Шығарма: Мәңгі жас бейнелер
Мені екінші дүниежүзілік соғыс жайлы деректер көп қызықтырады. Дәлірек айтар болсам ел басына күн туған шақта бес қаруын асынып, қан майданда жаумен бетпе-бет келіп,нағыз қаһармандықтың үлгісін көрсетіп,еліміз тарихында аттарын аңызға айналдырған батыр апаларымыздың бейнелері үнемі көз алдыма келеді. Кешегі өткен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың-қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерліктері туралы біздер көркем шығармалардан, оқулықтардан, кинотуындылардан білеміз.
Айдаһар болып майдан жұтып жатты
Ата мен немеренің аралығын- деп ақын атамыз Қадыр Мырза Әли суреттегендей соғыс зардабы қазақ қыздарының да тағдырын айналып өтпеген екен. Ұлы Отан соғысы басталған күннен-ақ мыңдаған қазақ қызы майданға сұрана бастаған. Тарихи деректерді ақтара отырып төмендегідей мәліметтермен таныстым: 1941-1945 соғыс жылдарында бір миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған .Мұның елеулі бөлігі қыздар болған. Ақтөбе облысынан 1941-1942 жылдары әскерге алынған 80226 адамның 950-і әйелдер мен қыздар болған. Атырау қаласынан 23,Доссор кентінен 4, Қызылорда облысы Арал ауданынынан бірнеше ондаған қыздар мен әйелдер майданға аттанғанын дәйекті деректер анықтайды. Әскерге алынған қыздар соғыс техникалары мен құралдарын жетік меңгеріп алды.Шайқастарда ерлік көрсетті.Халқының абыройын асырды,елінің даңқын шығарды. Кеңес одағының батырлары,пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген апамыз Әлия Молдағұлова, халық қаһарманы,ұшқыш Хиуаз Доспанова тағы да басқа көптеген апаларымыз түрлі мазмұнда әскери қызметтер атқарып, майдан шебінде ерлермен қатар жауға қарсы шайқасқан. Жас шамасы18 бен 20 –ның арасын ғана қамтитын өрімдей қазақ қыздарын осындай сын сағаттарда ел мен жер үшін еш тайсалмастан от жалынның ортасына түсірген ерліктің сыры неде екен деп ойға батамын.
Ерлік пен батылдық қазақтың жанымен бірге жаратылатын ұлық қасиеттер болар.Шексіз даласы,дәстүрі мен салты,тілі мен мәдениеті- өр қазақты ерлікке бастайтын Отаншыл рухтың қайнар көзі.Менің батыр апаларым сол бастаудан нәр алған, сол қайнардан қуат алған хас батырлар.
Сөз зергері,атақты жазушымыз Ғ.Мүсірепов қазақ қызының бейнесін былай сипаттайды: «Аталар заманы қазақ қызын еркелетпей өсірді...Ортада от,жабықта қырау, тыста сықырлаған аяз.От басында бүрсең қаққан кәрі мен қызыл сирақ бала ғана.Азамат ат үстінде,малда.Қазақ қызы-азамат,ол да сонда.Ақ жүзінде қызыл шырай. Ол- суықтың сүйгені.Кірпігінде қырау,білегінде құрық. Жадырап жаз келсе,көшпелі өмір түйесін қомдайды.Сахара жүріп,жол кезіп,ел көшеді.Қазақ қызы ақ мамықтың үстінде бой күтумен ер жеткен жоқ.Қыс аяз сорып,жаз ыстық пісірді оны.Бөрік астында бөрі бар,жар астында жаз.Ал әкетті,жау жетті- ұйқы сергек,ойың сақ. Садақ белде, найза қолда, әр азамат –жауынгер,соның бірі қазақ қызы еді». Ғабит Мүсіреповтың бұл сөздеріне апаларымыз сын сағаттарда көрсеткен ерен ерліктер шын дәлел екені һақ.
... Иә,1945 жылдан бері көп өзгерістер болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Бірақ, менің ұғымымда,санамда сол күйі өзгермей қалатын абзал бейнелер бар. Ол- Мәншүк,Әлия апаларымыздың мәңгі жас бейнелері. Жасын ғұмыры отты жылдардың алауы болып жанған асыл апаларым жайлы толғауымды мына өлең жолдарымен аяқтағым келді:
Аға ұрпақ қиындықты көп көрген,
Сүрінбеген талай қиын өткелден.
Жастық шағын соғыс оты ұрлаған,
Жау шебінде атой салған,сынбаған.
Сол жандардың аңыз болған ерлігін
Жиі еске алып,мақтан етем мен бүгін.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)
» Шығарма: Әрқашан күн сөнбесін, аспаннан бұлт төнбесін!
» Сабақ жоспары (ұмж): Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР мәдениеті (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)
» Шығарма: Желбіреген Жеңіс туы
» Сабақ жоспары (ұмж): Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз: