Шығарма: Жеңіс туы желбіре мәңгі бақи

Шығарма: Жеңіс туы желбіре мәңгі бақи

Тайжан Гүлнар
Жамбыл облысы Байзақ ауданы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі 9 сынып оқушысы
Жетекшісі: Тураева Айымгүл

Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп,зұлымдықтың сөнді түні.
1941 жыл... Сол бір сұрапыл соғыстың басталуы Гитлердің бейбіт келісім шартты бұзып, тұтқиылдан тыныш жатқан елге шабуыл жасауынан басталды. Соғыс кенеттен басталғанымен Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы алғашқы күннен бастап-ақ жұдырықтай жұмылып,тірлік етті. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа аттанды.Олар еліне жеңіспен оралатынына сенді. Сол үшін бес жыл бойы күндей күркіреген соғыста-мың төрт жүз он сегіз күн мен түндерде бүкіл ерік-жігерімен тек Жеңіске ұмтылды. Соғыс оңай болған жоқ, ешкімге жақсылық әкелген жоқ. Сол бір Жеңіс жолында миллиондаған адамдар мерт болды.Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар өз алдына босып кетті. Ешкім де,ештеңе де ұмытылмақ емес! Соғыс - күйретуші күш.Күнді түн ететін,гүлді күл ететін.Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жұлып,жалмап жұтатын тажал.Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кздегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін,тарихта мәңгі қалатын күн.Тарих беттері сол отты жылдармен толысады.Ол біздің тарихымыз,ол біздің өткеніміз.
Соғыс адам баласы үшін ең үрейлі,ең қорқынышты сөз.Өйткені,соғыс атаулы адамзатты қырып жоюға бағытталған.Қарапайым халыққа қасірет туғызған,қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді.Ана баласымен,балалар әкесімен,тіпті кей ата-ана қыздарымен қоштасты. «Отан үшін отқа түс күймейсің» - деген ата-бабамыз. Отан үшін қырдағы қойшының өзі қолындағы таяғын тастап,қару ұстады. Ойдағы тракторшы,комбайыншылар көліктерінен түсіп,танкіге мінді. Ол кезде бүкіл халық солдат болды. Бәрі де еркіндік үшін,ел үшін,жер үшін шайқасты.Сол жылдардың бозбала, бойжеткендерінің алдына қойған мақсатміндеттері,асқақ армандары бар еді... Бірақ,олар ел үшін оның бәрін ұмытып, жауды жеңуді міндет етіп, еркіндікті аңсады. Сол кездегі жастардың ел еркіндігі үшін қосқан үлесі телегей-теңіз. Ата-бабаларымыздың жанымен, қанымен, көз жасымен, терімен, күшімен,ісімен,ерлігімен,еліміздің туын жықпай,анамыздың намысы үшін туған жердің топырағын өзгеге таптатпай, жеңістің таңбасын басқан күн - Жеңіс күні.Бұл күннің жүгі ауыр болса да, халқы үшін қуаныш болған күн.
Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан екі миллион адам әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан үш жүз тоқсан төрт мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Қаншама жас боздақтардың жасы қыршын қиылды. Қанша бала жетім қалды. Қанша атаана перзентінен айырылды. Ішінде ақыны да,батыры да,әншісі де бар еді.Қауызы ашпай көктей күйінде қырқылған сол жастардың ішінде әттең, дариға-ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен.... Халықтың осындай үлкен қайғы қасіретіне Жеңіс жұбаныш болды. Халық тек Жеңіс үшін қуанды. Сондықтан бұл -Ұлы мереке.
Сол бір қаһарлы жылдары халық тас-түйіндей бекілді. Осылайша ажырамас бірлігінің арқасында олар жауға қарсы тұра білді. Отанға деген махббатының арқасында майданда кеуделерін оққа тосты. Бұл ел мен ердің жемісі. Отқа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған, қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін біз ұмытсақ та,тарих ұмытпайды.Ол - өмір заңы. Бұл Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине "бірлік". Қаншама халық бір тудың астына бірігіп,күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинрад түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті.Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық.Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді.«Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам» , - деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын сүетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады. « Ерсіз ел болмайды, елсіз ер болмайды»,-деген. Сол соғыста өзінің қайсар ерлігімен, қайратты мінезімен жауынгерлерге жігер берген бабаларға мың алғыс!
Бүгінгі таңда жыл сайын еліміз 9 мамыр – Жеңіс күнін атап өтеді. Еліміз өз батырларын ешқашанда ұмытпайды. Олардың құрметіне ескерткіштер орнатылып, мұражайлар ашылған, мектеп, көшелерге есімдері берілген. Мұның өзі бабаға құрмет, балаға міндет екенін түсінген елдің ұрпақтарының құрмет алғысы. Бүгінгі жеңіс – кешегі ел мен ердің жемісі. Ата – бабамыз үлкен азаппен алған осы бір жеңісті ұзағынан сүйіндірсін. Өткенді ұмытпайық, бұл - тарих!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Жеңіс туы желбіре мәңгі бақи туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Женис туы желбире манги баки на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Жеңіс туы желбіре мәңгі бақи

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]