Шығарма: Жеңіс туы желбірейді мәңгілік!
Ермекова Гүлайна
10 – сынып, №4 мектеп Тұрғызба ауылы,
Жылыой ауданы, Атырау облысы
Жетекшісі: Әнесова Құрма Көпенқызы
10 – сынып, №4 мектеп Тұрғызба ауылы,
Жылыой ауданы, Атырау облысы
Жетекшісі: Әнесова Құрма Көпенқызы
Шерлі жылдардың шежіресінен сыр шерткен,
Шыққан жоқ әлі ызғарлы жылдар өрті естен.
Ұмытылмайды ерлердің ісі мәңгілік,
Ұлы Жеңісті тойлайды елім құрметпен
Адамзат баласының осы дәуірге дейін өмір сүріп келген күндерінің ішіндегі ең қатыгезі, ең сұрапылы екінші дүниежүзілік майдан-Ұлы Отан соғысы екені бәрімізге мәлім. Тыныш жатқан елге тажалдай тап беріп, төтесінен төнген сұрапыл соғыс сонау мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы басталып еді. Ал сол сұрапыл соғысқа елін сүйген батыр қаһармандар еш қорқынышсыз аттанып кете барды. Олардың соңынын аңырап ата-ана, есінен танып жары, ботадай боздап балалары қайғының қара бұлтына оранып қала берді.
Ұлы Отан соғысына 35 миллиондай адам қатысып, 20 миллионнан астамы сол соғыста ерлікпен мерт болды. Сұрапыл соғыста қазақтың мәрт ұлдары мен қыздары ерекше ерлік көрсетті. Отқа оранған соғысқа кезінде қан майданға өздері сұранып барған қос батыр қыз - Әлия мен Мәншүк , теңдесі жоқ ерлік бейнесі болған қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлы , батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсете білген Сұлтан Баймағанбетов пен Төлеген Тоқтаров сынды рухты тұлғалардың ерлік істерін ешқашан естен шығаруға болмайды.
Қан құйлы соғысқа ер-азаматтармен қоса , көптеген қыздар да қатысып, асқан ерліктерімен мейірімсіз жаудың бетін қайтарып, жер жастандырды. Зеңбірек оқтаушы Алтын Уәлиева, 300-ден аса аспанға көтеріліп, көк жүзінен жауына қырғиша шүйліккен Хиуаз Доспанова, Польша жерінде ерлікпен қаза тапқан лейтенант, Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған Алтыншаш Нұрғожинова, барлаушы Рахила Ералина сынды қазақ қыздарының ұлы ерліктері туған халқының жүрегінен мәңгілік орын тепкені тарихи шындық.
Соғыс жылдары отанын қорғау үшін ерлік пен қаһармандықтың өшпес бейнесін көрсеткен қазақ батырларының ерлігі ешқашан да ұмытылмақ емес. Ұлылардың ерлігі келешек ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Бұл қаһарлы күндер тарихта «шерлі жылдар шежіресі» атылып қала беретін болады.
Біздің осындай бақытты өмір сүріп отырғанымыз- сол батыр ұлқыздардың ұлы ерлігі, халқына осындай ғажайып өмір сыйлап, ұрпағын отансүйгіштік пен батырлыққа тәрбиелеп келе жатырған қайсар рухты бабаларымыздың ел қорғау жолындағы ерлік істерінің көрінісі.
Батырларым алып берді азат күн,
Ортасында жүріп қанды азаптың.
Ел намысын қорғады олар қасқайып,
Асқақтатып абыройын қазақтың.
Мәңгілікке жасампаздық орнады,
Қазақ елі жеңіс күнін тойлады.
Ұмытпайды батырларды ұрпағы,
Олар жайлы талай ақын жырлады.
Биылғы жылы Ұлы Жеңістің жетпіс бірінші көктемін қарсы алғалы отырмыз. Жеңіс күні! Адамзат аңсап күткен күн, жеңістің алуын жаққан күн,1418 тәулікке созылған жанқиярлық күрестің айбынды туын жаудың ұясына асқақтата тіккен күн. Дүние жүзін түгел шарпыған екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, ел қорғаған қайсар батырларымыздың ерлігін ешкім де, ешқашан да ұмытпақ емес. Бұл мереке - жер бетіндегі бейбітшілікті жақтайтын барша ақ ниетті адал халықтардың ортақ мерекесі. Бұл жеңіс әлемді тыныштықта тербететін бейбітшілік пен әділдіктің әрқашан жеңетінін дәлелдеді. Бұл мереке Отанын қорғаған қаһарман ұл-қыздардың асқан ерлігі мен елде күні-түні бел жазбай еңбек етіп, жеңісті жақындатқан жанкешті еңбек адамдарының қалтқысыз қызметі мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қала береді. Біз соғысты көрмесек те, фашистердің жантүршігерлік қатыгездігін кинолардан көрдік, қан майданның отқа оранған күндерін әдеби шығармалар арқылы көзімізге елестеттік. Жыл сайын жеңіс мерекесінде майдангерлермен кездесу кезінде отты жылдарды тебірене еске алған аталарымыздың айтқан естеліктерінен түсіндік.
Соғыс – адамзат үшін ең үрейлі, ең ауыр сөз. Себебі, оның астарында жазықсыз қырып-жою, қасиетті туған жерді басып алу деген қорқыныш сезімі ұялаған.
ІІ дүниежүзілік соғыс әр қазақ отбасы үшін орны толмас қайғықасірет әкелді. Әділетсіз басталған алапат соғысқа Қазақстаннан түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан мыңдаған боздақтар оралмай қалды. Бірінің баласы, бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты.
Соғыс зардаптарын азапты күйде кешірген майдан мен тылдағы қазақ халқының жанкешті тірліктері алапат соғысты ауыздықтап, жеңісті жақындатуға мол ықпал етті. Ұлы Отан Соғысы жылдары жауға қарсы атылған әрбір он оқтың тоғызы қазақ жерінде жасалды. Азық-түлік, жылы киім де вагон-вагон болып соғыс даласына аттанып жатты. Сандаған бауырлас ұлттар бірге күш біріктіріп, жанқиярлық ерлік, табандылық пен өжеттіктің арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткізді. Солардың өшпес ерліктері арқасында Отанымыз жаудың қанды шеңгелінен аман қалды.
Жеңіс күні – ерлік пен өрліктің мерекесі. Қаһарлы жылдардағы аталарымыздың ұлы ерлігі мен Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың есімдері тарихта мәңгілік қала бермек. Отанын қорғауда өлшеусіз ерліктерімен ерекшеленген қазақ елінің Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сынды батырларының есімі тарихымызда алтын әріптермен жазылуға міндетті.
Біздерге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт өмірімізге мәңгі шуағын шашуда.
Отанын қорғап, парызын өтеу- ер ісі,
Жеңіс дегенің- қаһармандықтың жемісі.
Ерлікпен жеткен жасампаз мынау Ұлы той,
Қайсар қазақтың өжеттігімен жеткен жеңісі.
Жеңістің туы мәңгілік желбірей берсін!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: