Шығарма: Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес

Шығарма: Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес

Жаңабергенова Әсел
9 сынып, Қарауылкелді орта мектебі
Ақтөбе обылысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді селосы
Жетекшісі: Қазыбекова Арзия Мелсқызы

Мен бұл тақырыпты таңдау себебім, осыдан 75 жыл бұрын болған, адамзат тарихындағы ең сұмдық соғысты ұмыту мүмкін емес. Біз Ұлы Жеңісті ұмытпағанымыз секілді, азапқа толы сол бір кезді ұмыту мүмкін бе?! Ол біздің жүрегімізге ұмытылмастай із қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайрымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер – солдаттардың айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтінін белгісі болып қаламақ. Бізді аталарымыз бен бабаларымыздың батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жастары үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, сонымен қатар абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізген болатын. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Сол соғысқа қатысқан жауынгерлердің арасында, 96 жауынгер Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және тағы басқалар. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Соғыс майданы Мәскеуде, Сталинградта, Ленинградта болып жатты. Көрнекті Қазақ ақыны- Жамбыл Жабаев атамыз Ленинградтың ауыр тағдыры туралы «Ленинградтық өренім » өлеңінде:
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенің сүйкімді,
Бұлағымдай көремін, - деп жырлаған болатын Соғыс - күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды да жер ететін, дәл осы соғыс. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтседе , еш нарсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы – бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнекей жағада тұр, - деп жырлаған Мұқағали атамыздың сөзін өз ойыммен жалғастырғым келеді. Қазіргі таңда қарияларымыздың азайып бара жатқанын, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман есен оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып бара жатыр емеспе?! Солардың жанымен, қанымен, күшімен, көз жасымен, ерлігімен, туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, талын шағып, туын жығып жеңісітің жемісін көрген күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халық үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарынының аманатын арқалап аман есен оралған ардагер аталарымыздың өздері қорған, қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы.
Біз Ұлы Отан Соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңе теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине « бірлік ». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс 15 одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Москва, сенің іргеңді,
Ел, ер болып сақтаймыз.
Сенен аяр жан да жоқ,
Барлығыда сен үшін,
Саған қауіп төнген де,
Жау таянып келгенде,
Қамсыз тыныш жатпаймыз.
Алпыс ұлттың адамы,
Қолыстасып үн қосып,
Қорғауға сені дайынбыз, - деп жазған жерлесіміз Нүрпейіс Байғанин атамыз өлеңінде халқымыздың Мәскеу қаласына деген ерекше құрметі байқалады.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынын бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Мәскеу мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ елі басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін батыр халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ Қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанын ашық көзіміз жетеді.
9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, халықтың батырлығы. Біздің парызымыз - бұл күнді есте сақтау біздің ардагерлерімізге лайықты қамқорлық көрсету оларға көмектесу керек.
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы құтты болсын! Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата- апаларымыз аман болсын! Келешек елімідің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасын.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Еліміз егемендік алғаннан кейін ардагерлерімізге ерекше қамқорлық жасап келеді. Бұл да Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында іске асып отыр. « Барлығы Отан үшін » деген ұранмен өмір сүріп, бар ғмырын Отанына арнаған қарияларымыздың амандығын тілеу, әрбір адамның міндеті.
Ешқашанда батырлар ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен еңбектері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – бұл әрине, болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің, адал патриоттары, достық пен бірлік туралы айту арқылы Отан сүйгіштікке тәрбиелеп, баулып отыру.
Жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Ешкім де ұмытылмайды еш нәрсе де ұмытылмақ емес туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Ешким де умытылмайды еш нарсе де умытылмак емес на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ешкім де ұмытылмайды еш нәрсе де ұмытылмақ емес

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]