Шығарма: Ерлік-ұрпаққа ұран
Қалдыбай Айзада
9-сынып "Түркістан" жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, Қазыбек би ауылы, Ж.Аманқұлова көшесі
Жетекшісі: Сулейменова Ақмарал Жанібекқызы

Отан үшін күрес - елге жасаған үлес
Халық даналығы
Ерлік деген ұғымның қаншалықты қастерлі,қаншалықты қымбат екенін Ұлы Отан соғысында қан кешкен аталарымыздың майдан жорығындағы қаһармандық іс-әрекеттерін естігенде, солар суреттеген оқиғалардың көрінісін соғыс жайлы кинофильмдерден көргенімізде жан дүниеміз шымырлап, тебіреніске түсе отырып сезінеміз. Ұлы Жеңіс күні - бейбітшілікті жанымен қорғаған жаужүрек аға буынның ерлігі мен қаһармандығы алдында бас иіп, тағзым ететін қастерлі күн. Ел еркіндігі үшін қыршын кеткен боздақтардың рухын, майдангерлердің сұрапыл соғыс кезіндегі қайсарлығы мен ерлігін, тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін халық жадында мәңгі сақтау-біздің басты қасиетті парызымыз.
Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстаннан 140 мыңнан астам адам аттанып, жартысына жуығы елге оралмапты. Жанқиярлық ерлік көрсеткен оңтүстікқазақстандық 51 азаматқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, 8 жерлесіміз "Даңқ" орденінің толық иегері атанды. Бүгінде от пен оқтың арасынан елге оралған соғыс ардагерлері мен тылда тынымсыз тірлік жасаған еңбеккер ардагерлеріміз сиреп бара жатыр. Ел басына күн туған жылдары Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қазақ халқының өр рухын танытып, азаттыққа деген арманды ақиқатқа айналдырды. Әділдік пен зұлымдықтың арпалысы деп бағаланған сұрапыл соғыстағы ерліктері біз үшін нағыз отансүйгіштіктің теңдессіз үлгісі болып қала бермек.
Ел басына күн туғанда ерлер "етігімен су кешіп", қасық қандары төгілгенше жаумен жағаласқан. Сол сын сәттерде бабаларымыз кейінгі ұрпағына елдік пен ерліктің өнегесін көрсетіп, қазақ тарихында өшпестей таңбаланып қалды.
Көне тарихтың тым тереңіне бармай-ақ жүзжылдық қазақ-жоңғар соғысынан бері қайтайық. Ел басына қара бұлт үйіріліп, "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" шақ туғанда Қазыбек би, Төле би, Әйтеке бидей кемеңгерлеріміз бастап, Әбілхайыр хандай ержүрек қолбасшы, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Райымбек батырларымыз бен жаужүрек, данышпан Абылай хан атойлап шықпап па еді?! Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған оларды халық қалай ұмытсын,тарих қалай шеттетсін! "Әскербасы алғыр болса,дұшпанның да басы аспанға ұшар"деген сөз солардан қалған. "Сарбаз болсаң - шерудің басында бол" деп рухтандырған да сол ғасыр бабалары еді. Дұшпан атының тұяғына жерімізді таптатпаған дарабоз бабаларымыздың ерлік құдіреті, елдік қасиеті кейінгі ұрпағына өнеге, жұғысты болғандығы өткен дәуірлерде арыстандай айбарлы саналатын қазақтарды Ұлы Отан соғысында өз әскерінің сапына жайдан-жай алмағаны болар. Екінші дүниежүзілік соғыста алып елдің айбынды армиясының қатарында қазақтардың ерен ерлігін танытқан батыр жауынгерлер көп болды. Олардың ерлігі ұрпаққа мәңгі өнеге, ұран болып қала бермек. Атап айтсақ, Сабыр Рахымов пен полковник Бауыржын Момышұлы дивизияға қолбасшылық етті. Даңқтары алысқа естілді. Талғат Бигелдинов екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. Қасым Қайсенов, рейхстакқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев, ержүрек батыр қыздарымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметовалардың есімі аңызға айналды.
Еліміз бойынша Батыр атанғандары жүзге де жетіп, "Даңқ" орденін алған ерлеріміз де онға жуықтайды. Құйтырқы саясаттың лебімен батыр атанбай қалған ержүрек атаапаларымыз қаншама? Сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен дара тұлғаларымыз көпақ.Олар туралы жетпіс жылдан аса жазылып келеді, жазыла бермек. Тарихта екінші дүниежүзілік соғыс атанып, әлем халықтарының 80 пайызы қатысқан бұл сұрапылға 61 мемлекет араласты. Адамзат үшін фашизмнің қаншалықты тажал төндіргенін ұрпақтар жетік білуі тиіс. Кеңес Одағына тұтқиылдан соғыс ашқан фашизм басқыншылары өздерінің зұлымдыққа толы бас жоспарында миллиондаған адамды қырып, қалғандарын құлақкесті құл ретінде пайдалануды мақсат тұтқан, мақсатына жете алмады.
Міне, өзге ұлттарға деген осындай жиіркенішті пиғылмен шабуыл жасаған гитлершілдерді өз апанында тұншықтырған жауынгерлеріміздің ерлігін бұл күнде қалай дәріптесек те артықтық етпесі анық. Жетпіс бес жылдықты арқау ете отырып, ұрпақтар сабақтастығын тереңдетіп, Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайта түсуге, "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасында айтылғандай, жаңа қазақстандық патриотизмді ту етіп көтеруге ұмтылуымыз қажет. Ардагерлерімізге қандай құрмет көрсетсек те әбден лайық. Себебі, жалындаған жастық шағын майдан даласында қалдырып,қаншама боздақтар елге қайтып оралмады. Қара жолдың бойында баласын күтіп сарыла қараған аналарымыз қаншама еді. Елдігіміз өксумен күн кешсе, майдандағы жауынгерлеріміз соғыс даласында туған жерін аңсаумен, сағынумен елге, ата-анасына, сүйген жарына үмітін үкілеп хат жөнелтіп жатты. Ең қасіреттісі сол-миллиондаған жауынгер сол хаттарының еліне, ата-анасына, сүйгеніне деген соңғы тілегі екенін сезбеді.
Иә, бұл күнде сол соғыс шейіт болған боздақтар жете алмаған бейбіт күннің иесі- біз,бүгінгі бақытты ұрпақ! Олай болса, бүгінгі көзі тірі ұрпақтардың соғыс қасіретін ұмытуға құқы жоқ. Сөзімді қорыта келе, ұлыстың ұйытқысы атанған Қазақ елі Елбасы айтқандай, "Үдеудің сыры-бірлікте, жүдеудің сыры-алауыздықта" екенін жақсы түсінеді. Елдік мұрат жолындағы үлы ерлікті аманат еткен ата-бабалар өсиетіне адал болайық. Бүгінгі Жеңіс мерекесі жауынгер сол аталарымыздың айбынды мінезімен, аталарымыздың қанымен, қайсар мінезімен қастерлі. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтары үшін аса үлкен сын болғаны рас. Бұл майдан Кеңес жауынгерлерінің Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігінің айқын дәлелі.
Сондықтан, сол соғыста өз өмірін аямай Отан қорғауда қызмет еткен әрбір азамат пен қазақтардың жанқиярлық ерлігі қазақ елінің тарихында алтын әріптермен жазылуы да мәңгі есте қалады,елдің кейінгі ұрпағы мәңгі есте сақтайды, рухтанады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: