Шығарма: Ұрпағы ардақ тұтып, бас иеді рухына
Еркин Азат
9 сынып оқушысы, Д.Шалабекұлы атындағы негізгі орта мектеп
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Қантай ауылы
Жетекшісі: Амирбекова Кульзина Икымовна

Жауды жеңіп табанға сап,
Жермен-жексен еткен ерім.
Қуан,қуан, күлші сақ-сақ
Шын жеңіске жеткен елім!
Жеңіс! Бейбітшілік! Бұл қандай керемет сөздер десеңші. Бұл сөздердің астарында ашық аспан, бейбіт өмір жатыр. Бүгін біз тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешудеміз. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Фашистік идеология кеңес үкіметінде тұратын халықты саяси және нәсілдік тұрғыдан аяусыз қырып-жоюдың кең көлемді бағдарламасын әзірлеп, шабуылға шықты. Бірақ одан түк шықпады.
Қаншама халық бір тудың астынаб ірігіп, күштерін бір арнаға салды Сол кездегі Кеңес үкіметінің халқында Коммунистік партия мен үкіметтің саясатына деген наразылыққа жеткілікті негіздер болды. Бірақ қатерлі қауіп төнген кезде халық реніштерін ысырып тастады. Халықты қасіретті тағдырдың ортақтығы, елдің тәуелсіздігінен айырылу қатері, бір Отанның адамы екені, ата-баба рухы біріктірді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан –тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталып армандары орындалды. Бірақ ол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. ЖеңісжолындаОтанүшін от кешіп,миллиондағанасыл азаматтармертболды. Қазір өз алдымызға мемлекет, тәуелсіз ел болсақ та, ол кездегі Кеңес Одағы барлық халықтардың ортақ мемлекеті болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқандаОтанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен біздің халықтың ерлігі ерен деп сеніммен айта аламын. Балам, сенің бұл халқың-батыр халық. Батырлығын жауына татырды анық, - деп ақындар жырына арқау болған халқымыздың батырлығы, ерлігі қан майданда талай рет көрінді. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасып, Отаны үшін жанын қиюға әзір екендерін сөзбен емес, іспен дәлелдеді.
Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медальордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Ерліктің қос қанаты деп білемін Аяулы Әлия мен Мәншүгімді, - деп есімдерін ән-жырға арқау еткен шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімі бүгінгі ұрпаққа ерліктің ғажайып үлгісі екеніне дау жоқ. «Майданға жіберетін ешкімім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуді өтінемін» деп Алматыдағы медицина интитутының жас түлегі Мәншүк Мәметова Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен қосылғысы келетінін білдірген болатын. Жас қыздың қайтпас қасарлығы таң қалдырмай қоймайды. Сол секілді мергендігімен талай жаудың көзін құртқан Әлия есімі тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалды. Мәншүк пен Әлиядан басқа халқының абыройын асырып, елінің даңқын шығарған, от пен оқтың арасында жүріп, жаралыларды өлімнен құтқарған көптеген қазақ қыздары майдандағы ерліктеріне лайық орден, медальдармен, бас қолбасшының алғыс хаттарымен марапатталған. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаевтай,жаудың тылында партизандардың қатарында шайқасқан қазақстандық - Қасым Қайсеновтай азаматтарымызбен біз қашан да мақтанамыз. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлы мен 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.«Біз-кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол - Отанға деген сүйіспеншілік», - деп еліне, жеріне деген шексіз махаббатын, құрметін майданда дәлелдеген. Бүкіл әлемді шошытқан фашистік басқыншыларға қарсы шыққан халқымыздың біртуар азаматы, қайталанбас тұлға,атақты әскери қолбасшысы Б.Момышұлы жорық жолын Жетісудан бастап, Европаның төріне - Берлинге барып ат басын тіреді. Полк командирінен дивизия командиріне дейінгі даңқты жолды басып өтті.Ерлігін жыр қылып жырлайтын әрбір қазақ батырларымыздыкелешек ұрпақ, біз, ешқашан ұмытпаймыз деп нық сеніммен айта аламын.
Олар өлді, тек аспан сау болсын,-деп.
Олар өлді, туған жер бар болсын-деп,
Олар өлді, ақ арман сөнбесін деп,
Олар өлді, өзгелер өлмесін деп ақындарымыз жырлағандай, майдан даласында алты жүз мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Жыл сайын Жеңіс күні Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтеді. Үлкен қиындықпен, қанмен келген ұлы күннің қаһармандарын қанша дәріптесек те артық емес.Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай.
Соғыс ардагерлерін құрметтеу- біздің міндетіміз. Ел басына ауыр күн туған кезде «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып», «толарсақтан саз кешіп» бабаларымыз жерімізді сыртқы жаулардан қорғады. Ұлы Отан соғысы кезеңінде қаншама ата-апаларымыз Антқа адал болудың үлгісін танытты. Қаншама азапты күндерді басынан кешіріп, бүгінгі көгілдір аспанымызда ақ көгершіні қалықтаған бейбіт күнді сыйлады. Сондықтан ардагерлерімізді ардақ тұтып, рухтарына басымызды иіп тағзым етеміз. Олар әкелген тыныш өмірдің тұнығын лайламауға біз сөз береміз.Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы тиіс. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі күні дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен мақтаныш, жетістік. Бүгінде біздің азаматтық парызымыз – Отанымызды сүйіп, еліміздің, жеріміздің адал ұлдары болу.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: