Шығарма: Қазақ батырларының ерлігі

Шығарма: Қазақ батырларының ерлігі

Амангелді Дина
8 сынып, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы, Атырау қаласы
Жетекшісі: Темірғалиева Ақтоты Болатқызы

Биыл Ұлы отан соғысының өткеніне 71 жыл. Кейінге шегінсек, Ұлы отан соғысында қазақ халқы көп зардап шекті. Көптеген балалар жетім қалды, мүгедектер атанды, өз өмірлерімен қоштасты. Бұның барлығы тек тәуелсіздік алып, болашақты жарқын ету жолындағы күрес еді. Ер азаматтар елін, жерін қорғау үшін қасық қаны қалғанша күресті. Біз бәлкім бұл қиындықты сезіне алмайтында болармыз, бірақ соғысқа қатысқан атаәжелеріміз көзіне жас алып еске түсіреді. Біздің еліміздің жеңіске жетуінің бірден бір себебі- намысты қолдан бермеу, ел намысын жоғары қоятын біздің ұлттық мінезіміз, ерекше қасиетіміз болып табылады.
Ұлы отан соғысында қазақ халқы өзінің аз екендігіне қарамастан , ерлігін, батырлығын көрсете білді. Ұлы отан соғысына батырлар, тіпті ерлермен қатар әйел адамдарда қатысты. Олар ерлік көрсете білді. Қазақ қыздарының арасында 19 жасында «Отан үшін» деп соғысқа аттанған Әлия мен Мәншүк бар. Олар ауыр мылтықты арқалап, соғысқа аттанды. Әлия қан майданға шығып, 78 немісті жоюы, қайран қалатын ерлік емес пе? Оның өмірі қысқа болғанымен, даңқы ұзақ. « Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді» дейді дана халқымыз. Сол себепті қазақ халқының батырларының есімі қазақ елінің жүрегінде мәңгі сақталады.
Қазақ халқының жүрегінде өшпейтін тағы бірден- бір нәрсе қазақ батырларының ерлігі. Оларды жазықсыздан жазықсыз жазалап отырды. Бірақ бұларға қарамастан қазақ жастары ерлігімен, елдің атын шығара білді. Сонымен қатар Ұлы отан соғысына Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Мәншүк Маметова сияқты соғыста тағы да басқа апа- ағаларымыз қатысқан екен.Ұлы жеңістің ұмытылмайтыны секілді, соғыста ұмытылмастай ізін қалдырды. Ұлы отан соғысы 1941 жылы басталып, 1945 жылы аяқталды. Осы 4 жыл ішінде қазақ батырлары талай қиындықты көрді. Осы жылдар халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Ерлік елдің рухын асқақтатып, айбынын асырады. Олардың бірі әрі соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Тарихта қара таңбамен ізін қалдырған соғыс зардабынан қазақ жастарының көрген қиындығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Оларды аямай жазаласа да, қазақ халқы мойымай, елін, жерін қорғай білді. Олардың ерен еңбектерінің арқасында біз ең бақытты балалармыз. Өмірдің қиындығын сезінбей, тату- тәтті өмір сүрудеміз.
Осы батырлар арасында менің үлкен атам да бар. Мен өз атамды мына өмірде көрмесемде, ол кісінің соғысқа қатысқанын әкем айтты. Мен оны елі үшін, жері үшін еңбек еткені үшін мақтан тұтамын. Әкемнің айтуы бойынша атам әскери бөлімді басқарған. Менің атам фашисттердің атқан оғынан басынан жарақат алған. Соғыс кезінде тіпті азық- түліктері де болмаған екен. Ерлікке қалай жеткендерін сөзбен айтып жеткізу қиын. Атамның соғыс кезіндегі ерен еңбегі үшін алған медальдары әлі күнге дейін үйде бар. Ол соғыс ардагері.
Олардың арасында тіпті әжем де бар. Ол тылда жұмыс жасаған. Әжемнің айтуы бойынша оларды мектепте жүрген кезінде соғысқа алып кеткен екен. Сол кезде олар жас бала еді. Олар еңбекке жас кезінде араласқан. Балалық шақтың қызығын көре алмады. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранған екен. Соғысты есіне түсірсе көзіне жас алып «сендердің бастарыңа мұндайды бұйырмасын» деп жиі айтып отыратын. Сол ата әжелеріміздің арқасында Ұлы жеңіске жеттік.
Биыл сол Ұлы жеңіске жеткенімізге 71 жыл толады. Жеңіс күні бұл мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке бейбітшілікмерекесі және қазақ батырларының ерлігінің мәңгі өшпейтіндігі. Біздің парызымыз олардың ерен еңбектерін естен шығармау. Өмірінің соңына дейін лайықты өмір сыйлау. Олардың көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге болып қала береді. Олардың ерен еңбегін ұмыту мүмкін емес. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіп, еліміздің әр жерінде көптеген іс- шаралар, мерекелер өткізілуде. Әр қазақ елінің қара домалақ баласы бізді осындай күнге жеткізген соғыс ардагерлерін құрметтеп, оларды еш уақытта ұмытпауы керек, өз отанын анасындай сүюі керек. Ардагерлеріміздің арқасында біз бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Біздің қазір алаңсыз күліп – ойнап, қвзвқтап, тату- тәтті, мектеп оқушысы атанып жүргеніміздің бәрі осы соғысқа қатысқан апа- ағаларымыздың арқасы деп білемін. 9 мамырды біз тек мереке деп қана білмей, бұл халықтың ерен еңбегі. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан соғысқа қатысқан қазақ батырларына басымызды иіп, оларға құрмет көрсеткеніміз абзал. Ендігі біздің көздеген мақсатымыз ата- бабамыздың сенім артып тапсырған, асыл қазынасын көміздің қарашығымыздай сақтауымыз керек . Өйткені бізді осы күнге жеткізген ардагер ата- әжелеріміз.Ардагерлерімізді қадірлеп, олардың алдындағы борышымышзды ақтайық, ағайын!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Қазақ батырларының ерлігі туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Казак батырларынын ерлиги на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Қазақ батырларының ерлігі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]