Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл

Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл

Шуйнші Елік
7сынып Ново-Александровка
№2 орта мектебі Ақмола облысының Атбасар ауданы
Жетекшісі: Хамбар Сайрагуль

Жауды жеңіп табиғат сап,
Жермен –жексен еткен ерім
Қуан, қуан, күлші сақ-сақ,
Шын жеңіске жеткен елім

Соғыс - күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсріп, елестететін газет- журнал материалдары радио, телехабарлар , кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә содан беріжарты ғасырдан астам уақыт өтсе де,ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Осыдан жетпіс бір жыл бұрын ,дәл таң қыла бергенден фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғыста біріншілердің бірі болып Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық- шекарашылар қарсы алған еді. Соғыс өрті кенеттен тұтанғанымен Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты алғашқы күннен – ақ жұдырықтай жұмылды. Республиканың түпкір- түпкірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да, соғысқа сүранды. Біз соғыстың тек қана майдан жерінде ғана емес, тылда да жүргенін айқын білеміз.
Гитлерліктер КСРО-ның батыс аудандарын басып алғаннан кейін , Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңызы күрт артқан. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлығын жаудың қолына бермеу үшін тылға көшіре бастады. Қысқа мерзімнің ішінде Қазақстан аумағына жүз қырық екіге жуық кәсіпорын жайғасты. Ер азаматтардың барлығы армия қатарында болғандықтан , зауыттарда әйелдер, қариялар мен жасөспірімдер тынбай тер төкті. Еңбек тәртібі қатайтылды , жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық , жиырма үш сағаттық жұмыс күні бекітіліп, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ел «Бәрі де , майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!», деген ұранмен еңбек етті.Сол кездегі Кеңес Одағының халықтарының тұтасқан бірлігі мен мызғымас достығы, халық пен әскердің жаппай ерлігі Жеңісіміздің кепілі болды. Гитлер және оның төңірегіндегі дүлейлер Кеңес елін «Тұтқиыл» шабуылмен талқандап, әлемдегі тұңғыш социалист мемлекетті құртып жіберуді, совет адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін герман империализмінің отарына айналдыруды ойлады. Бірақ , совет халқы міз бақпай, анталап келген жауға айбындылықпен қарсы тұрды. Халық Коммунистік Партиясының басшылығымен өзінің Отанын қорғауға батыл бел буып шықты, әділетті азаттық соғысқа жұп жазбай тұтаса көтерілді. Бұрын болып көрмеген табандылық пен қайсарлық көрсетті. Осындайсұрапыл соғыс күндерінде халқымыз майдан мен тылда жеңіс үшін! Керекті жағдай жасаудың ауыр жүгін көтерді. Майданға кеткен талай мығдаған жұмысшылар мен шаруалардың орнына шексіз қиын, ұйқысыз , ас-сусыз еңбек вахтасында әйелдер мен балалар , мүгедектер мен зейнеткерлер тұрды.Әр отбасының басшысы майданда болды. Біз ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңе теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш –әрине , «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес Одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Жерім, менің іргемде,
Ел, ер болып сақтаймыз.
Сенен аяр жанда жоқ,
Барлығыда сен үшін.
Саған қауіп төнгенде,
Жау таянып келгенде.
Қамсыз тыныш жатпаймыз,
Алпыс ұлттың адамы,
Қол ұстасып, үн қосып,
Қорғауға сені дайынбыз, - деп жазған Нұрпейіс Байғанидің өлеңінен Отанға деген ыстық махаббатты сезе аламыз. Сондықтан, сол кездегі адамдарға тәулік бойы жұмыс істеуге тура келді. «Бір минут ішінде сен соғысқа дейін бір сағатта істегеніңді істеуге тиіссің!» деген бұйырықпен еріксіз жұмыс істеулерге қарамастан асқан шыдамдылық танытып, ешқандай қысым көрсетуісіз- ақ ұйымшылдықтың асқақ үлгісін көрсетті.
Басталды ойсыз жерден мына соғыс, Отырмыз Сталинде болып қоныс. Ештеңе көрмеген әйел сорлы, Шахтада ұйымдасып болдық таныс. деген жолдардан еңбекшілердің мұң-зарын сезуге болады.
«Біз кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады.... Біздің үрейді жеңетін күшті қаруымыз бар, ол- Отанға деген сүйіспеншілік!»-деп еліне, жеріне деген шексіз махаббатын, құрметін майданда дәлелдеген, бүкіл әлемді мойындатқан халқымыздың бітуар азаматы, қайталанбас тұлға Бауыржан Момышұлының орны өте бөлек. Ол туралы Мұхтар Шаханов былай деді:
Көз жұмғанша ел мүддесін ту ғып ұстап қасарған, Ар мен намыс сөз болғанда өзіңнен кім аса алған. Бір ғажабы: қан майданда көзсіз батыр атанып, Куәлігін жарты ғасыр кеш алған.
«Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты» деп Баукеңнің өзі айтқандай оның есіміел жүрегінде мәңгі сақталды.
Қолын кессең бір сөз айтпас,
Шын қаһарман ер жігіттер.
Аз болмады қазақта,
Төсін оққа төсеген - дегендей батыр аталарымыз С.Баймағанбетов, Д.Шыныбеков, С.Жылқышев, Т.Мырзаев. , Р.Қошқарбаев және тағы басқа бабаларымыздың есімдері алтын жұлдыздың сәулесімен шағылысып, өткен ғасырдың сұрапыл күндерін еске салады.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.Қариялар азайып бара жатқанын, олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен атаның туын жықпай,ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпады. Еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығыпжеңістің таңбасын басқан күн- Жеңіс күні! Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн!
Сондықтанда бұл Ұлы Жеңіс, Ұлы мереке! Сұрапыл соғыста «Ел басына күн туғанда, етігімен су кешкен» ерлер мен ер жұрек қыздардың ерлігі мәңгі сақталады. Елімізде бейбіт, тыныш өмір жалғаса берсін! Жеңіс құтты болсын!!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Улы Отан согысынын Женисине 75 жыл на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]