Шығарма: Жеңісті жақындатқан қаһармандар

Шығарма: Жеңісті жақындатқан қаһармандар

Сүлеймен Хабиба
Алматы қаласы № 148 мектеп – гимназияның 5 сынып оқушысы
Жетекшісі: А.А. Салықбаева

Мен Қазақстанды жақсы көремін. Себебі мен осы елде тудым. Қазақ елі басынан талай қиындықты өткерді. Отанымның мақтанышы да өте көп. Оның тарихының түбі тереңде жатыр. Қазақтың батырлары да жетерлік. Ғалым, ғұламасы да жетіп артылады. Қазақстан даму үстінде. Өскелең жас ұрпақ оны көркейтуге атсалысуымыз керек. Қазақстанның әсем жерлері, тау мен тасы өте көп. Зерттелмегені де қаншама. Қазақтың даласы тұнып тұрған байлық. Тек оны ысырап қылмауымыз керек. Қазақтың жүрегінде мәңгілік өшпес от қалдырған жылдар, әрине, соғыс жылдары. Қазақ жерінде небір қантөгіс майдандар болған. Сонау елімізге моңғолдардың шабуыл жасауынан бастап, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жариялануына дейін қаншама майдан болды. Сондағы батыр бабаларымыз өсиет етіп қалдырған жері бабадан балаға дейін мирас болып сақталуы тиіс. Оны ары қарай жалғастырып, көркейту - біздің міндетіміз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Оны әр заманда да сақтап қалуымыз қажет. Тілімізді шұбарлап сөйлеудің тіпті де қажеті жоқ. Біз шет тілде сөйлесек, өзімізден кішілерге қандай үлгі, тәлімтәрбие береміз?! Ұлы Отан соғысы - қазақтардың басынан өткерген ең бір қиын кездердің бірі. Мен әрине ондай қасіретті көрмедім. Бірақ бабаларымның ондай азап шеккені өте аянышты. Сол заманда данышпан елім «Катюшаны»ойлап таппағанда , біз мұндай бейбіт өмір сүрмес едік.
Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Хиуаз Доспанова, Талғат Бигелдинов және т.б. батырларымыздың алдында мәңгілікке қарыздармыз. 1418 күнге және түнге созылған Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды. Олардың көпшілігі жер жастанды. Бірақ жауды ақыры жеңді. Соғыс жылдары 497 қазақстандық ерен еңбегі үшін Кеңестер одағының батыры атанды. Ал осы соғыста мыңдаған қазақ ерлік көрсетті. Қазақтар майданда ғана емес, тылда да еңбек етті. Қазақстандық еңбекшілер «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» - деп, күн демей, түн демей еңбек етті.Олар неғұрлым көп тер төксе, соғұрлым жеңіс туының көгімізде желбірейтінін түсінді. Осы соғысқа Қажымұқан Мұңайтпасұлы өзінің жинаған қаржысынан 100 рубль берді. Ол ақшаға ұшақ сатып алынып, онымен қазақ ұшқышы ұшты.
Қазіргі таңда 9 мамыр «Жеңіс күні» деп тойланады . Алматыда жиырма сегіз панфиловшыларға деген құрметіміздің нышаны ретінде 28 батырдың атында саябақ бар. Әрине олардың ерлігі ұмытылмас ерлік. Оның жөні бөлек. Бауыржан Момышұлы - Отан соғысында ерекше көзге түскен командирлердің бірі. Оның есімі ауылдарға, көшелерге, Республикалық әскери балалар мектебіне берілді. Сонымен қатар Бауыржан атамыз жазушы да болған. Оның: «Ұшқан ұя», «Төлеген Тоқтаров», «Соғыс психологиясы» және тағы да басқа туындылары бар. Шығармалары бірнеше рет шет тілдеріне аударылды. Ол өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыспен айналысады. Ұлы Отан соғысына қаһарман апаларымыз да қатысқан. Олардың бірі - Әлия Молдағұлова. Ол қазақтың бетке ұстар қайсар қызы. Оған Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілген. Оның бір жағынан нағашысы Әубәкірдің тәрбиесінде болғаны да оның жаужүрек болып өсуіне ықпал етті. Оның атында Мәскеудің №891 мектебі маңында мұражайы бар. Менің бір таңқалғаным, алпауыт мемлекет Ресей оны құрметтейді.
Мәншүк Мәметова апамыз да - қаһарман қазақ қызы. Ол соғыста қасық қаны қалғанша шайқасты. Аға сержант, пулеметші ол ұрыстарда асқан мергендігімен және табандылығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк Мәметова апамыз ақтық демі біткенше пулеметпен оқ боратып, ерлікпен қаза тапты. Туған жерінде оған ескерткіші орнатылған. Невель, Алматы, Орал және т.б. қалаларда оның атымен аталған көшелер бар.
Біз елімізді қасық қаны қалғанша қорғаған ата-апаларымызға мыңнан бір алғыс білдіреміз. Себебі, әрбір қазақ жүрегінде өшпес от қалдырды! Қазіргі таңда елімізде соғыс ардагерлері күннен күнге азайып барады. Оларға көмек көрсетіп, құрметтеу біздің міндетіміз деп білем. Еліміздің асқақтап, көркейгенін көрген олар балаша қуанар еді. Менің ойымша еліміз аман, жұртымыз тыныш болса алдыға қойған көптеген мақсаттарымыз орындалатынына кәміл сенемін!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Жеңісті жақындатқан қаһармандар туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Женисти жакындаткан каһармандар на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Жеңісті жақындатқан қаһармандар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]