Шығарма: Сен бақыттысың жас Адам!

Шығарма: Сен бақыттысың жас Адам!

Бабаханова Дилдора
ОҚО, Түркістан қаласы, «Шобанақ» жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы
Жетекшісі: А.Умаров

Бүгін 9 мамыр - Жеңіс күні. Ерте тұрдым да, таң бозара, сүйікті мектебіме қарай жөнелдім. Көк аспанның астындағы тіршіліктің бәрі жүрекке қонымды, көңілге қуаныш ұялатады. Құстардың әсем әуені, ауыл шетіндегі өзен суының сарылы, шығыстан ескен баяу желдің лебі-бәр-бәрі тыныштық пен бейбіт өмірдің айқын белгісіндей. Осындай сезімдерге бөленіп, «алтын ұяма» қалай жеткенімді байқамаппын. «Поэзия әлемі» үйірмесінің мүшелері үшін бүгін ерекше күн. Себебі біз сахнаға шығып, елі, жері Отаны үшін, бақыт-ты болашақ үшін күрескен жаужүрек, батыр, абзал жандарға - Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, өнерімізді, мерекелік әншашуымызды тарту етеміз. Осы оймен үшінші қабатта орналасқан сыныбымызға көтерілдім. Кенет қарлығаштардың шырқылдаған үні естілгендей болды. Ақырын барып қарасам, мектебіміздің «Даңқ бұрышында» екі қарлығаш ұшып жүр. Құстар маған қабырғада ілулі тұрған Б.Момышұлы, Т.Бигельдинов, М.Мәметова, Ә.Молдағулова сияқты мыңдаған ержүрек қаһармандарымыздың көкте ұшып жүрген рухтарындай болып көрінді. Нұх пайғамбары кезінде қарлығаш адамзатты жыланға жемтік болудан сақтап қалған болса, батырларымыз бізді неміс фашистерінің шеңгелінен құтқарып қалды. Қарлығаштар шырқылдап маған қарап: «Сен бақыттысың, жас Адам!» - дегендей. Терезені ашып, қарлы-ғаштарға жол бердім. «Даңқ бұрышындағы» суреттерге, экспонаттарға, орден-медальдарға қарап, терең ойға баттым. Көз алдыма осыдан 75 жыл алдын болып өткен оқиғалар елестей бастады. 1941 жыл. 22 шілде фашистік Германия соғыс жарияламастан КСРО аумағыны аяқ астынан басып кірді.Сүттей ұйыған көп ұлтты мемлекетіміздің шырқы бұзылды. Қасым ақын айтқандай:
Өмір гүлін жаншып таптап,
Шаштан сүйреп махаббатты.
Жерімізді жындай қаптап,
Найзаға іліп ар-ұятты
Келе жатты сұм жәндеттер
Жау жүздеген қалаларды, мыңдаған ауылдар мен поселкаларды өртеп тал-қандай бастады. Миллиондаған адамдар фашист жәндеттерінің құрбаны болды. Небір зобалаң заманды бастан кешірген халық енді-енді есін жиып, етек-жеңін жинап келе жатқанда, сұм Гитлер тып-тыныш елді өртке орандырды. «Отан үшін отқа түс...» дегендей елді қорғауға ұлтқа бөлінбей, бәрі бір кісідей соғысқа аттанды. Алақандай Шобанақ ауылынан 64 адам фронтқа кетіп, олардың 40 шақтысы қан майданда елі, жері, Отаны үшін арыстандай айқасып, ерлікпен қаза тапты. Қарғыс атқыр соғыс елдің шырқын бұзып, балалар әкесіз жетім қалды, әйелдер ер-азаматынан айрылып жесір қалды. Ақын Қадыр мырза Әли айтқандай:
Бір кісідей соғыстың
Біз де азабын тарттық қой.
Тылда істеген көп істі
Балалық пен қарттық қой.
Бармақтай боп сол күнде
Жатушы едік демалып,
Әр маяның түбінде
Қалды біздің балалық
Тылда қалған қариялар мен әйелдер,қыздар мен өспіріндер түні-күні көз іл-мей, аянбай еңбек етіп, фронтқа азық-түлік, киім-кешек, оқ-снарядтар жеткізіп тұрды. «Барлығы да фронт үшін, барлығы да Жеңіс үшін!» деген сөздер халқымыздың басты ұранына айналды. Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі көп болды. Қазақстандық генерал-майор И.В.Панфилов пен комиссар А.С.Егоров басқарған 316атқыштар дивизиясы жауға қарсы ең соңғы демі қалғанша шайқасты. Бұл дивизияның политругі В.Г.Клочковтың: «Россия - кең байтақ, бірақ шегінуге жол жоқ, артымызда - Москва», - деген сөзі бүкіл майданға тарады. 28 панфиловшылардың ерлігі аңызға айналды.
Б.Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктің, батырлыктың тамаша үлгісін көрсетті. Москва облысы, Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, жүздеген фашисттің көзін жойған Т.Тоқтаровқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Шығыстың қос шынары: М.Маметова мен Ә.Молдағұлова елі, Отаны үшін жаумен айқасып, ерлікпен қаза тапты. Екеуі де Кеңес Одағының Батыры атанды. 1945 жылы 2 мамырда неміс фашисттері өз ордасы Берлинде толық талқан-далды. Р.Қошқарбаев пен Г.Булатов рейхстаг төбесіне Жеңіс туын тікті. 4 жылға созылған қанды соғысқа 1 миллион 300 мыңға жуық қазақстандық қатысып, олардың 500-іне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 600000-ға жуық қазақстандық қан майданында шейіт болды. Ұлы Отан соғысында КСРО 27 миллион адамынан айрылды.
Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысында өз елін және бүкіл адамзатты фашизм шеңгелінен құтқарды. Батыр аталарымыздың ерлігі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Есіме С. Мәуленовтің бір шумақ өлеңі түсті:
Түспесін ауыр басқа күй
Болмасын соғыс – қанды опат
Қалмасын жетім жас сәби
Қалмасын жесір махаббат...
Болмасын соғыс, болмасын!
Қиялымды бөлмеге қайта оралған қарлығаштардың шырқылдаған әуені бөліп жіберді. Олар маған қарап тағы да: «Сен бақыттысың, жас Адам!», дегендей. Иә, мен бақыттымын! Ата-бабаларымыздың ерлігінің арқасында, найзаның ұшымен, білектің күшімен келген тәуелсіз елде, Ақжайық пен Қаратауды қоныс қып, Ұлытау мен Түркістанға туын қадап, Алатауға арқа сүйеген «Ұлы дала елінде» бақытты өмір сүрудемін. Ләйім, осындай бақытты, шуақты күндеріміз мәңгілік, болашағымыз баянды болғай! Ойыма сұрапыл соғысқа қатысқан Қасым Аманжоловтың мына бір өлеңі түсті:

... Неткен байтақ , неткен ұлы жер едің !
Нендей күнге жүрегімді бөледің!
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,
«Арманым жоқ бұл дүниеде»,- дер едім.
Жас жүрегім осындай патриоттық сезімге бөленіп, мектебіміздің мәжіліс залына қарай жөнелдім...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Сен бақыттысың жас Адам! туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Сен бакыттысын жас Адам! на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Сен бақыттысың жас Адам!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]