Шығарма: Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

Шығарма: Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

Убайдулла Гаухар
11 класс, №3 Қарауылкелді орта мектебі,
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
Жетекші: Тынышбаева Лиза Жакиповна

1941 жылдың жазы. Таң алдында тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Бойжеткен жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы таяғын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл 1418 күн мен түнге созылған соғыста өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақтың болашағы үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украйна қарсы алдындағы жауға алынбас қамал болып жұмылды. Сол кездегі кеңес одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған шайқастарда батырлықтың тамаша үлгісін көрсетті. Украйнаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті. Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында Жеңіс туын көтеріп өтті.
Қазақ қыздары да соғыс ауырпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпетальдармен борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары — Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы – Х.Доспановаға Кеңес Одағының батыры М. Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300- ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004-жылы Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірді-бір үлкен шайқас болмады. Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан- байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына көзіміз анық жетеді. Оған мысал ретінде айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың Кеңестер Одағының Батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Соғыстың қысылтаяң кезінде емшектегі баласын жергөкке орай салып, кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан олардың жарлары мен аяулы ата- анасын, туыстарын, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем, ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін болсын!» деген игі ниетті асыл сезімін кім есінен бір сәтке шығара алады. Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында майдан да, тылда да есі жаңа кіріп келе жатқан жас баладан бастап, жасы жүзге келген Жамбылға дейін отандастарымыз жауға қарсы майданға жаппай қатысты. Сол жылдары миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейіріммен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикакаларға, майданға керек оқ-дәріні, азық- түлікті жеткізуші үлкен арсеналға айналды.
Ұлы Отан тарихының беттерін парақтаған адам Жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталып, бейбіт өмірге үлкен опат әкелген әділетсіз соғысқа Қазақстаннан әр түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан қаншама боздақ туған жер топырағын басу бақытына ие бола алмады. Бірінің асқар тау әкесі, енді бірінің бауыры елге оралмай, отбасына жазылмас дерт пен қайғы әкелді. Қаншама жас боздақтың қыршын жасы қиылды. Ішінде арқалы ақыны да, әйгілі әншісі де бар еді. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға-ай қанша Абайлар мен Шоқандар кетті екен. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы. Ұлы Жеңіс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға. Бұл күнді соғыстың алдыңғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Сонымен бірге бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні- түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.
Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз- өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп, төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған- туыстарына, жақын жандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып-тиыл жермен жексен етті. Соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін салды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет ғана емес, сонымен қатар ол халықтардың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр- қайратының, бірлігінің дәлелі. Соғыста қазақстандықтардан жасақталған әскери бөлімде жауынгерлер ата- бабаның ежелгі қаһармандық дәстүріне адал бола білді. Сол бір сұрапыл да отты жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек еткен тыл қаһармандарының ерлік істері де ешқашан ұмытылмайды.
Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз үлесі деп білеміз, бұл күнді қазақтардың әлі талай буыны мерекелейтін болады. Соғыстың шарпыған жалынын тоқтату жолында көптеген азаматтар қаза болды. Бірақ олардың алып берген жеңісін кейінгі ұрпақ бағалауда. Ашық Аспан әрдайым болу үшін барлық күштерін сарп еткен азаматтарға да бір мың алғыс. Ұлы жеңіс кейінгі ұрпаққа аманат!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Ерлік ешқашан ұмытылмайды! туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Ерлик ешкашан умытылмайды! на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]