Шығарма: 75 жыл — бейбіт көктем таң атқалы

Шығарма: 75 жыл — бейбіт көктем таң атқалы

Замиденов Айдар
9 сынып, С. Саттаров атындағы№57 мектеп- лицейі
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы
Жетекшісі: Медиева Перизат Ниязбекқызы

Жанынңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың
Бауыржан Момышұлы

Ұлы Отан Соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігімен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Жеңіс күнін қайсарлықпен шақас жүргізі, ерліктін сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың жыл санап азайып барады. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңіске ештенеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш әрине «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердіңортақ мерейтойы. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Кеңес Одағының батыры атанған Бауыржан Момышұлы. Найзағайдай жарқылдаған отты ой бар каһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ муддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауыржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәнгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі – ел есінде» - демекші бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталарымызды ешқашан ұмытпайық Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбітшілігімізде нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. КСРО Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен 1945 жылдың 24 наурызында ерлігі және соғыс тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін Мұқат Мұсаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен және «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды. Оқ пен от ортасынан оралған Мұқат Мұсаев Астрахан облысы Наримановск ауданы Буруны ауылында жұмыс жасап, түйе шаруашылығын меңгерді. 1954 жыл 3 мамырда өмірден өтті. Қазір Астрахан облысында ол тұрған ауылда батыр есімі көшеге берілген. Міне, ұлы жеңіске 71 жыл толғалы тұр. Ашық аспан, бейбіт өмір. Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады.Осыдан 70 жыл бұрын Фашистік Германия Кенестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Ешкім де,ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Соғыс-күйретуші күш.Дәл солай.
Барды жоқ ететін, тауды жери ететін. Жер бетіндегі тіршілік атауларының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезенді еске түсірсем. Аталар ерлігін мақтаныш тұтамын. Ия содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де,еш нәрсе ұмытылмайды. -Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі – Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы. Қазақта «Ақыл жастан, асыл тастан» деген нақыл сөз бар. Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә. Батырдың өмір жолына көз жүгірте отырып, амалсыз осындай ойға қаласың. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында дүниеге келген. Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатын бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болыпты. Бұл сол кездегі ең бір абыройлы, беделді мамандықтардың бірі. Сол кездің өзінде-ақ еңбекқорлығымен, өз қызметіне деген ынта, жігерімен, дарынымен көзге түскен жас жігітке ауаткомның хатшысы, милиция бастығы сияқты аса жауапты қызметтер сеніп тапсырылған.
Бауыржан Момышұлы әскер қатарына 1932 жылы алыныпты. Еңбекқор, іскер азаматтардың қандай да болсын істен нәтиже шығара білетіні белгілі. Баукең бойындағы мұндай қасиеттерін әскер қатарынан оралғаннан кейінгі жылдары көрсетсе керек. Осы уақытта біраз жылдар Шымкент, Алматы қалаларындағы банк саласында жемісті еңбек еткен ол, жақсылап қолға алса, өзінен тәп-тәуір қаржыгердің де шығатынын көрсеткен. Бұдан әрі қарай Баукеңнің өмірі өзінің туа біткен қасиеттерімен байланысты, яғни әскер саласындағы қызметтермен жалғасады. Яғни ол 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, қайтадан Қызыл Армия қатарына алынған. Онда жүріп, взвод, рота, командирі полк штабы бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. Ал Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-шы атқыштар дивизиясының жасақталуына атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған айқастарға қатысып, әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады. Тап осы сұрапыл соғыс жылдарында ол өзінің асқан ерлігімен, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиетімен ерекшеленіп, оның атақ-даңқы аңызға айналады. Соғыстан соң Баукең Кеңес армиясы Бас штабы жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген.
Ал 1950-1956 жылдар аралығында әскери академияда сабақ берген және түрлі әскери қызметтерді атқарған. Бауыржан Момышұлының ерлік істері мен оның соғыс қимылдары жөнінде жазып қалдырған еңбектері мен естеліктері, халық арасында «Бауыржан айтқан екен» деген әңгімелері кейінгі ұрпаққа, өз еліне деген сүйіспеншілік пен махаббатың, ерлік пен елдіктің үлгісі болып қалды. Баукеңнің ерліктері жөнінде осы уақытқа дейін көптеген еңбектер жазылды. Олардың ең танымалдарының бірі белгілі орыс жазушысы Александр Бектің «Арпалыс» («Волоколам шоссесі») повесі. Бұл кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылған. Бауыржан Момышұлы туралы шығармаларды қазақ жазушылары да көп жазды. Ол туралы түсірілген фильмдер де жеткілікті. Ал осыншама көпті көрген, белді қызметтерді атқарып, үлкен марапаттардың, атақтардың иесі атанған танымал тұлғаның өзгелерге айтары, кейінгі ұрпаққа қалдырары аз болмаса керек. Қорыта келе түйіндеген ойым, білектің күшімен, найзаның ұшымен ел қорғаған батырларымызды әрқашан жадымызда сақтап, ерлігін бағалай білейік дегім келеді. Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне биыл 75 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 75 жыл.
75 жыл — бейбіт көктем таң атқалы,
75 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста мерт болғандар оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы сыр айтады.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма 75 жыл — бейбіт көктем таң атқалы туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про 75 жыл — бейбит коктем тан аткалы на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, 75 жыл — бейбіт көктем таң атқалы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]