Шығарма: 9 Мамыр-баршамыз үшін қасиетті де қастерлі күн

Шығарма: 9 Мамыр-баршамыз үшін қасиетті де қастерлі күн

Аким Малахат
«Шорнақ» жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Жетекшісі: Р.Жұмағұлова

Жерге теріңді төксең,
Жеміске кенелесің.
Халқың үшін қаныңды төксең,
Абыройға кенелесің
Бауыржан Момышұлы
9 мамыр-баршамыз үшін қасиетті де қастерлі күн. Өйткені, 9 мамыр - фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні – Ұлы Жеңіс күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиғандарды еске алу күні. Бұл күні аналар мен жесірлердің жүрегі осыдан 71 жыл бұрынғыдай сыздайды. Ол күні жеңімпаздардың, олардың балаларының, немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен лүпілдей соғады. Әлемді бақытқа бөлеген бұл қуанышты күн милиондаған бабаларымыз бен аналарымыздың қасиетті қанымен келді. Біздің бақытты болашағымыз үшін қасық қаны қалғанша күрескен жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен жақындатқан аталарымыздың ерен еңбектері ешқашан ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың сақтап қалған байтақ жері бүгінгі күн дүние жүзі таныған, әлем мойындаған мемлекет болып қалуы – біз үшін үлкен мақтаныш, мол жетістік. Қазір Республикамыз дүние жүзіндегі алдыңғы қатадың мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуы – тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал да ұтымды саясатының, үлкен парасат пен биік талғамының арқасында.
Тарихи деректерге сүйенсек, Түркістан ауданы бойынша Ұлы Отан соғысына 18500 адам шақырылған Түркістандықтар ел басына күн туған алғашқы күннен бастап Отан қорғауға аттанып, Жеңіс тойын Берлинде тойлауға дейін қатысқан. Майдан шебінде жаумен шайқаста көрсеткен жанқиярлық ерліктері үшін төрт жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Атап айтсақ, Абдулла Үсенов, Құрманбай Ырысбеков, Файзулла Юлдашев, Расул Есетовтер. Құрманбай Ырысбеков туып - өскен Шорақ ауылындағы мектеп – интернат Батыр ағаның есімімен аталады . 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдағы мерекесіне байланысты «Шорнақ» орта мектебі алдына Шорнақ елді мекенінен Отан қорғауға аттанып, ел бейбітшілігі үшін ерлікпен шайқасқан азаматтарға мың алғыс айтып, үлкен ескерткіш тақтаға есімдерін жазды. Алайда жеңісті жақындату үшін соғыста өртке оранып, жаумен бетпе-бет шайқасқан бабалардың орны ешқашан толмас. Келешек ұрпаққа, яғни бізге бақытты өмір сыйлаған батырлар есімі мәңгі ұмытылмайды. Олардың есімін мақтанышпен атай отырып, рухына тағзым етеміз. «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» деп Ілияс Жансүгіров жырлағандай, Ұлы Жеңістің 71 жылдық тойында «Шорнақ» ауылы соғыс ардагерлерінің есімін құрметпен атауды жөн көрдім. "Шорнақ" ауыл округінен 288 азамат Ұлы Отан соғысына аттанған. Оның 190-ы майдан шебінде қайтыс болған.
Елге Жеңіс туын желбіретіп 98 майдангер оралған.Олардың бірі Абулқасимов Ғайбулла, Атанов Абдуманнап, Саржанов Мұстафа, Сарымсақов Ғани, Сейдуллаев Атажан, Сейітбеков Айтуар, Убаев Хаджимурат, Юсупов Абдуғани, Шорнақ ауыл округінде ерекше көзге көрінген. Ол Құрбанбай Ырысбеков соғыста ерекше ерлік көрсеткен азамат. Ол 1922 жылы "Шорнақ"селосында туған. Қызыл Армия қатарына шақырылғанға дейін мектепте тарих және география пәндерінің мұғалімі болған. 1937 жылдан комсомол мүшесі Құрбанбай Ұлы Отан соғысына 1942 жылы көктемде аттанды. Неміс басқыншыларымен күресте шыныққан ер жүрек жас әскер іс - қимылды тез әрі терең меңгерумен, біліктілігімен және ержүректілігімен көзге түсіп кіші лейтенант - атқыштар взводының командирлігіне дейін көтерілді және Днепр үшін болған ұлы шайқаста өз атын өшпес даңққа бөледі. Қазіргі кезде біздің «Шорнақ» жалпы орта мектебінде Құрбанбай Ырысбековтың немересі бізде 11-сыныпта физика пәнінен сабақ береді. Ол ағайды біз қатты құрметтейміз. Құрбанбай Рысбеков ағайымыз былтыр соғыстың 70 жылдығында Украйнаға барып келді.
Сонымен қатар мен Әкім Малахат Бахтиярқызы 11-сыныпта білім алып жүрмін. Менің де атам Бабаханов Әкім соғысқа қатысқан, соғыс ардагері, жеңістің жақындауына өз үлесін қосқан. Бабаханов Әкім 1925 жылы 25 қаңтарда дүниеге келген. Соғысқа дейін колхозда тракторшы болып жұмыс істеген. Майданға 1943 жылы аттанған. Украинаны, Латвияны, Литваны, Эстонияны азат етуге қатысып, Жеңісті Германияда қарсы алған. Соғыста қолына оқ тиіп жарақаттанған. Сонда да жауға қарсы күрескен. Бейбіт өмірде калхозда еңбек еткен. Қазіргі кезде 3 ұл, 2 қызы бар. Олар: Бахтияр, Құрбанәлі, Мирзакарім. Қыздары: Инабат, Мухаббат 12 немересі бар. Атамның ерлігін мен мақтанышпен айта аламын. Мен де атам сияқты өз еліме еңбек етіп өз үлесімді қоссам деймін. Ұлы Жеңіс-тарихта айрықша орын алатын, талай боздақтарымызды жалмаған соғыста жаудың тізе бүккені, жауынгерлеріміздің қаһармандық ерлігінің арқасында келген мерейіміз. Жанын аямай Отанымызды жау табанына таптатпағаны үшін де біз оларға тағзым етіп бас иеміз. Ендігі тілегіміз Егемен елімізде мұндай алапат соғыс ешқашан орын алмасын, аспанымыз ашық, бейбітшілік пен тыныштық болсын!
Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтің дана саясаты,кемеңгер басшылығының арқасында асулардан асып, өркениетті елдердің қатарына қосылу жолындағы ұланғайыр еңбекке біз де лайықты үлесімізді қоса береміз! Бейбіт аспанымызды ешқашан да бұлт шалмай, ашық аспанымыз адамдардың бойына әрдайым ізгілік нұрын дарыта берсін! Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесі құтты болсын!.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма 9 Мамыр-баршамыз үшін қасиетті де қастерлі күн туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про 9 Мамыр-баршамыз ушин касиетти де кастерли кун на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, 9 Мамыр-баршамыз үшін қасиетті де қастерлі күн

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]