Шығарма: Жеңіс сарбаздары
Скендирова Қырмызы
9- класс,М.Құсайынов атындағы
Ақтөбе Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат.
Жетекшісі: Джулаева Балия Бабыковна

Аға ұрпақтың Ұлы Отан соғысының от жалынды ерлік істері, соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы қажырлы еңбектері біз үшін өшпес өнеге, өлмес мұра. Н.Ә.Назарбаев
Екінші дүниежүзілік соғыс тура немесе жанама түрде болса да. Өз шеңберіне Жер шарының барлық құрлықтарын, мемлекеттері мен халықтарын дерлік тартты. Бұл соғысқа бүкіл Жер жүзі халқының 80 пайызы тұратын 61 мемлекет қатынасты.
1940 жылы жасалған «Барбаросса» жоспарына сай Германия қысқа мерзім ішінде Архангельск-Еділ-Астрахан шебіне шығуды көздеді. «Барбаросса» жоспарын жасағанда фашистік Германияның басшылары КСРО-ны «көптеген ұлттардың жасанды әрі әлсіз бірлестігі», «ішкі бірліктен айырылған этникалық конгломерат» ретінде қарастырды.
И.В.Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. Қазақстанда кеніш, шахта, түсті және қара металлургияның байыту фабрикалары, мұнай өңдеу зауыты іске қосылды. Ұлы Отан соғысында қазақтың көптеген ұл-қыз батырлары ерлікпен шайқасты. Соның ішінде зор мақтанышпен үрімдей жас бүршік Әлияны сөз еткім келеді.
Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында дүниеге келді. Әлияның анасы Маржан 1933 жылы қайтыс болады. Анасыз қалған екі баланы бағу қиын болғандықтан, әкесі оны анасының інісі Әубәкірдің тәрбиесіне береді. Ол оны Москваға, Ленинградта оқуға жібереді. 1941 жылы оқуын бітіріп, Ташкентке оралады. 7-сынып бітірген Әлия үздік атқыштар даярлайтын әйелдер мектебінде оқыды. 1943 жылы мектебін бітіріп, 2 Прибалтика майданына қарасты 54-дербес атқыштар дивизиясының бөлімшесіне мерген болып барады. Майданда әлденеше рет ерлік пен табандылық көрсеткен Әлия 1944 жылы 14 қаңтарда Казачиха деревнясы үшін болған ұрыста ерлікпен қаза тапты.
Жас батыр бар болғаны 19 жыл өмір сүрді. Жауынгерлік жолы да қысқа өмірі аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында ел сүйсінерлік ерлік жасап, артына өшпес аңыз қалдырған. Балғын Әлияның бейнесі көкейімізде жас қалпында ұялап қалды. Жігіттерге батыр болуды Құдайдың өзі жазса, жүз жігітке татитын ерлік жасаған Әлияның орны бір төбе.
Талай батырды, ақынды, асылды асқақтатып, дархан халқымыз ел үшін қыршындай қиылған 19 жасар Әлиядай қызғалдағын туған елінің жүрегінде мәңгілік ұялату үшін Ақтөбе қаласының орталығында батыр қызға арнап меморильдық мұражай ашты және туған жері Бұлақта Әлия атындағы шаруашылықтың орталығында мәрмәр тастан жасалған тас бейне,үйінің орнына белгі құлыптас қойылған. Әлияның есімімен мектеп, көше, мұражай аттары аталады. Ұрпақтар алмасқан сайын ерлікке құрмет деңгейі де биіктеп, батыр тұлғасы асқақтай түскендей, Қазақстан тәуелсіздігімен бірге Әлия ерлігінің өнегесі, елдіктің белгісіне айналды.
Ұлы Отан соғысында еліміз зор шығындарға ұшырады. Қалалар мен ауылдар, зауыттар мен фабрикалар қиратылды, адамдар қырылды. Қанша жас бала жетім атанды, қанша қүмістей әйелдер жесір боп сорлап қалды. Соғыс халыққа орны толмас қайғы-қасірет әкелді.
Отанымыздың намысы мен бостандығын сақтап қалған, ата жаумен жан қияр шайқастарда ерлік пен батырлықтың тамаша үлгісін көрсеткен, бейбітшілік туын көтерген барлық соғыс ардагерлеріне тек 9-мамыр күні ғана емес, әрбір күнде, әр минутта, әр секундта зор құрмет көрсете отырып, ілтипатпен еске алуымыз керек. Осылайша, «Ұлт жүрегі-насихат» дегендей, олардың қажымас батырлығы мен таймас ерлігі жас ұрпаққа кереметтей насихатталып, жас ұрпақты елін, жерін, туған халқын шексіз сүюге баулып, намысты қолдан бермеуге үйретеді. Елімізді алтындай жарқыратып, көк туын желбіреткен, Бабамыздың табаны тимеген жерге – қаламымыздың ұшын тигізген, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт өмірде сүріп отқанымыз – қажырлы да қайратты, намысты да айбатты ата-бабамыздың арқасы. Әр майдангер ұрпағының жүрегінде боздақтарымыздың ерлікке толы істері мақтаныш пен қуаныш сезімін ұялатады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: