Шығарма: Жеңіс жолы жалғасады
Жұмасатова Шынар
11-сынып ,Ұштаған орта мектебі Маңыстау ауданы Ұштаған ауылы
Жетекшісі:Құлжанова А Д.

Мен оқушымын.Менің өмір жайлы толғаныстарым мен өзіндік философиям, көзқарастарым мен өмірлік ұстанымдарым әлі де қалыптасу үстінде. Дегенмен мен өткен жылы ғана 70 жылдығы тойланған еліміздің Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне шын жүректен қуанып, соғыс атаулыға бар пейіліммен лағнет айтқандардың бірімін. Себебі менің арғы атам Көмеков Нәдір осы соғыста хабарсыз кеткен. Ауылдан аттанған атпалдай азаматтың із-түссіз жоғалуы деген нағыз қасіреттің қасіреті екен. Әжеміз өзі өмірден өткенше батысқа қарап телмірумен күнін батырып, таңын атырыпты. Үзілмеген үміт, сағыныштан сарытап болған сенім, азаматын аңсаған арман көкейді тескен күдікке бой бермеген. Белгісіздік жанын жеп, тағатсыздықтың тұңғиығына батқанда әжеміз ,тіпті, соғыстан аман келгендерге қызғана, «ерлікпен қаза тапты» деп қара қағаз келгендердің жанұясына қызыға қараған. Ай, пендешілік-ай десеңізші! Өлі-тірісін білмей, сананы сансыратқан сансыз сұрақтың жауабын таппағаннан, өмірден өтті деген хабарын естіп, армансыз жоқтағанның өзі де бір ғанибет екен –ау! Сол сұм соғыстың салған жарасы,міне, 75 жылдан бері әлі сыздап келеді. Ал ,бұл жара тек біздің әулеттің ғана көкірегіне түскен жоқ еді.
Қаншама ана баласынан айрылып, аңырап қалды, қаншама әйел жарын,жастығын жоғалтты, қанша бала ботадай боздап, әке мейірімі мен ата батасынан шектелді. Жесірдің көз жасы мен жетімнің жоқтауы жер-дүниені тітіретті. Қара жердің қабырғасы қасіреттен қайысты. Ұлы ғаламның тыныштығы бұзылып, адамзаттың арына дақ түсті. Жақсылық пен жамандық, жауыздық пен адамшылық, қуаныш пен қайғы, соғыс пен жеңіс арпалысқан аласапыран шақта Ұлы Жеңіс биікке көтеріліп ,жалауын желбіретті. Рейхстагке тігілген ту болып, тұғырына тұрақтады. Батыстан бастау алып, баянды болашаққа бағыт түзеді. 71 жылдық тарихы бар Ұлы Жеңіс жолы жалғаса бергей. Тәу етер жалғыз киеміз-Тәуелсіздіктің тамыры терең, тұғыры мықты болғай. Кешесіз бүгін, бүгінсіз болашақтың болмайтынын ескерсек, «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайтыны » ақиқат.Менің атамның да ел үшін ерлік көрсеткеніне, Отан алдындағы борышын адал атқарғанына мен сенімдімін. «Белгісіз жауынгер бейітінде», «Бауырластар зиратында» сол бір маңғыстаулық қара көз қазақтың жатпағанына кім кепіл?!Олар жат жердің топырағын жастанып, туған жерден жырақта от кешіп жүріп, бүгінгі біздің тәуелсіздігіміз бен бейбіт күнімізді қорғап қалды емес пе?!
Ұлы Жеңіс бізге сонысымен де қымбат. Жауынгерлердің бойындағы Отанға деген патриотизм, туған елге,жерге деген сүйіспеншілік,ұрпақ алдындағы жауапкершілік соғыс өртін тұтатқандарға деген өшпенділік пен ыза-кекке айналып, Талғат пен Хиуаз болып көк жүзінде самғады, Әлия мен Мәншүктің пулеметінде сарнады, Бауыржан мен Қасым болып орыс орманын шарлады, Матросов пен Баймағанбетов болып дзотттың өзін жалмады. Өздері өлді,өмірлерін ұрпақтың амандығына арнады. Мен 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан, қаза тапқан, жараланған, аман келіп тылда еңбек еткен барлық ардагерлердің алдында басымды иемін. Бойымды мақтаныш сезімі кернейді. Сіздер мәңгі тірісіңіздер дегім келеді, есімдеріңіз ел жадында сақталады дегім келеді.Сіздер туған жердің төсіндегі бейбітшілік сақшысына,ел күзетіндегі сұсты тұлғаға, гранит тас мүсінге айналдыңыздар.Әрбір қала,ауылдағы ескерткіш тақтаға есімдеріңіз жазылған.
Оның ішінде менің аядай ауылым, Ұштағаным да бар. Бүгінгі ұрпақ сіздердің аттарыңызды әнге қосып, жыл сайын 9 мамырда ескерткіштеріңізге гүл шоқтарын қояды,есімдеріңізді еске алып, ерліктің алдында тағзым етеді. Елім деген ерін елі мәңгі ұмытпайтындығының айқын көрінісі осы емес пе? ! Сіздер жеңдіңіздер! Ендеше біздің де жеңілуге хақымыз жоқ. Біз де Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай дамыған 30 елдің қатарынан көрініп, әдебиетімізді,мәдениетімізді, білімімізді, экономикамызды,спортымызды,әлеуметтік саламызды, өнерімізді әлемге одан әрі таныта түсетін боламыз. Елтаңбасында көктің жүзін шарлаған Қыран бейнеленген Көкбөріден тамыр алған,барыс тектес елдің ұланы атағын аспандата беретініне біз сенеміз. Бұл сіздер қасық қандарыңыз қалғанша қорғаған Ұлы дала ұрпақтарының ата алдындағы қарызы, Отан алдындағы парызы.71 жылдық тарихы бар Ұлы Жеңіс жолының жалғастығы деген осы болар ,сірә!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: