Шығарма: Менің отбасымның тарихы Шытты ауылы
Садық Алуа
7-сынып оқушысы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы
«А.Дәрібаев атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетекшісі: Дәуренбек Ұлбала

Осыдан жетпіс жыл бұрын Фашистік Германия Кеңестер Одағына соғыс ашты. Көз алдыңызға алаңсыз бейбіт күнді елестетіп көріңізші. Сол бейбіт күннің бір сәтте тас-талқаны шықты. «Соғыс» деген сөз дүниені дүр сілкіндірді, жан түршікті. Қазір сол күндер бізден қанша алыстаса да, қасіретті күннің жаңғырығы санамызда жаңғырып, ауыр ойдан жүрегіміз сыздайды.
«Ер басына күн туса, етігімен су ішер, ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер», - дегендей елдің амандығы үшін ерлер майданға аттанды. Мұздай қаруланған фашистік Германия шабуылы өте жойқын болды. Жау біздің әскерлерге әуеден құтырына шабуыл жасады, майдандардың түйіскен жерлеріне қуатты танк топтарын төкті. Солтүстік-Батыс, Оңтүстік-Батыс майдандарда жау әскеріне қарсы тұру қажыр-қайратты, күшті талап етті. Неміс-фашистері Ленинградты қоршап, Киев маңындағы әскерлерімізді қиратып, содан кейін Москваны аламыз деп жоспарлады. Фашистер Ленинградты қоршауға алды. Бірақ, Ленинград майданының құрамы, Қызыл Тулы Балтық флоты және қаланың тұрғындары революция бесігін жау қолына бермеуге ант етті. Олар анттарын абыроймен орындады. Ленинградқа қарай қаптаған немістердің танк тобы қатты соққыға ұшырап, едәуір әлсіреді. Мұның өзі ұрыстың бұдан кейінгі дамуына айтарлықтай ықпал етті, өйткені жау Ленинградты алысымен танктерді Москваға қарай қаптатпақ еді.
Ия, 1941 жыл өте ауыр жыл болды. Ленинградты қоршаған жау Москваға да қауіп төндірді. Москва түбегіндегі қанды шайқаста Қазақстанның 316-атқыштар дивизиясының теңдесі жоқ ерлігі бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. 316-атқыштар дивизиясының батальон командирі аға лейтенант Бауыржан Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Москва түбіндегі шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігімен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. Қазақ халқының ұлттық батырына айналды.
Соғыстың алғашқы айларында болған оқиғалар, әсіресе, Москва үшін болған шайқаста жеңіске жету ел басына күн туған қиын сәттерде бүкіл халық Отан қорғау ісіне жұмыла алатын күш-қайраттың иесі екенін көрсетті.
Соғыста бүкіл кеңес адамдары,еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейн ерлік көрсетті десек артық айтпаған болармыз. Олар ерлік жасамаса, жан беріп, жан алыспаса Ұлы Жеңіс болар ма еді?! Ұлы Жеңіске менің кішкентай ғана ауылым да зор үлес қосты. Мен 7-сыныпта оқимын. Менің атам Ұлы Отан соғысы жауынгерінің ұлы. Атамның әкесі майданға аттанғанда небәрі екі жаста ғана екен. «Мен есімді білмегендіктен әкемнің қалай майданға аттанғаны есімде жоқ. Соғыс басталғанда қандай кішкентай болсам, соғыс аяқталғанда соншалық естияр бала болдық. 1945 жылы әкемнен қаралы қағаз келген күн күні бүгінге дейін көз алдымда» дейтін еді.
Ия, сұрапыл соғыс кімдерге қайғы-қасірет әкелмеді десеңізші. 1941 жылы Фашистік Германия Кеңестер Одағына соғыс ашқанда осы азғантай ғана ауылдың барлық ер азаматтары әскер қатарына щақырылды. Сонда біздің отбасымыздан үш бірдей ағалы-інілі жігіттер соғысқа аттанады. Олар: атам Оразәлі Сұлтанұлы, інілері Бегалы Сұлтанұлы, Қалмұрат Сұлтанұлы майданға аттанады. Атам Оразәлі Кенигсберг түбіндегі майданға қатысып, сол қала үшін болған шайқастарға ерлікпен қатысады. Майдандағы атамнан хаттар келіп тұрған. Бір хатында: «Ауыл-аймақ аман ба? Ауылда не жаңалық? Балалар аман ба? Қазір соғыс аяқталып қалды. Аяғыма оқ тиіп, жараланып госпитальда жатырмын. Жағдайым жақсы. Қарындасым Құндыздың жағдайы қалай? Жақында соғыс аяқталып амандық болса, ауылға қайтатын шығармыз. Аман болыңыздар!»-депті. Осы жарақатынан жазылған атам, қайта соғысқа кіреді. 1945 жылдың көктемінде ұрыс даласында оқ тиіп, алты қабырғасын жарақаттайды. Операция жасайды. Атам жеңісті госпитальда қарсы алады. Бірақ жарақаты ауыр болғандықтан атам елге жете алмады, өзі қан кешіп, мұз жастанып, бес жыл зарыға күткен жеңістің қызығын көре алмады. Госпитальда қайтыс болады. Ауыр жарақатынан есін жинағанда қасындағы өзбек қаруласына өзінің амандығын білдіретін хат жазып жіберткен екен.
Ия, менің атам соғыс басталғаннан, аяқталғанша Отан үшін от кешті. Атам соғыста болған Кенигсберг қаласы қазіргі Калининград атымен танымал. Менің де атам соғыста көрсеткен ерліктері үшін талай марапаттар алған да шығар, бірақ олардан бізге жеткені азғантай ғана. Олай дейтінім, атамнан қаралы хабарды жеткізген тілдей қағазда «майданда ерлікпен қаза тапты» деген суық сөздер ғана болған екен.
Бойымды өртеп барады тигендей от Қимылдауға апырай дәрменім жоқ, Ып-ыстық қан кеудемді жуып жатыр, Қақыратып кеткен бе, қорғасын оқ.
Мақтаушы еді ұлыңды ақ берен деп,
Кім ойлаған соғысқа тап келем деп.
Гитлердің балтасы кіршілдейді,
Дүниенің діңгегін қақ бөлем, - деп Әселхан ақын жырлаған өлең жолдары есіме түседі.
Менің де атам денесіне түскен ауыр жарақатты жеңе алмады-ау, қорғасын оқ қабырғасын сөкті-ау деген ой көзіме жас келтіреді. Майдан даласы қандай сұрапыл болса, ауылда қалғандар үшін де оңай болған жоқ. Бүкіл ел аяғынан тік тұрды. Бұғанасы қатпаған бүлдіршін мен еңкейген қарттарға дейін еңбек майданынан табылды. Сол аласапыран зұлматты тойтарып, Жеңісті жақындатуға қазақтың құтты даласы қосқан үлес пен күш ересен. Азық-түлік, жылы киім-кешекпен бірге соғысқа қажетті жабдықтар эшелондармен үздіксіз тасылып жатты.
Сол кездерде атамның анасы Асылбекқызы Фатима тылда еңбек атқарды. Күндіз-түні тыным таппай, ер кісілердің жұмысын атқарды. Жалғыз өзі екі қыз, бір ұлды тәрбиелеп, балаларын жастайынан еңбекке баулып өсірді. Осындайда көзімнің алдына Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесі есіме түседі. Әкесі соғыстан қайтпаған кішкентай Аянның өксігі, әйелдер, жас балалардың күні-түні жұмыс істеуі, аштыққа, суыққа қарамауы көзге елестейді.
Менің атамның әкесі соғыстан оралмай қалған кейіпкер Аян секілді әке алақанының жылуын сезінбей өсті. Бес-алты жасынан анасы Фатиманың қолғанаты болса, он үш жасынан бастап қой шаруашылығында көмекші шопан, 1958 жылдан бастап жеке өз алдына аға шопан міндетін мойнына алды. Осы жылдардан бастап еңбек жолында жақсы игілікті істермен, табыстарымен көзге көріне бастады. Сол ерен еңбегінің арқасында қой шаруашылығын өркендетуге және оның өнімділігін арттыруда қол жеткен табыстары үшін 1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президумының Құрмет Грамотасымен марапатталып,сол жылы Мәскеу қаласында өткен жас шопандар слетіне қатысты. Сондай-ақ, бұдан кейін де Алматы қаласында болған Қазақстан жас шопандарының 1-слетіне қатысқан Садық Оразәлиев «Волга» жеңіл автокөлігін сыйға алды және Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1964-1967 жылдары КСРО Халық Шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырған ерен еңбектері үшін Садық Оразәлиевтің есімі Қазақстан Республикасының Құрметті Алтын кітабына жазылды. 1966 жылы Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің, 1967 жылы Облыстың Кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамотасымен, 1968 жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы Орталық Комитетінің медалімен марапатталып, 1973 жылы Социалистік жарыстың жеңімпазы белгісін омырауына тақты.
Садық Оразәліұлы 1975-1985 жылдар аралығында аудандық мал бордақылау кешенінде аға маман, ал 1992-1995 жылдары аудандық мал бордақылау комплекісінде аға басқарушы, 1992-1995 жылдары Ленин атындағы бөлімшенің басқарушысы болды. Жоғарыда айтып өткенімдей
Садық атам КСРО-ның Алтын кітабына енген болатын. Ол жастайынан еңбек еткен қайраткер. Міне, атамның да дүниеден өткеніне де төрт жылға жуық уақыт болыпты. Шүкір, өнегелі жолын жалғастырушы ұлдары Сәбденбек, Сәдібек, Сейсенбек, Мейірбек және немерелері мен қыздары атасы мен әке жолын үлгі етеді.
Ел үшін еңбек етсен халқың сүймек,
Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп
Ер өлсе де, еңбегін ел өлтірмес.
Неше мың жыл өтседе тарих білмек, - деп жырлағандай мен екі атамның да елі үшін жасаған еңбектерімен мақтанамын.
Міне, биыл Ұлы Жеңісімізге де жетпіс бір жыл толады. Соғыс жылдарында біздің бейбіт өмір сүруімізге, еліміздін тыныштығын сақтауда ата-бабаларымыз өз өмірлерін қиды. Олардың әрқайсысы бірін-бірі қайталамайтын ерлік жасады. Содан бері жұмыр жердің бетінде, туған елімізде талай өзгерістер болды. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Жігерлі, даңқты жауынгерлердің бүгінгі ұрпағы елдің Тәуелсіздігін баянды ету жолында аянбай еңбектеніп жатыр. Біз болашақ еліміздің өркендеуіне, дамуына, Тәуелсіз еліміздің мәңгілік ел болуына өз үлесімізді қосамыз.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: