Шығарма: Өмір мен өлім айқасы

Шығарма: Өмір мен өлім айқасы

Сыбанбай Дәурен
10-сынып «Жаңа жол» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, «Ақжол» ауылы
Жетекшісі: Абубакирова Сауле Нурбергеновна

Арпалысып жүріп алған абырой - өмірдің ең шырын рақаты.
Б. Момышұлы
Арпалыс. 1941 жылы бастау алған сұрапыл соғыс, шынында да, ұлы арпалыспен өткен еді. Бірақ, ол кезде соғыста жанын қиғандардың ешбірі абырой үшін, атақ үшін жан қиған жоқ, керісінше «Отан үшін», «ел үшін» деп, қарша бораған оққа көкірегін тосып, өлсе де оған өкінбей, Отан үшін өмірін қиып тұрып алған абыройын өмірдің ең шырын рақаты деп білді.
Қазақтың аты аңызға айналған ғазиз ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы тағы бірде:
Ежелден ер тілегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі, – дейді.
Соғыс жылдарында ерлік көрсеткен азаматтарымыздың ел тілегін тілеген, елге тірек бола білген, адал ұл болғанына ешкім күмән келтірмес.
Біздің елдің өзінен ғана жиырма миллион адам қаза тапқан Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да жетпіс жыл толып отыр. Бомбалар мен снарядтар қопарып, окоптар айғыздаған жер жарасы жазылғалы қашан. Содан бері жомарт табиғат жер бетіне жетпіс рет жасыл кілемін жайната жауып, жетпіс рет жинап алды. Жеңіс жылы туған баланың өзі жігіт ағасының жасына жетіп, самайын қырау шалды. Сол алапат соғысқа қатысып, от пен оқ өтінде жүріп, солдат етігімен Берлинге жеткендер қазір ат төбеліндей ғана. Қаһармандар қатары селдіреп барады. Емші уақыт талай қаралы көңіл мен жаралы жүрек дертіне дәру болып, қайғы-қасірет ұмытылып бара ма, қалай?
Елдің елдігі, ердің ерлігі сынға түскен екі талай қиын кезде, көк темірмен құрсанған қатыгез жаудан Отан мен халқының бостандығын, тәуелсіздігін сақтап қалған жаужүрек батырлар жөніндегі аңыз -әңгімелер, өлең-жырлар қашан, қай халықты мезі етіп еді. Тіпті, ежелгі дәуірге сапар шекпей-ақ, ұлы орыс халқының басын қосуға ұйытқы болған жыр-дастан (орыс әдебиеті пәнінен өткен) – «Игорь полкі туралы сөз», грузиндердің «Жолбарыс терілі жиһангезі», біздің Қобыланды батыр мен Ер Тарғынымыз, Қамбар батыр мен Алпамысымыз сөз болғанда, елең етіп, құлақ түре қалмайтын жан бар ма? Елдік, ерлік жайлы хикая ешқашанда ескіріп көрген емес. Өйткені6, халық әрқашан да батыр ұл-қыздарын қастерлеп, қадірлеп өткен ғой.
1941 жыл. Осы жылы таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді.
Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы, – деп ақындар жырлағандай, соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз.
Ұлы Отан соғысы – халық қаһармандарының отты шежіресі. Оның ақыл-ойының, ар-намысының, сенім-нанымының шежіресі, адам басына келген қайғы-мұң.
1941 жылы 22 маусымда басталған Ұлы Отан соғысы адамзат баласына үлкен қасірет әкелді. Соғыста миллиондаған адамның өмірі қиылды.Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты Кеңес Одағы халықтарының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен жауға қарсы тұрды. Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы атамыз, батыр қыздар Мәншүк пен Әлия, Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рахымжан Қошқарбаев, ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың ерліктерін неге ұмытамыз?! Бұлар біздер үшін үлкен мақтаныш! Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағытталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, елу миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.
Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан екі миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан үш жүз тоқсан төрт мың қазақ боздағы қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде ақыны да, әншісі де бар еді.
Сонау қасіретті жылдарда жанын құрбан еткен ата-бабаларымыз сыйлаған бақытты өмірімізді қорғау – әрбір саналы азаматтың, біздердің борышымыз.
Қан мен тер, қиылған өмір арқылы келген бостандық – тарихи шындық. Бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған ерлеріміз ешқашан да, ешуақытта естен шықпайды, ұмытылмайды. Біздер соғысты, оның сұмдықтарын, сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған ардагерлерімізді ұмытуға қақымыз жоқ. Барлығын есте сақтауға міндеттіміз. Осы орайда, Елбасымыздың «Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы жеңіс мерекесі аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке» – деген сөзі еске түседі, аспанымызды бұлт торламасын, ұйқымыз бұзылмасын, ата-анамыз әрқашан қасымызда болсын. Елбасымыз айтқандай, әрқашан тек қана жеңіс күнін тойлауды жазсын деп тілеймін.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Өмір мен өлім айқасы туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Омир мен олим айкасы на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Өмір мен өлім айқасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]