Шығарма: Бір үзік жас
Жеңіс Жанерке
7 сынып оқушысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Солтүстік Қазақстан облысы.
Жетекшісі: Досмагамбетов Абусагит Ахметбекович

1945 жыл мамырдың 9-ы неміс фашист басқыншыларының тарихта Ұлы Отан соғыс деген атпен қалған соғыста қайта бас көтерместей болып жеңілген күні. Бұл жеңіс бұрынғы совет одағы халықтарының «Барлығы – майдан үшін, барлығы – жеңіс үшін!» деп жанқиярлықпен шайқасқан Ұлы ерлігінің арқасында жеткен жеңіс. Бұл қырғын шайқасқа Шұқыркөл ауылынан 125 адам аттанған. Соның ішінде соғыс даласында 62 адам қалып, 63 елге аман оралды. Бүгінде елге оралған 63 адам да о дүниелік болған. Сол, сұм соғыс ауыртпалығын көрген жандардың бірі Екпін Әйіпұлы Кеншінбаев. Екпін Әйіпұлын әңгімеге тартпақ болып, үйіне бет алдым. Сексенді алқымдаған, әлі де тың қартты үй ауласындағы орындық үстінде жолықтырдым. Қайратты жүзінде аздаған әжімнің ізі көрінгенмен, жүзі жылы, көзі өткір қария мені жайдарлы қарсы алды. Күрсініп алып, орнынан тұрды. Үйге беттедік. Үйге кіріп жайғасқаннан кейін, соғыс жайлы айтуды сұраған менің сұрағыма қарт ойланып барып, ойлы көзімен алысты шолып, соғыс салған жара есіне түсті ме екен бір күрсініп алып, әңгімесін бастады. Соғыс басталған жылы мен небары 6 жастағы бала едім. Әкем Әйіптен Екпін, Жеткін деген екі ұл қалған. Інім қызылша ауруына шалдығып ерте қайтты.
Әкем соғыстан оралмады. Мен ағайын-туыстың арқасында ер жеттім. Тағдырдың тәлкегімен шешем мені ағайынға тапсырып, өзі тұрмысқа шығып кетті. Менің өсіп ержетуіме ерекше үлес қосқан Ысқақ ағам. Әкемнің туған ағасы. Өкініштісі сол ағам да өмірден ерте озды. Қария соғыс салған жараны былайша баяндады. Тағдыр біздің балалық шағымызды соғыс өртінің ауыртпалығына тап келтірді. Ауылда қалған қариялар мен аналарымыз, ес білген балалар шаруашылық жұмысына араласты. Таң сәріден тұрып, кеш жатып, дала қостарына түнеп өз еңбектерімен жеңіске үлестерін қосты. Әкем соғысқа 1942 жылдың көктемінде аттаныпты. 1942 жылы күзде Смоленск бағытында болған арпалыс соғыс кезінде қаза тапқан. Тағдырдың жазуы болар, менің қайын атам Қапан менің әкеммен соғысқа бірге аттанып, бір бағытта соғысқа кірген. Біздің әскерлер уақытша шегінгенде, пулеметші әкемді жауды бөгеу үшін тосқауылға қойып кетіпті. Қайын атамның айтуынша екі күн өткен соң жауды қайта шегеріп тойтарыс бергенде, әкемнің жатқан орнында не пулемет, не өзі жоқ болған. Міне, содан әкем хабар-ошарсыз өлділер қатарына енген. Қайын атам елге аман-есен оралып, 90-ы жылдарға дейін өмір сүрді. Менен көмегін аяған жоқ. Қызы Күлкән екеуміздің аяқтан тұрып кетуімізге көп көмегін тигізді.
Сегіз жасымда өгіз айдадым. Егіс басынан қырманға астық тасыдық. Арба үстінде ұйықтап қалған сәттерім де болды. Бір ізбен жүріп үйренген өгіз, қырман басына келіп өзі тоқтайтын. Егіс басында кешкілік ауылда қалған қарттар, аналарымыз, біз секілді балалар жиналып, от жағып, бидай қуырып қариялар ас пісіріп, мәз болатынбыз. Әйелдер қосылып ән айтып, шер көңілді көтеретін. Сол кезде еңбек еткен қариялар мен аналардың, балалардың бірақ арманы болатын, жеңіс күнін көру. Сол күнге де жеттік. 1945 жылы егін себу науқаны басталған шақ. Біз дала қосында едік. Қосқа ас ішуге кіргенбіз. Даладан бір қатты айқай естілді. Жүгіре шықтық. Соғыстан жараланып елге оралған ағаларымыздың бірі екен. Ат үстінде тұрып «Жеңіс! Жеңіс!» - деп айғайлап тұр. Бұл күн менің есімде мәңгі қалды. Қуанған кәрі-жаста ес қалмады. Ауылдан бір ешкі әкеп сойып, мәре-сәре болдық. Соғыс бітісімен, соғыс солдаттары елге орала бастады. Біз, балалар соғыстан аман оралған ағаларымыздың жанынан шықпадық. Есімде қалғаны Қапар деген ағамыздың әңгімесі. «1943 жылы көктемде қолға түстік. Оқдәріміз таусылып еріксіз берілдік. Екі жылға тарта жау қолында шықпа, жаным шықпа деп өлместің күнін кештік. 1945 жылы наурыз айында бізді лагерьден айдап шықты. Ұзын қарасы екі мыңға тарта адамбыз. Әр ұлттың өкілдері. Менің жанымда екі қазақ жігіті болды. Бірі Ақтөбелік, екіншісін ұмыттым. Арамызда сөз шықты. Бізді атуға апара жатыр деген.
Тағы да бірде алдымызда қалың орман бар соған кірген кезде қашамыз деген сөз тарады. Бір-бірімізбен ақырын сөйлесіп келісім жасадық. Орманға кірісімен жан- жаққа бытырай қашуға. Әлден уақыттан соң айғай шу басталды. Жанымдағы екі жігітпен мен де орманға кірдім. Бұл оқиғаны айтып жеткізу қиын дейтін ағамыз. Иттердің арсылы, пульемет, автоматтың тарсылынан құлақ тұнады. Қанша жүргеніміз белгісіз, демалуға тоқтадық. Артымыздан анда-санда автоматтың үні естіліп тұрды. Қас қарайған шақ, тағы біраз жүріп, түнеуге жайғастық. Әбден қажып, титықтаған біз ұйықтап кетіппіз. Автоматтың даусы жақыннан естілді. Орнымыздан тұрып тың- тыңдап едік. Немістердің даусы естіле бастады. Бұқпантайлап алға қарай жылжыдық. Бізді байқап қалды ма екен, оқ біздің жаққа қарай борай бастады. Артымда келе жатқан бір жігіттің «алла» деген даусы құлағыма естілді. Қарасам, құлап барады екен. Біз екеуіміз тоқтамай алға жылжып келіп, бір ағаштың түбіне тыныстадық. Автоматтың даусы тағы естілді. Артымызға қарай лап отырғанымыз сол еді. Қасымдағы жігіттің басынан қанғыған оқ болар дәл тиді. Сөйтіп, мен екі жолдасымнан да айырылдым. Екі күн орман арасында жалғыз жүріп, тірі қалған өзім секілділердің төртеуін жолықтырдым. Кейін өзіміздің әскерге кездесіп, елге аман оралдым. «40 жыл қырғын болса да, ажалсыз өлмейді» деген осы болар деуші еді ағамыз.
Аздаған үнсіздіктен кейін, қарт әңгімесін қайта жалғастырды. Жастай жұмысқа араласып, бұғанамыз еңбекпен қатайды. Соғыс бітісімен жазғы демалыс уақытында колхоз жұмысына араластық. 1956 жыл мектеп бітірген соң ауылда колхоздың малын бақтым. Мектепті біз кеш бітірдік. 1957 жылы Петропавл қаласына ет комбинатына қойды жаяу айдадық. Сол жылы еңбек озаты атанып, Москваға бүкіл одақтың ауыл шаруашылығы көрмесіне барып қайттым. Әскер қатарына алынып, үш жыл әскери міндетімізді абыроймен атқардым. Жас кезімнен сурет салуға бейім едім. Әскерде полк суретшісі болдым. Елге оралған соң алғашқыда мектепте сурет сабағынан кейіннен әскери дайындық пәнінен сабақ бердім. Қырық жыл абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шықтым.
Тағдыр маған өмірдің ауыртпалығын көп салды. Соғыс салған жарадан жазылдым ба? - деген шақта, жасы қырыққа толмай жан- жарым өмірден озды. Үлкен ұлым Қанат та қайтпас сапарға ерте аттанды. Алты баланы өсіріп жеткіздім. Қазір құдайға шүкір немере, шөбере сүйіп отырмын. Қабырғаға көзін қадаған қария кестелі орамалға бекітілген, ағашпен көмкеріліп, әйнекпен беттелген, ақ құба жүзді, келбетті отыздар шамасындағы азаматтың бейнесін көрсетіп, бұл менің әкем. Кестелі орамал анамның көзі.
Сурет әкемнен қалған жалғыз естелік деді. Төмен қарап үнсіз қалған қарттың жанарына көзім түскенде, үзіліп түскен бір үзік жасты байқадым. Әке мен анаға деген сағыныштан үзіліп түскен жас болар- ау деп ұқтым. Өткен өмір жолдарынан естелік айтып, маған ақ батасын берген қариямен қоштасып шығып кеттім. Мектепке қарай келе жатып «Тірі шежірелер» аман болыңдар деп іштей қайталай бердім.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: