Шығарма: Өткен күрестер жеңісі-бүгінгі күннің жемісі

Шығарма: Өткен күрестер жеңісі-бүгінгі күннің жемісі

Лашкарев Рүстем
9 - сынып,«№14 ЖББМ» КММ Сәтбаев қаласы. Қарағанды облысы
Жетекші мұғалім: Жунусова Қаракөз

1941 жылдың 22-маусымында таңғы сағат төртте Германияның немісфашист басқыншылары елімізге күтпеген жерден ойран салды.Бұл олардың «барбаросса» жоспары бойынша іске асырған әрекеті еді.Бейқам жатқан елге тұтқиылдан шабуыл жасауы - неміс фашистерінің опасыздықтарын көрсетіп берді.1941-1945 жылдары соғыс кезінде ең көп қырылған ұлттар қазақтар болды.Еркіндік үшін, артындағы ұрпақтары үшін жалаңаш кеуделерін оққа тосты. Соғыс - адамзат баласына қасірет пен қайғы әкеледі.Соғыс - әрбір отбасының шаңырағын шайқалтып,тағдырын мүлде басқа арнаға өзгертіп жіберді.Балалары әкелері мен үлкен ағаларынан айырылды..Әйелдер сүйікті жарынан айрылып,жесір қалады.Ал жау басып алған жерлерде,тіпті қасірет үлкен.Кәрі ата–әжелер небір қорлықтарды көрді.Әйелдер мен қыздар зорлыққа ұшырайды.Ол да басымыздан өткен қасірет. Ұлы Отан соғысында ерлігімен тарихта есімдері алтын әріптермен жазылған Бауыржан Момышұлы,Талғат Бегильдинов,Рақымжан Қошқарбаев,Мәншүк Мәметова ,Әлия Молдағұлова,Хиуаз Доспанова және басқа да батырларымыз бар.Олар ешқашан ұмытылмайды.Ел қорғаған батырды ардақ тұту-Отанын сүйген әрбір азаматтың парызы.
Әрбір соғыстың салдары –шығын, оның ішінде адам шығыны.Соғысқа аттанғандар –өмірлік тәжірбиесі жоқ жас жігіттер мен қыздар.Олар Отан алдында берген антын орындау үшін қолдарына қару алды, бұйрықты орындады.Олардың елде ата-анасы, әжесі-атасы, туған-туыстары қалды.Ал соғысқа аттанғандар қан кешіп жүрді,бүгін тірі қала ма,оққа ұшама оны ешкім білмеді.Бұл соғыстың қиын жері –осы. Жауынгер өліп кеткеннен кейін оның соңынан қара қағаз баруы - атаана мен бауырлары үшін үлкен соққы болып тиеді. Бұл онсыз да жанын шүберекке түйіп жүрген жандарға қабырғаларын қайыстыратын хабар жеткенде одан бетер сұм соғысқа лағынет айтты.Соғыс барлық елге кесірін тигізді.Еңбектеген бала мен еңкейген қарияға дейін соғыстың зардабын көрді.Қайтып соғыс болмасын деп тіледі.Қаншама қазақтың өрімдей он жеті мен он сегізге толар- толмас жігіттері жер жастанды,арттарында ұрпақ та қалмады.Сол кезде мен тізерлеп отырып анасына: «Ана, жүрегіңіздегі жараны жаза алмаймын, о дүниедегі балаңызды алып келе алмаймын.Енді сол балаңыздың орнын толтыра алмасам да бір балаңыз болайын»,- дегім келеді.Кейде өзім тұңғиық ойларға сүңгіп кетемін, себебі соғыс дерті санадан өшпейді.Аққан қандарымен, қас пен көздің арасында соғысып жүрген жауынгерлер бір-бірлерінен көз жазып, жоғалып жатты.Көз ілеспей атылған оқтар,жарылған миналар,ауыр танкілер, басты айналдыратын жау самолеттері адамның берекесін кетірді.Осындай адамды мезі ететін әрекеттерден әбден қажып, қаңғыған оқтан қансырап, шаршаған күйде өлім құшып,жерленіп жатты. Оны түрлі кинофильмдерден де көріп жүрміз.Мен өзім соғыс туралы киноларды жақсы көремін. Олардың ерлікпен,табандылықпен жаулармен соғысып жатқаны маған үлкен рух береді.Айталық «Жаужүрек мың бала», «Бауыржан Момышұлы», «Қасым» көп сериялы фильмдері тамаша туындылар екені сөзсіз. Соғыстың салдары біреу. Қандай соғыс болмасын адам шығыны болады.Біздің бабаларымыз соғыс жағдайы туа қалған жағдайда,қан төкпей,бейбіт жолмен шешуді ойлаған.Көрші елдер мен қыз берісіп,қыз алған.Сол арқылы да соғыстың «қара бұлтын» сейілтіп,халқын аман алып қалған.
Әрбір саясаткердің міндеті соғысты болдырмау.Міне, сонда ғана оны мықты саясаткер деп айта аламыз.Біздің Президентіміздің де бейбітшілікті нығайту үшін қайраткерлік еңбегі зор.2013 жылы Елбасымыз «Әлемнің №1 рыцары» орденімен марапатталды.Елбасы елдегі ядорлық арсеналдан бас тартты, сынақ полигонын жапты.Көп векторлы саясатты қолдады.Ол орденді Бейбітшілік пен Келісім сарайында Қорғаныс министрі Елбасына табыс етті. Ел тыныштығын күзетіп тұрған қаншама азаматтарымыз бар.Олардың да жан-жары,балалары,туған туыстары үйінде күтіп отыр.Еліміздің Қарулы Күштері соғыс ашу үшін емес,бейбіт өмірді қорғау үшін қажет.Олар шекарада халқының тыныш ұйықтағанын қалап күзетуде.Әрине, бейбітшілік пен соғыс бір-біріне қарама –қарсы ұғым.Ал бейбітшіліктің қадірін соғыс көрген адамдар жақсы түсінеді.
Қаншама батырлар қыршын кетті.Біз тәуелсіз елдің иесі болдық,бұл олардың ғасырлар бойы аңсаған арманы ғой.Бүгінгі таңда қазақ елі осы ұланғайыр жерді жаудан қорғап қалған батырлардың есімін ардақтап жыл сайын мәртебелерін биіктете түсуде.Соғысқа қатысқан ардагерлеріміз де жылдан жылға азайып барады.Оларды құрметтеп, еткен ерліктерін ұмытпай алдарында басымызды иіп, қадірлеуіміз қажет.Барлық жағдайларды жасауымыз қажет.
Елбасы басты мұратымыз – «Мәңгілік Ел» орнату екенін айқындап берді.Міне, бүгінгі таңда «Ұлы Дала» еліне айналып отырмыз.Осының бәрі біздің тарихымыздың, батыр бабаларымыздың бізге табыстап кеткен ерлік рухынан шығып отыр.Тарихын қадірлеген ұрпақ жоспарлаған әрбір іргелі ісін ерлікпен іске асыра біледі.Былтыр Қазақ хандығының 550 жылдығын,Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтсек,биыл Ұлы Отан соғысының 71 жылдық мерейтойын,Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жылдығын атап өткелі отырмыз.Егер бейбітшілік болмаса,біз тәуелсіздікке жетер ме едік.
Біз, қазақ жастары соғыс жылдары және тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарымызды бағалай білейік.Қазақ хандығының 550 жылдығын былтыр кең көлемде атап өттік.Жаңа ғасырдағы «жасыл экономиканың жетістіктерін паш ететін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін келесі жылы өткізгелі жатырмыз.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша біздің жастар әлемнің барлық дамыған елдеріндегі әйгілі оқу орындарынан білім алады.Ғарышкерлер біздің жерімізден ұшады.Міне, жақында ғана ғарышкеріміз Айдын Айымбетов ғарышқа ұшып,елге сәтті оралды.Жуырда ғана Елбасы Жарлығымен оған «Халық қаһарманы» атағын берді.Бұл оның еліміз үшін атқарған еңбегінің бағасы. Осының бәрі –елдің ортақ қуанышы,толағай жеңісі.
Өткен күрестер жеңісі-бүгінгі күннің жемісі.Қазақ елінің қол жеткізер ауқымды табыстары әлі алда деп білемін.Себебі мақсатымыз айқын,2050 жылға дейін белгіленген стратегиялық жоспарымыз бар. «100 нақты қадам»-болашағы бар елдің ұлттық стратегиясы.
Халқымның тілеуімен келген жеңісіміз баянды болғай! Әнұранымыз әуеде асқақтап,елтаңбамыздың еңсесі биік болып,туымыз көкке шарықтай берсін!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Өткен күрестер жеңісі-бүгінгі күннің жемісі туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Откен курестер жениси-бугинги куннин жемиси на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Өткен күрестер жеңісі-бүгінгі күннің жемісі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]