Шығарма: Әлемдік дағдарыс
Төлепбекова Аружан
5 сынып оқушысы, № 51 гимназия Астана қаласы
Жетекшісі: Муратова Индира Жаркынбековна

Мазмұны
1. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы
2. Ұлы Отан соғысының тарихы
3. Ұлы Отан соғысына 71 жыл
4. Қорытынды
1.«Ұлы Отан соғысы» ұғымы
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).
2.Ұлы Отан соғысының тарихы
Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл. 9 мамыр - Жеңіс күнінің қарсаңында Ұлы Отан соғысының тарихына шолу жасайық.
30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп болды. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскерисаяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді.Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды.
Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан, соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен, оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды.
Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да құрды. Бұл батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті халқынан және құғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші қазақстандық қорғаныс және майдан объктілеріне тартылған. Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
3.Ұлы Отан соғысына 71 жыл
Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке.
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі біздерге өнеге. Олардың өнегелі өмірлерін жас ұрпаққа жан-жақты насихаттау, таныстыру кітапхана қызметкерлерінің міндеті. Қазіргі таңда біздер осы Жеңіске қалай жеткеніміз туралы ақпарат алып, аға-апаларымыз жасаған ерлікті естен шығармауымыз керек, енді ешқашан соғыс болмасын деген ұранмен жүруіміз керек. Кітапханаларда соғыс жылдары басылған кітаптар үлкен қызығушылық тудырды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың қосқан үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы материалдар, сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, қазақ батырларының каһармандықтарын баяндайтын кітаптары көбірек оқыған жөн.
4.Қорытынды
Өмір мен өлім арпалысқан қанқұйлы соғыстың жеңіспен аяқталуына үлес қосқан майдангерлер өнегесі ұрпақтан –ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Біз әрқашан аталарымыздың ерлігін мақтан етеміз. Ардагер аталарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Соғыс туралы тек үлкендердің аузынан естіп өсіп келе жатсам да, Жеңіс күні біз үшін үлкен мереке. Өйткені Отан қорғауда қанша аталарымыз мерт болды. Сол батырлардың жан беріп, жан алысқанының арқасында біз осындай бейбіт күнде өмір сүріп жатырмыз. Бақытты заманның ұрпағы екенімізді мақтан етемін.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: