Шығарма: Қазақ елінің мақтанышы

Шығарма: Қазақ елінің мақтанышы

Қазан Нарбол
2 сынып, Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп- гимназия
Ақсу ауданы
Жетекшісі: Данабатырова Н.И

Мен Қазан Нарбол, 2014 жылы Қытай жерінен өзімнің Отаныма, атабабамыздың кіндік тамған жеріне көшіп келдім. Ол кезде мен небәрі төрт жастан бес жасқа қараған шағым еді. Жасым бестен асқан кезде мен аудан орталығындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы орта-мектеп гимназиясының мектепалды даярлық сыныбына қабылданып, қазір осы мектептің 2 «Б» сыныбында оқып жүрмін. Сол кезден бастап ұстазым Нурхия Иембергенқызының әр айтқан сөздерін құлағыма құйып,бойыма сіңіріп өсіп келемін. Қазақ елі, жері туралы, тарихы мен ұлы тұлғалары жайында көп мағлұмат алдым. Елімізден шыққан қаһармандарымыз жайлы жүректен шыққан сөздерімді,өз ойымды ақ қағаз бетіне былайша түсірдім.
Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толып отыр. Кеңес Одағының батырлары – Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов және жерлестеріміз Есмұрат Сиқымов пен Нұрсұлтан Есеболатов сияқты көптеген аталар Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бұл кісілер өз өмірін қия отырып, біздің Отанымызға азаттық алуына көмектесті. Сөйтіп, қазақ елінің мақтанышына айналды. Біз батыр аталарымыздың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Олардың рухы өлмейді. Қазақстанның біз сияқты жас жеткіншектері Отанымыздың тұтастығын, елбасы айтқан «мәңгілік ел» идеясына берік болып, Отанымызды қорғаймыз. Кеңес Одағының батырлары сияқты қайтпас жүрек, жоғары рухты, батыр ұл мен қыз болып ер жетуіміз керек.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Қазақ елінің мақтанышы туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Казак елинин мактанышы на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Қазақ елінің мақтанышы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]