Шығарма: Соғыс жылдары

Шығарма: Соғыс жылдары

Жубжанов Аян
9 класс Жарсай негізгі мектебі
Актобе облысы Қобда ауданы
Жетекшісі: Мамбетова Дария Сагидуллаевна

22 маусымда дәл сол күні Ұлы Отан соғысына75 жыл Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан да ұмытылмайды!
Осыдан 75 жыл бұрын таң қылаң бере фашистік Германия кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып Қарсы алғандардың қатарыңда Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен оңдаған мың Қазақстандық шекерашылар болды. Атақты Брест гарнизонның өзінде 1941жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бырақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысында қосыолды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбінесе сүйегі белаусь жерінде қалған. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан,бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен бастап жұдырыұтай жұмылды. Республиканың түкпір түкпірінде әскери коммисарларға еріктілер ағылды. 1939 жылдың дерегі бойынша біздің республикамызда 6,2 милион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына милиондаған мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы басқа да, құрлымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивизиясы,100-және 101-ші және ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209шы Зайсан 219-шы минометтік 85-ші зенеттік 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 600 жүк жеңіл автокөлік, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты 1941-1945 жылдарда әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.
Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерлік тері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-орденмен марапатталлса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батырын, 100-ден астам-Даңқ орденінің толық иегері атаніан. Төрт Қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атынды, олар Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда.
Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы менген Әлия Молдағұловамен пулеметші Маншүк Мамбетова бар. Рейстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі-қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың біріҚасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлы 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.
Соғыстың тек майдан даласында ғана емес, тылда жүргені мәләм. Гитлерліктер КСРО-ның батыс аудандарының басып алғаннан кейін, Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт артқан. Жаудың қолына бермеу үшін соғыстың алғашқы айларында өнеркәсіптік кәсіп орындардың барлығы тылға көшіріле бастауы. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстанның аумағына 142 кәсіп орын жайғастырылды 532 506 адам көшірілді. Оған қоса, жаңа өнеркәсіптік нысандардың 1,5 жылында Қазақстанда 25 кен орын мен шахта, 11 кен байыту фабрикалары, 19 жаңа көмір шахтасы, 3 разрез, 4 жаңа мұнай кеніше мен Гурьевтегі мұнай өндеу зауыты іске қосылды. Темір жол құрылысы жалғасты. 1942-1943 жылдары мақат-орск, Ақмола-Магнитогорск желілерінің құрылысы аяқталды. Соғыс жылдары Қазақстан жалпыкенінің 60% , мыс кенінің 50%, металл вис мутының 65%, полиметалл кеңдерінің 70%, мырыш өнімінің 85% берді. Қорғаныс өнеркәсібіне қажетті мыстың үштен бірі Қазақстанда өндірілді, сондықтан да соқыс жылдары әрбір 10 оқтың тоғызы Қазақстанда құйылды. Республикада танк және ұшақ жасауға ақша жинау қозғалысы жүрді 1941 жылдың күзінде Бүкілқазақтың лениндік коммунистік жастар одағы (ВЛКСМ) атындағы танк девизиясын құруға қаржы жинала бастады да, бір жылға жетер-жетпесуақыттың ішінде армия қазақстандық комсомолдардың 45 жаңа танк алды. Кейіңірек халық қаражатына тағы 10 танк калоннасы, бірнеше авиациялық экскадрилия, торпеда катерлер мен атаулы ұшақтар жасалды. Соғыс жылдары Қазақстан халқы жауынгерлік техникалар жасауға 480,3 миллион рубль жинап берді.
Жеңіске Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап айтқанда еліміз 30,8 миллион пұт астық, 14,4 милион пұт картоп және көкөніс, 15,8 милион пұт ет, 3,194 мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн берді. Бұл соғысқа дейінгі бес жылдағы көрсеткіштен бірнеше есе көп. Республиканың барлық экономикасы әскери «рельске» қойылды: бейбіт мақсаттағы шығыстар барынша қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөпірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық 23 сағаттық жұмыс күні бекітілді, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ешкім қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан, бәрі де ЖЕҢІС үшін!» деген ұранмен еңбек етті.
КРСО-ның батыс өңірлерінен көшірілген халықпен қоса, 1941 жылдың күзінде Қазақстанға жүздеген мың немістер мен поляктар жер аударылды.
Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды. Майдан даласында алтыжүз мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат тарихында бұлең зұлмат соғыс жиырма миллионнан астам кеңес адамзаттарының өмірін қиды. 1 710 қала және 70 мыңнан астам селодеревнялар, 31 850 өнеркәсіптік кәсіп орын, 65 мың шақырым темір жол, 4 100 темір жол станциясы, 36 мың пошто телеграф мекемесі. 40 мыңдай аурухана немесе басқа да емдеу мекемелері, 74 мың мектеп, техникум, жоғарғы оқу орны, ғылыми-зерттеуинституды, 42 мың кітапхана және басқа да көптеген нысандар жойып жіберілді, тоналған.
Мен Ұлы Отан соғысын 10 бет жазайын 100 бет жазайын, қанша бет жазсамда соғысты толықтыра ала-алмаймын.
Жеңіс күні мәнгілікке есімізде қалады. Биыл Ұлы Отан соғысының басталуына 75 жыл болады, ал Ұлы Жеңіске 71 жыл толғалы отыр!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Соғыс жылдары туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Согыс жылдары на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Соғыс жылдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]