Шығарма: Елі үшін еңбек еткен ерлер
Қамар Асан
Жамбыл облысы Байзақ ауданы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі 8 сынып оқушысы
Жетекшісі: Тураева Айымгүл

Екінші дүниежүзілік соғыс біздің жерімізге алапат дауылдай келгені рас. Бұл дауыл біздің есімізде өшпестей болып із қалдырды.Соғыс – халықты, елді, жерді жайпайтын өте үлкен күш. Соғыс ешкімді де бей-жай қалдырмады. Әрине , ол кезді майданда болып,жерімізді қорғаған батырлар сезінбесе, бізге тіпті елестету де қиын. Бірақ , сол сәтті көз алдымызға бейнелей суреттесек, судай аққан қан, ана қорқынышы, жастай кеткен батырлар, шырылдаған сәби, елге деген ұлтжандылық бірден еске түседі.Осындай қиын қыстау сәттерде жауынгерлерге рух беріп, күш – қайратын жігерлендіріп отыратын өлеңдер көптеп кездеседі. Солардың біріЖамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі. Өлең қазақ жауынгерлеріне үлкен күш-қуат беріп отырды. Жауынгерлеріміз осындай патриоттық тақырыпта жазылған өлеңдерді оқи отырып, рухани жағынан күш алғаны сөзсіз.
Майдан алаңында берілмей отан ұшін жанын аямаған ұл – қыздарымыз сол кездері өте көп болды. Қуаныштың бір үмітін көру үшін тек ұлдар ғана емес, қыздарымыз да ержүректілігімен, қайсарлығымен ерлерден кем түспей , соғыс майданында ерлік көрсете білді.Солардың бірі – Әлия Молдағұлова. Әлия апамыз майданда «дәлдеп атушы мерген» міндетін атқарған . Біз үшін батырдың майдандағы ерлігі ерекше орын алады. Оның шын есімі Лия Молдағұлова болыпты. Ал,Мәншүк Мәметова апамыздың шын есімі – Мәнсия. Бұлай болу себебі, Мәншүк апамыз кішкене кезінде орыс балабақшасына барған . Ондағы кішкене орыс балаларының тілі келмегендіктен, есімін өзгертіп, оны Мәншүк деп атап кеткен екен. Бұл батыр ұл-қыздарымыз соғыс болар шақта өлімнен қорықпаған. Сол батырларымыз қазіргі күнде аз ғана қалды. Ардагерлер бүгінде біздің негізгі байлығымыз. Оларды сыйлап, құрметтеп, қолдан келгенше көмектесіп, қол ұшын беру біздің парызымыз.
Кешегі соғыс - бүгінгі азаттық. Сұм соғыс барша елге өшпестей таңба қалдырғаны рас.Бұл таңба бізге кешегіні ұмытпай,ертеңгі күнімізде аянбай еңбек етуді еске салатұғын бірден-бір сәт.Ол майдан жауынгерлеріне оңай болмады. Бүгінде сол соғысқа 71 жыл толғалы отыр. Біз бұл жеңісті талай жылдар бойы тойлап келеміз.Ұлы жеңіске арналған Тараз қаласында «Жеңіс» саябағы орналасқан.Саябақта жасанды танкілер және үйірлі аттар бейнесіндегі макеттер бар.Ал, саябақ төрінде Бауыржан Момышұлы атамыздың ескерткіші де қойылған. Мұның бәрі, әрине, біздің ертеңіміз үшін. Бұл тарихты біз сан мыңдаған ғасырлар бойы сақтап, ұмытпай, келешекке өнеге етіп ардагерлерімізді ұлықтауымыз керек.
«Жеңіс» - бұл халықтың терімен,қиындығымен,қаншама боздақтардың жастай кетуімен келген қуаныш.Бұл қуаныш қазақ еліне оңай келген жоқ. Қуаныш үшін кішкене балалар жылап, жас балалар ерте кеткен еді. Ананың бар мұңы – балаларының аман-есен жүргенін білмеу еді. Балаларының соғыс майданында оққа ұшып, жан тапсырғанын есту, әрине,оларға қиын еді. Бұл әрине біздің ойымыз ғана. Біз әлі қанша құпияның соғыс майданында қалып қойғанын білмейміз.
Біздің міндетіміз – елімізді қорғаған ардагерлерімізді ұлықтау. Кешегісіз бүгін құралмайды.
Осы Жеңістің 71 жылдығына орай өзімнің жүрекжарды өлеңімді арнағым келеді.
Сонау болған 41-дің басында,
Кетті ерлер барлығы да жасында.
Ол кездерді сөзбен айту қиын ғой,
Соғыс деген алапат бір дауыл ғой.
Ол дауыл ешкімді де жай қоймаған,
Аналары балаларын күндіз-түні ойлаған.
Сол кездері батыр ұл-қыздарымыз
Ерлікпенен Азия жерін қорғаған.
Жаза кетсек, сол жандардың жан-сырын,
Барлық ақын арнаған өз ән-жырын.
Сол жырларға бір өлеңді қосайын,
Батырларды үлгі қылу- парызым.
Бауыржандай батыр бабам,
Ерлігімен үлгі болған.
Әлия,Мәншүк апаларым,
Ерлігімен даңқы шыққан.
Кешегі ел қорғаған батырымыз,
Бүгінгі ардагерлер-қазынамыз.
Батырларым қан майданда отты кешкен,
Ей,қазақтар бейбіт күнді бағалаңыз.
Бейбіт күнге міне, биыл 71 жыл,
Ыстық термен,қиындықпен келген бұл.
Ешқашанда естен шығып қалмасын,
Қиындықтың жемісі бұл -азат күн.
Бұл өлең өз отанын жақсы көретін патриоттар үшін өте аз,әрине. Олар үшін 20 томдық кітап жазсаң да артық емес. Ашық аспанда азаттықтың ақ таңын көру үшін, біздің жауынгерлеріміз аянбай күрескен. Сондықтан да батыр бабаларымызды әрқашан құрметтеп,ардақтайық!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: