Шығарма: Жеңістің құны төгілген жас қан
Орынбасарова Альбина
7-сынып оқушысы «І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия»КММ Алматы қаласы
Жетекшісі : Жаксымбетова Алма Алимбаевна

Халқымыз қашанда асыға күтіп, қуанып қарсы алатын Жеңіс күні де таяп қалды. Алайда , ұлы жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ . Біреудің жан-жары, біреудің әкесі, біреудің нағашысы, біреудің жиені кескілескен шайқаста мерт болды. Қай отбасын болмасын ауыр қайғыға душар етті. Осыншама адалдықты ары мен жанына серік еткен абзал азаматтарымыздың ерлік даңқы ұрпақтан - ұрпаққа жаңғырып жете бермек. Біз осы күндерден қанша алыстаған сайын олардың тау тұлғалары біздің санамызда биіктей береді, биіктей береді. Кіндік кесіп, кір-қоңын жуған жерін тек қана адалдықпен сүйген аталарымыздың жүрегі:
« Бола ма соғыс ? – Біздікі жеңіс!
Бірақ та соғыс болмасын деңіз!
Жеңістің құны – кесілген білек,
Жеңістің құны – тесілген жүрек,
Жеңістің құны төгілген жас қан…
... Бола ма соғыс ? – Біздікі жеңіс!
Бірақ та соғыс болмасын деңіз! » - деп соққанына еш күмәніміз жоқ. Екінші дүние жүзілік соғыс адам баласын тарихта есепсіз шығынға ұшыратты. Ол миллиондардың тағдырына дақ түсіріп, жүректерге жазылмас жара салды. Көлемі, қаталдығы, адам және материалдық шығыны жағынан бұл соғыс адамзат тарихында жойқын ұрыс болды. Осыншама қасіретті басымыздан өткере отырып, бірауыздылықтың арқасында Ұлы Жеңіске жеттік. Гитлерлік Германияда бұрынғы КСРОны құртып, оны мекендеген халықтарды нәсілдік қорлау мен кемсітушіліктің мемлекеттік жоспары жасалынған болатын. Неміс фашистері кеңес адамдарын құл етуді ойлады. Сондықтан кеңес жауынгерлеріне өз елінің әр қадамы үшін қасықтай қаны қалғанша соғысудан басқа жол қалмады.
Ерліктің сан қыры бар. Дегенмен, ерлік – өмір мен өлім бетпе-бет келген сын сәттегі ерекше іс әрекеттің жемісі !

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: