Шығарма: Болмасыншы еш соғыс

Шығарма: Болмасыншы еш соғыс

Жанат Аяулым
5-сынып, М.Ержанов атындағы ЖОББМ
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Нарманбет ауылы
Жетекшісі: Босалова Алтынгүл

«Соғыс» деген сөзді естігенде жүрекке қорқыныш ұялатады.Сұрапыл соғыс кімді жылатпады, бала әкесінен, ана баласынан айырған кез еді. Ұлы Отан соғысынан көптеген адамдар дүниеден өткен дегенді естігенде жүрекке оқ болып қадалады. «Мен соғысты жек көремін!» - деп, Қайрат Жұмағалиев жырлағандай соғыс ешбір жанға жақсылық әкелмегендігі хақ. Қаншама ер- азаматтар, әкелер, ағалар өз Отандарын қорғау мақсатында арттарына қарамай жұбайларының жанарына, жас сәбилердің жалтаңдаған көздеріне ерік берместен соғысқа аттанып кете барды. Олар Отан үшін артқа қарамай, тек алға қарай ұмытылды. Ұлы Отан соғысы күннен – күнге, айдан – айға, жылдан – жылға созылып өрши түсті. Сол уақыттарда қаншама қиын кезеңдерді бастан кешіргендіктеріне мойымай, қайта жаудың бетін қайтару үшін аянбай еңбек етті. Сұрапыл соғыста жүріп аштыққа да, суыққа да, қиыншылыққа да төзгендерін аталарымыздан естігенде, жаным түршігеді. Осы тұста ержүрек батырларымыздың ерен ерлігі мен қайтпас қайсарлығын аса мақтанышпен айта кетсем деймін. Кеңес Одағының батыры атағын алғандар: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы сияқты апаларымыз бен ағаларымыздың ерліктерін бағалаймын.
Біздің ауылымыздан соғысқа қатысқан аталарымыз да болған екен. Атап кетер болсам; Жұманбаев Білал, Жексенбин Боранбай, Тілеубаев Баймұқат, Балажанов Сәтенбек тағы басқа да аталарымызды білемін.Сөйтіп 1945 жылы еліміз жеңіс туын желбіреткен екен. Соғысқа кеткен ер – азаматтардың ішінде аман – есен оралған адамдар да болған. Соғысқа қатысқан аталарымызға зор және ерекше құрмет көрсетіп, еске алып отыру біздің міндетіміз. Біздің осындай бейбіт өмір кешіп жүргеніміз сол аталарымыздың өлшеусіз аққан маңдай терінің арқасында деп ойлаймын. Біз қазір бейбіт өмір сүре жүріп, осы күнге жеткенге дейінгі кезеңдерді ұмытпауымыз керек. Аталарымыздың арқасында дастарханымыз бай, Отанымыз аман, еліміз тыныш, әдемі жарық мектепте еш алаңсыз оқу оқып жатырмыз. Былтыр Ұлы Жеңіске жетпіс жыл толды. Сол жеңісті Қазақстан халқы аса зор мақтанышпен, ерекше тебіреніспен атап өтті. Арада жетпіс бір жыл уақыт зымырап өте шықты. Сол уақыт арасында көптеген өзгерістер болды. Қазіргі өміріміз күннен – күнге гүлденіп, көркейіп келеді. Заман ағымы бір бағытқа түсіп, халыққа жақсы жағдай жасалуда. Дей тұрғанымен батыр ардагерлеріміз дүниеден озса да, ерліктерін әр уақытта ұмытылмайды. Ол кісілердің ерлігі әрқашанда ел аузында сақталады. Мен болашақта бір маман иесі болып, осы аталарымыздың ерен еңбегін еске алып, Отаныма адал қызмет етемін.
Мен соғысты жек көрем!
Мен соғысты көрмегем.
Бабам айтып отырса,
Кім қасірет шекпеген.
Кім көз жасын төкпеген,
Болмасыншы еш соғыс,
Деп тілеймін мен сөзбен – дей отырып, ардагер аталарымызды ешқашан ұмытпаймыз. Олардың ерлігі бізге үлгі болады. Мен Отанымды мақтан етемін, сондықтан еліміз аман, жұртымыз тыныш болса екен деп тілеймін Болашағымыз жарқын болсын!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Болмасыншы еш соғыс туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Болмасыншы еш согыс на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Болмасыншы еш соғыс

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]