Шығарма: Ұлы Жеңіс – ата-бабам ерлігі

Шығарма: Ұлы Жеңіс – ата-бабам ерлігі

Бекен Ақбаян
10-сынып оқушысы№101 С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебі
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жаңа жол а/о

Соғыс. Бұл сөзді естісем бойымды қорқыныш билей бастайды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Қазақстан тарихында да «Ұлы Отан соғысы» деген атпен қалған, 1941 жылы басталған соғыс бүкіл дүние жүзі үшін оңай болған жоқ. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Осыдан 75 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл соғыста қаншама адам мерт болды. Неміс фашистері 4 жыл бойы Кеңес Одағына өз үстемдігін жүргізбекші болғанымен, күйретпекші болғанымен, елін сүйген ержүрек батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Жерім деп, Отаным деп, ұрпағым деп өз жанын қиюға дейін барған батырлардың ішінде қазақ ұл-қыздары аз болды ма?! «Соғыс» деген сөзді ести салысымен ұл демей, қыз демей барлығы да Отан қорғауға ат салысты. Сол қиын кезеңде соғыс атаулыны жеңу үшін тылдағы халықтың өзі ерлікке, Жеңіске өз үлестерін егіс даласында, зауытфабрикаларда, үйде өз үлестерін қосып отырды. Ұлы Отан соғысында атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалып, ұрыс даласына жіберіліп отырды.
Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.
Қазақ халқының ер мінезді қыздары Отаным деп өз жанын құрбан етуге де дайын болды. Оның бірден-бір дәлелі кешегі жас шағын соғыста, елім, жерім деп өткізген Әлия мен Мәншүк секілді әпкелеріміздің ерлігі айқын дәлел болып отыр. Германияның КСРО–ға жасаған бұл соғысы қаншама ананы баладан, қаншама әйелді ер азаматынан, қаншама баланы әкеден айырды емеспе?! Сұм соғыстың зардабынан қаншама адам азап шеккен еді ғой! Соғыста жан алысып, жан берісіп жатқан қаншама азаматтар Отан алдындағы борышын, ел алдындағы намысын бәрінен биік қойды. Олардың мақсаты болашақ ұрпақ фашизмнің құлы болмау, бейбіт өмір сүру, елге Жеңіспен оралу еді. 28 Панфиловшылар полкі де Алматы қаласында құрылып, оның құрамында даңқты Бауыржан Момышұлы өзінің қол басшылығымен көзге түскен қазақтың ардақты тұлғасы. Р.Қошқарбаев, Т.Бегелдинов, М.абдуллин секілді батырларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату өмірімізге, бейбіт заманымызға, қуанышты күнімізге қол жеткіздік. Сол сұрапыл сұм соғысқа менің атам Бекен Шүнетұлы 1942 жылы аттанған екен. 1944 жылы жараланып қайта оралған. Ол кісі көзінің тірісінде балаларына бар білгенін, ақылын аямай санасына сіңіруге тырысатын. Бізге ертегі болып көрінетін соғыс жайында сұрағанда, жанарына мұң ұялап, терең күрсініп қоятын еді. Ауылға келген соң да қызу еңбекпен жұмыс жасаған екен. Бірі ауыр жараланып, бірі мүгедек болып елге оралған туған жері үшін өмірін қиған соғыс ардагерлеріне мың алғыс!
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.
Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды.
Міне, сұм соғыстың басталғанына да 75 жыл, ал аяқталғанына 71 жыл болыпты. Осы жылдар аралығында қаншама ардагерге құрмет көрсетіліп келеді. Иә, жерін, елін, Отанын қорғаған азаматтарға қанша құрмет көрсетсең де олардың бізге, ұрпағына деген жақсылығын ешқашан өтей алмаймыз. Сұм соғыста жерін қорғап жүрген азаматтарымыз көп болды. Оларға құрмет көрсету жас ұрпақтың міндеті. Ардагерлерге мың алғыс!
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ тізеден кесіп аяғын,
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты.
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты... – деп майдангер ақын ағаларымыз жырлағандай Ұлы Отан соғысы аяқталып, жеңістің туы желбірегенін әр жылы елімізде, Республика көлемінде тойлануда. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақтың ортақ мерекесі. Бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің туы мәңгілік желбіресін! Соғыс болмасын!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Ұлы Жеңіс – ата-бабам ерлігі туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Улы Женис – ата-бабам ерлиги на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ұлы Жеңіс – ата-бабам ерлігі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]