Шығарма: Отты жылдардан естелік

Шығарма: Отты жылдардан естелік

Жақсыбайқызы Қаракөз
Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі 2 сынып оқушысы
Жетекшісі: Қалуова Раушан

Биыл Ұлы Отан соғысының басталғанына 71 жыл толып отыр.Осыдан 71 жыл бұрын фашистік германия КСРО еліне шабуыл жасады.Осы соғыс жолында қаншама қазақ азаматы елі,жері үшін барын салды.Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдары болған.Бұл кез ешбір адамның есінен кетпейтіні анық. Соғыс басталысымен Қазақстан алғашқы күндерден бастап бір жұдырықтай жұмылды.Осынау жер-ананы шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін,ұрпағының болашағын қорғаған.Бейбіт өмірді тарту еткен қан майданда от кешкен ер жүрек жауынгерлер бүгінгі ақсақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар.Олар әрқашанда құрметке лайық.Сондықтан оларға деген алғыс еш толастамасы анық.Сол кездерде қазақ ұлдарының жеңіске қосқан үлесі зор.Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік пен шыдамдылық танытты.Ұлы Отан соғысы жылдарында бірнеше Қазақстандық аталарымыз Кеңес Одағының батыры атағын алды.Олар өз Отанын қасық қаны қалғанша қорғады.Осы бейбіт күнді ата әжелеріміз бес жыл бойы минуттап, сағаттап күтті.Осы қиын кездерден бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ.Сол кездегі халқымыздың ер жүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгі қалатын күн.Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске ештеңеге тең келмейтін ғажап күшпен жеттік.Ол күш әрине бірліктің арқасында қаншама халық бір тудың астында бірігіп күштерін бір арнаға салды. Қаншама аналар боздақтарын айырылып ,қаншама бала жетім өсті. Бұл соғысты ешкім де,ешқашан ұмытпауы тиіс.
Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат еткен, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өткен. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде - бір үлкен шайқас болмады. Ұлы Отан соғысынан аман оралған қариялар жыл сайын азайып келеді.Олар ұрпақтарының бүгінгі өміріне қарап ,соғыс салған жараларды ұмытуға тырысады.Мен Жақсыбый қызы Қаракөз Ш .Т.Еркінов атындағы орта мектебінің 2 б сыныбында оқимын. Сынып жетекшіміз Қалуова Раушан апай. Менің мектебім батыр аға есімінде. Шүкір Таңатарұлы Еркінов 1924 жылы қазіргі Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық Советінде туған. Ұлы Отан соғысына қатысып, елін, туған жерін жаудан қорғап, жауынгерлік «Даңқ» ордендерінің толық иегері атанған. Ш. Т. Еркінов Отан алдындағы борышын үлкен аброймен ақтап келгеннен кейін жоғары білімді маман, заң қызметкері болуды армандайды. 1947 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің заң факультетіне түседі. Бірақ соғыстағы жарақат әсерінен кеміген денсаулық оқуды аяқтатуға мүмкіндік бермейді.
1949 жылы аяулы азамат, жалынды жауынгер 25 жасында дүние салды.
Ер есімі – ел есінде. Ол бұл дүниеден кетсе де, оның есімі ұмытылған жоқ.Қазақ ССР Министрлер Советінің 1977 жылы 8 июльдегі қаулысы бойынша Қызылқоға ауданының Орлыкөл орта мектебі Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектеп болып аталды.
Міне, мен осындай батыр аға есімі берілген мектепте оқығанымды мақтан тұтамын. Біздің бойымызда да Шүкір ағадай еліме деген патрюттық намыс, ерлік, батырлық, тазалық бар. Алдағы уақытта да батыр ағамыздың есіміне лайық болу үшін сабағымды жақсы оқып, үлгілі оқушы болуға бар күшімді саламын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Отты жылдардан естелік туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Отты жылдардан естелик на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Отты жылдардан естелік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]