Шығарма: Ел ерімен еңселі

Шығарма: Ел ерімен еңселі

Сагинтаев Карим
5 сынып, «Теміртау қаласының №24 ЖББОМ» КММ (орыс тілді мектеп)Қарағанды облысы
Мұғалімі: Анарбаева Фарида Сметовна

Ел үшін аянба – ерлігіңе,
Жұрт үшін аянба –жігіттігіңе сын!
Бауыржан Момышұлы
Міне, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да – 75 жыл толып отыр! Яғни, біз 75 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні, дәл осы шаттық хабарды естіп, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының халықтары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста - 1418 күн мен түндерді, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Сонда да, Берлиндегі Рейстах қамалының үстінде Жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы Жеңіске Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен, мына – жарық өмір үшін аянбай ұмтылған үлестері мол еді. Иә, 1945 жылдан бері көп оқиға болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Елімізде түрлі күрделі оқиғалар болды. Әлемнің саяси картасында «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» мемлекеті орын тапты. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі әлемді таңқалдырып, мойындатты. Біздің қазақстандықтардың қосқан ерлік- үлестерін біз мақтан етеміз.
Аға ұрпақтың ерлігі мен әскери даңқы жас ұрпақты Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жауапкершілікке, елін қорғауға әзір болу рухына тәрбиелейді. Олардың ерлігіне тағзым етіп, бас июіміз қажет. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз оңбаған адам» деп Бауыржан Момышұлы атамыздың айтқанынан, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағандығы өз халқын сүйетіндігінен болса керек. Ер есімі – ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, құрметтейді. Біз өз аталарымыздың ерлігін мақтан тұтамыз! Өйткені, олар біздің бақатты өміріміз үшін, Отанымыздың гүлденіп, дамуы үшін - қасық қаны қалғанша күресіп, бізге Жеңіс сыйлады. Бұл, Жеңістің басты себебі, әрине, Отанға деген сүйіспеншілік, қайтпас қайсарлық, сын сағаттағы отаншылдық қасиеті. «Өз Отанын жан – тәнімен сүю – адамшылдықтың асқар шыңы»,- деп орыс ақыны Г. Белинский айтқандай, менің атам да өз Отанын жан – тәнімен сүйгендіктен Отанын қорғауға Ұлы Отан Соғысына аттанады. Шын мәнінде, мен өз атамды мақтан тұтамын!
Соғыстың кенеттен басталуы Қазақстан халқына да жойқын соққы болды. Бұл – біздің елімізге төнген үлкен қауіп- қатер, әрі сын еді. Отанымызды қорғауға жасы да, еңкейген кәрісі де аттанды. Осы соғысқа менің анамның атасы , менің үлкен атам да қатысқан екен. Ол кісі 1943 жылы соғысқа шақыртылыпты. Оларды Қарағанды қаласынан таң ата батысқа қарай ала жөнеліпті. Әрбір станцияда оларға жергілікті халық қолдарында бар тамақтарын беріп, ақ ниеттерін білдіріп , жеңіс тілепті. Барар жерге жете салысымен бірден ұрысқа кірісіп кетіпті. Ұлы Отан, қан майданда отыз жеті ай болыпты. Өйткені, атам елге соғыс біте сала оралмаған. Біз мұны атамыздың соғыс кезінде жазған күнделіктерінен оқыдық. Күнделік, атамның қызында сақталған екен. Менің бүгінгі күнде бақытты өмір сүруіме өз үлесін қосқан атамды мақтан етемін! Анығырақ айтқанда, мен нағашы бабамды мақтан тұтамын! «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар»,- дей келе, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай ата – бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашығымыз жасаған ерліктерін мәңгі есте сақтап, әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын ала алатыны және ұрпақтарға өнеге болары сөзсіз. Мәңгі Жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді ұмытпай, жүрек түпкірінде сақтаймыз!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Ел ерімен еңселі туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Ел еримен енсели на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ел ерімен еңселі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]