Шығарма: Ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлаған батыр

Шығарма: Ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлаған батыр

Базарғалиев Сұлтанбек
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылы
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі 4 сынып оқушысы
Жетекшісі: Жұмаш Майра

Иә, биылғы жылы талай ұл-қызды әкесіз талай ата-ананы баласыз қалдырып, етігімен су кешкен зұлмат соғыстың аяқталғанына 71жыл. Қаншама ержүрек батыр ата-әжелеріміз басын қаперге тігіп, ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлайды. Ал, ол ел үшін кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ізгілікті ісінің арқасы. Демек, Ұлы Отан соғысына қатысушы майдангерлер ерлігін бүгінгі және кейінгі ұрпаққа насихаттап, оларды өнеге тұту парыз.Ерлік мәңгі ескірмейтін, ұрпақтар жанында сақталатын қасиетті іс. Осы ерлік көрсеткен батырлардың бірі –жерлесіміз «Даңқ» Орденінің толық иегері Ш.Т.Еркіновте бар.
Ол 1924жылы Ойыл ауылдық кеңесінде Даулетиман елді мекенінде дүниеге келіп,Батыс Қазақстан облысы ,Қаратөбе айданы, Саралжын ауылындағы бастауыш мектептен дәріс аладыда Миялыдағы Орлыкөл мектебінде білімін жалғастырып , үздік бағамен бітіреді.1942жылдың 18 тамызында Ақтөбе облысы, Қобда аудандық әскери дайындық тан өтіп,1943 жылдың шілде айынан бастап,ұрыстың қызған жері Батыс майданының құрамында Сталинград шайқасында шыңдалады. Соғыста ол бірден командирлердің көзіне түсіп,алғыстар алады.Сөйтіп ерлігімен көзге түскен барлаушы Еркінов Днепр өзеніндегі жау бекінісін талқандап, Могилев,Быков қалаларын неміс басқыншыларын азат етудегі әскери батыл қимылдары,Неман өзенінен өтудегі Берлин қаласын Брандербург қақпасын алудағы ерен ерліктері үшін Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрықтарымен 8 дүркін Алғыс хат иеленіп, «Даңқ» орденінің 3 бірдей дәрежесімен наградталады. Оған қоса «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін », «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін »,ерлігі үшін медальдарын, «Үздік барлаушы», «Үздік артиллерист», «Үздік гвардияшы» белгілерін кеудесіне жарқырата тағып оралады. Бірақ Шүкір Еркінов соғыста алған жарақаты салдарынан 25 жасында қайтыс болады. Әйтсе де «Ер есімі-ел есінде» деген емеспе халқымыз. Батырдың есімін ұрпақтар жадында мәңгі сақтау үшін Миялыдағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің жанында мемориал тақта орнатылады. Қазіргі таңда Атырау қаласында Ақтөбе облысының Ойыл ауданында Миялы селосында Жасқайрат ауылында бір-бір көше Ш.Т.Еркінов атымен аталады. Мәскеудегі «тағзым» тауындағы мәрмәр тақтада, Ақтөбе қаласында батырлар қатарына есімі жазылған іздері жайлы мақалалар өте көп. Соның бірі жерлесіміз ауданның құрметті азаматы, жазушы, журналист Төлеген Жаңабаевтың «Шүкір батыр » кітабы кейінгі ұрпаққа үлкен сабақ. Мен сол Ш.Т.Еркінов атындағы мектепте оқып, жерлесі болғанына мақтанамын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлаған батыр туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Урпактарга бейбит омир сыйлаган батыр на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлаған батыр

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]