер сияқты менің ұлы атам Есенғали Жақыповтың да Отан үшін деп атой салғаны, алғы шепте болғаны, Сталинград түбінде болған қиянкескі ұрыста өз ерлігін көрсеткеніне мен, шөбересі бүгінгі күні ерекше жүрегімді қуаныш кернеп мақтан етемін. Мақтаныш-лебізімді өлең жолдарымен өремін.
Жеңіс оңай келген жоқ,-
Ол үшін қанша жауынгер
Төсін оққа төседі.
Солардың бірі – ұлы атам,
Өз үлесін қосқан Ер.
Осы аталар ерлігін
Өлең қып мен де жырлаймын.
«Отан» деген ұлы сөз,
Оларға болды ұрандай.
Әрқайсысы атойлап,
Жауға атылды қырандай.
Сол себепті бүгінде
Баршамыз бейбіт-тірлікті
Кешудеміз аянбай.
Аталар жасаған Ұлы Ерлік –
Мәңгілік Елге бол - тірек
Жаса Жеңіс елімде,
Бейбітшілік болсын төрімде!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: