Шығарма: Желбіре жеңіс жалауы!

Шығарма: Желбіре жеңіс жалауы!

Cабиева Амина
7-сынып оқушысы «І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия» КММ Алматы қаласы
Жетекшісі : Жаксымбетова Алма Алимбаевна

9 мамыр – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн-әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн-бүгінгі ұрпақтың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні. Н.Назарбаев
Ұлы Жеңіс Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып-типыл етті. Сөйтіп, соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінін дәлелі.Соғыста қазақстандықтардан жасақталған әскери бөлімде ата-бабаның ежелгі қаһармандық дәстүріне адал бола білді. Сол бір сұрапыл да отты жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек еткен тыл қаһармандарының ерлік істері де ешқашан ұмтылмақ емес. Осынау күн-бейбітшілік сүйгіш адамдар асыға күтетін қасиетті күн. Біз майдангерлер алдында және соғыстың ауыр жылдарында тылда жан аямай еңбек етіп, зауыт-фабрикаларды, ұжымдық шаруашылықтарды жеңісті жақындатуға үлес қосқан қажырлы жандар алдында басымызды иеміз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Біз жеңімпаздар ұрпағымен мақтанамыз. Бүгінгі Отан қорғаушылары, біздер үшін олардың соғыс жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерлігі-Отанға қызмет ету ісінде мәңгілік өнеге»,-деп айтқан болатын. Уақыт өткен сайын сонау сұрапыл қырқыншы жылдар оқиғасы тарих қойнауына еніп, оған қатысушылар қатары азайып келеді. Ендігі біздің парызымыз-ардагерлерді қамқорлыққа бөлеу.
1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адамын аттандырды. Статистика Жеңіс күніне олардың тек жартысының ғана аман жеткенін айтады. Қалғандары ұрыс даласында мәңгілікке көз жұмған. Ал бұл дегеніңіз-республика халқының 11 пайызы еді. Қандай қасірет десеңізші...
Бірақ олар бізге «Жеңіс!» атты қасиетті де, қастерлі сөзді сыйлап кетті. Сондықтан да біз сол аталарымыз бен ағаларымызға мәңгілікке қарыздармыз. Өйкені бұл Жеңіссіз планетада бейбітшілік болмас еді. Бұл Жеңіс болмаса көптеген елдер мен халықтардың тағдыры басқаша қалыптасар еді. Бұл Жеңіссіз бүгінгі тәуелсіз Қазақстан да болмас еді.
9 мамыр- бұл 71 жыл бойғы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған ақжолтай күн.. Фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні... Үйіне, отбасына, ата-анасына оралмаған аталарымызбен ағаларымызды сарыла күткен сағыныш күні... Бұл күні аналар мен жесірлердің жүрегі осыдан 71 жыл бұрынғы 9 мамырдағыдай сыздайды. Дәл 1945 жылғыдай бүгін де жеңімпаздардың, олардың балаларының, немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен лүпілдей соғады! Бүгін ардагер ағаларымыздың ұрпақтары тәуелсіз Қазақ еліне өзінің адалдықтары жөнінде ақ шашты аталары мен самайын қырау шалған акелері алдында ант береді!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Желбіре жеңіс жалауы! туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Желбире женис жалауы! на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Желбіре жеңіс жалауы!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]