Шығарма: Болмасын соғыс, болмасын!
Сәкен Еркін
5 сынып, Жалаулы орта мектебі
Раймбек ауданы, Жалаулы ауылы
Жетекшісі: Бектурған А.Б.
5 сынып, Жалаулы орта мектебі
Раймбек ауданы, Жалаулы ауылы
Жетекшісі: Бектурған А.Б.
Жыл сайын мамыр айы туғанда әрбір адамзат ерекше күрсініспен еске алатын, сондай – ақ ерекше толқыныспен атап өтетін бір күн бар. Ол – Жеңіс күні! Биыл міне батыр бабамыз Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккелі жетпіс бір жыл өтті. Алайда, жер әлемді дүр сілкінткен, әрбір бейбіт тұрғынның санасын сансыратқан «Бүгін, 1941 жылдың 22 маусымы, таңғы сағат төртте Германияның қарулы күштері соғыс жөнінде ешбір ескертпе жасамастан Кеңес Одағының шекарасын шабуылдады» деген хабарлама күні бүгінге дейін кеудеге үрей мен қорқыныш ұялатады. 1418 күн мен түн бойы Отан үшін сұрапыл соғыс жүрді. Соғысқа алынған әрбір сарбаз басын бәйгеге тігіп, ажалмен бетпе – бет келіп, жауына қасқайып қарсы тұра білді, ақтық демі таусылғанша айқастан тартынбады. Жеңіс жолында бірі бақытты балалығын, бірі жігерлі жастығын, бірі денсаулығын, енді бірі өмірін құрбан етті, талай жас қыршынынан қиылды, көптеген отбасы қара жамылып қалды. Еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен қолынан келгенше тылда тыным таппастан еңбек етті. Нәзік жанды әйелдер бір – ақ сәтте қайраттанып, балалар бір – ақ сәтте есейіп кетті. Сұм соғыс зардабын тигізбеген бірде - бір отбасы, жанына жазылмас жара салынбаған бірде – бір пенде жоқ. Жеңіс жолы қиын, азапты да ауыр болды. Бұл сұрапыл тек 1945 жылдың 9 мамырында аяқталды. Көгілдір көктеммен бірге, көптен күткен Жеңіс те жетті! Жүректерге үрей, жанарларға жас ұялатқан Жеңістің дәмі ащы болды.
Осы жалынды Жеңістің жолында менің атамның да еңбегі бар. Атам Сыдықов Қасейін Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаулы елді мекенінде дүниеге келген. 1930 жылдан Албанда, Айт – Бозым руында алғаш мектеп ашқан Бозым баба атасынан оқыған, кейіннен Майлы Орманұлының Жалаулыда ашқан мектебінен дәріс алып, сауатын ашады. 1941 жылы атам да өзге ер – азаматтар секілді майданға аттанады. Ұлы Отан үшін болған қанқұйлы соғыста 575 – Атқыштар дивизиясының қатарында Сталинград қаласы үшін шайқасты. 1943 жылы қатты жараланған атам елге қайтады. Содан соң өмір бойы Ұзынбұлақ асыл тұқымды қой совхозында еңбек етті. 1954 жылы Алматыдағы есеп – қисап техникумына сырттай оқуға түсіп, «бухгалтерлік» мамандығын игереді. Атам ауыл ақсақалдарының төрағасы болып, ел ішінде тентектік жасағандарды тәртіпке шақырып, жолға салды. Ол артынан ерген ұрпақтарына еңбек еткен азаматтың есікте отырмайтынын қарапайым тіршілігімен дәлелдеген. Осы үлгісін құрметтеген елі Жалаулыдағы орта мектептен Қасейін Сыдықовтың атына, яғни менің атамның атына сынып ашты. Өкінішке орай, атам 2007 жылы шілденің бірінші жұлдызында дүниеден озды.
Атам Отаны үшін болған айқаста «Бірінші дәрежелі Даңқ» орденімен марапатталған. Ол кісі өмірден өткенге дейін ауыл ғана емес, ауданда өткен барлық салтанатты жиындар мен айтулы күндерден қалыс қалған емес, қайда барса да үлкен құрмет пен зор қошеметке бөленді. Мен атамның ерен ерлігін бүгінде өзімнің сыныптастарым мен достарыма мақтана айтамын.
Жақында Ұлы Жеңістің жетпіс бір жылдығын атап өтеміз. Бірақ, бұл Жеңістің біздерге қандай жолмен келгенін жадымыздан шығармауға тиіспіз. Сол кезде бар – жоғы он жетіде болған жалынды жігіт қазіргі таңда сексеннің сеңгіріне шыққан қарт атанды. Өкінішке орай, жыл сайын Жеңіс сыйлаған ерлеріміз бен тылда тынымсыз еңбек еткен жандар қатары кеміп келеді. Біздер, Отан үшін от кешкен сол батыр бабаларымыздың есімдерін ешқашан ұмытпауымыз керек. Мен өз халқымның ержүрек ерлерімен, ерен еңбеккерлерімен мақтанамын! Бүгінгі бейбіт күн үшін, бақытты балалығымыз үшін, арайлап атқан әрбір таң үшін, күлімдеп батқан әрбір күн үшін алғысымыз шексіз сіздерге, аяулы Ардагерлер!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: