Шығарма: Батырлардың бас идік ерлігіне!

Шығарма: Батырлардың бас идік ерлігіне!

Сейітова Арайлым
8 сынып, №1 орта мектеп,
Жезқазған қаласы, Қарағанды облысы
Жетекшісі: Абубакирова Сара Манарбековна

Соғыс берді аналарға жесірлік,
Дей алмаймыз «Санамыздан өшірдік»
Боздақтардың қаны судай төгілген
41- де көрмеді жұрт не сұмдық?
- Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан ұмтылған жоқ. «Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ондаған мың жерлестеріміз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында кеуделерін оққа тосты. Табаны күректей 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы ел басына ауыр сын болып төнді. қаншама ана баласынан айырылып қалғанымен, қанша бүлдіршін тұл жетімге айналғанымен қайғы жамылған ел-жұрт еңсесін түсірмеуге тырысты. "Бәрі майдан үшін, бірі Жеңіс үшін!" деген жалынды ұранның заңға айналған тұсы еді.талай боздақтар қанқұйлы жауға қарсы аттанды, талайы майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Соның ішінде ерекше атап өтетін халқымыздың батыр ұл-қыздары да бар. Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО бойынша 11600-ден астам адам ерлігі ұшін Кеңес Одағының Батыры атағын алса, соның 497-і қазақстандықтар, ал қазақтар 97 болды. Ұлы Отан соғысы жылдары ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық жауынгер К. А. Семенченко еді.
Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері 18 жасар Ж. Елеусізов еді. Қатарлары күн санап сиреген майдангерлердің салмағы күн санап арта түскенін де сеземіз. Отанымызды жау оғынан, дұшпан табанынан қорғаған қарт жауынгерлердің саны туған жерім Жезқазғанның өзінде де күн санап кемуде. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі күні дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш, жетістік. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Қазір Республикамыздың дүние жүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы - тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал да ұтымды тактикасының, үлкен парасат пен биік талғамының арқасында. Сондықтан біз, ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз! Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне биыл 75 жыл толады.
Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі.
Қорған болған елінің елдігіне,
Батырлардың бас идік ерлігіне!
Ұрпақтары қаһарман бабалардың,
Тәуелсіздік қамалын көрді міне!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Батырлардың бас идік ерлігіне! туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Батырлардын бас идик ерлигине! на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Батырлардың бас идік ерлігіне!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]