Шығарма: Ең ауыр күндер

Шығарма: Ең ауыр күндер

Амандықова Айдана
7 сынып № 5 Абай атындағы ЖОМ ОҚО Кентау қаласы
Жетекшісі: Туребекова Анаркуль Зархановна

Біздің жүрегіміз темір емес. Міне, соғыстың біткеніне 71 жыл болды. Ата-баба қалдырған өнеге-үлгіні құрмет тұтып, оны қастерлеп жалғастыру жас ұрпаққа аманат. Әрбір адам елі үшін талмай қызмет етіп, халқының көркейіп өсуіне еңбек сіңіргенде ғана артына өшпестей із қалдырып, ұрпаққа ұлағатты өмір үлгісін тарту ете алады. Біздің атабабаларымыз болмаса, біз қазір тірі боламыз ба, болмаймыз ба енді бұл бір Құдайға аян. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп , күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-отанға сүйіспеншілік. Ардагерлеріміз мылтықтың оғын босқа ұшырмай, өлім мен өмір алысты. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізде мақтаныш сезімін ұялатады. «Ерсіз ел болмайды, елсіз ер болмайды»,- дейді батыр бабамыз – Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзінің қайсар ерлігімен, қайратты мінезімен жауынгерлерге жігер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегі ерекше. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, жеңіс туын тікті. Бауыржан ата бір естелігінде: «Мен-өзге ұлттарды құрметтейтін, өз ұлтын сүюші адаммын»,- дейді. Батырдың әр қазақтың жүрегінде сақталуының себебі де, ұлтын сүйгендігінен шығар.
1941 жылы 22 маусымда – тарихта мәңгі қалатын қасірет күні. Жетпіс бір жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Бүгін соғыс және еңбек ардагерлері, облыс орталығындағы кәсіпорындары мен ұйымдардың өкілдері, студенттері елі мен жері үшін өмірін қиып, туған жерге оралмаған қаһар мен ерлерді еске алып, рухтарына тағзым етті. Қырық бірінші жыл жиырма екінші маусымында таң қылаң бере фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер елін жаудан қорғау үшін қолына қару алып, қан майданға аттанды. Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәлім. Гитлерліктер КСРО – ның батыс аудандарын басып алғаннан кейін, Сібір мен Қазақстанның ел эканомикасында маңызы күрт артқан. Жаудың қолына бермеу үшін соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріле бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның аумағына 142 кәсіпорын жайғастырылды, 532506 адам көшірілді. «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, деп жылап сорлы қазақ мен өлгенде. Тарихтың түкпіріне сөз келгенде – 1990 жылы кеш те болмаса тағзым ететін күн емес пе? «Ұлы Жеңіс – Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл – қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп, құшақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» деп атап өтетін болатын. Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі – Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтанұрпаққа өнеге болады деп санаймын. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың Қазақстандық шекарашылар болды. Атақты Брест өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3000 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Оған қоса, күн сайын Қазақстанға жаралы жауынгерлер мен офицерлер тиелген пойыздар ағылып жатты. Әскери госпитальдердің көбісі Алматыда құрылды. Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам Қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. Міне, Кеңес Одағының батырлары мен ата-әже ардагерлерімізді сыйлап, құрметтеу біздің міндетіміз.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Ең ауыр күндер туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Ен ауыр кундер на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ең ауыр күндер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]