Шығарма: Ұлы Отан соғысы

Шығарма: Ұлы Отан соғысы

Умарова Балзира
Ақмола облысы, Степногорск қ.
№2 құрылыс-техникалық колледжінің 3 курс студенті
Жетекшісі: Дошумова Ақмарал Болатқызы

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба
Б.Момышұлы

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының бірлігінің дәлелі. Бұл соғыстың азабын таартпаған қазақ жоқ шығар. Қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген миллиондаған отандастарымыздың Баликов Умар да бар еді 1945 жылы әлем үшін қуаныштыда, естен кетпес күн, яғни бұл күндері біздің ер жүрек ата-бабаларымыз, аға-әпкелеріміз барлықтарына өздерінің жерлері үшін Отаны үшін қандарын төкті, азап шекті, қыстың анау ызғырына шыдап бағып төске өрледі. Жүректерінде «біз жеңеміз» деген ой өрледі. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышымен дәлелдеді. Жауға қарсы шайқастар алыстағы ауыл мен кең байтақ далаларда да жүріп жатты. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісі, еңбегімен соққан еңбекшінің ерлігі ұмытылмайды.
Батырлық – жеке адамға тән патриоттық қасиет. Батырлардың ерлігі қазақ ауыз әдебиетінде ежелден жырланып келеді. Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар батырлар қалмақ, монғол басқыншыларына қарсы күрестегі ерлігімен көзге түсті. Бұлар халықты жауға қарсы жұмылдырды, елдің еңсесін көтеріп, есін жиғызды, кек алуға шақырды. Ұлы Отан соғысының (1941-1945) қаһарман батырлары арасында 500-ге жуық қазақстандық болды. Олардың қатарында Шығыстың қаһарман қыздары Әлия Молдағүлова мен Мәншүк Маметова да бар.
Жерлесіміз Талғат Бигельдиновке Кеңес одағының Батыры атағы екі мәрте берілді. Жау қоршауында қалған кіші сержант Е.Сиқымов жалғыз өзі екі сағаттан артық ұрыс жүргізіп, алпыс фашисті жайратты.
Белоруссия жерінде старшина І.Айтықов бес жолдасымен жаудың 3 офицері мен солдатын жойып, плацдармды басып алды. Біздің әскерлер Двина өзенінен аман өтті. Қарағандылық М.Мамыраев, ақмолалық А.Құрманов, петропавлдық Е.Дәуітов, ақтөбелік Қ.Жазықов Днепрден өтерде осындай ерлік жасап , біздің әскерлердің жау шебін бұзып өтуіне жол ашты .
Қазақтардың ерлігінің жұртшылыққа кеңінен таралуы 1941-1945 жылдардағы Отан соғысымен тығыз байланысты. Фашист басқыншыларына қарсы қантөгіс күресте теңдесі жоқ ерліктеріне лайық ең жоғары атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Кеңес одағы бойынша соғыста 27 млн.адам опат болса, оның 13 %-ы қазақ болды. Қазақстаннан 1 196 164 адам әскер қатарына алынды. Қазақстаннан 500 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Оның ішінде 97-сі қазақ.
Бауыржан Момышұлы И.В.Панфиловтың жақын шәкірті, гвардия полковнигі, әскери жазушы. Б.Момышұлының жауынгерлік, батырлық өмірі ғажайып істерге толы: ол жауынгерлерді 207 рет ұрысқа бастап кірген; 5 рет қоршауда қалып, оның бәрінде қоршауды бұзып шығып, өз ортасына оралған; 7 рет жараланып, 3 рет ауыр контузия алған. Алматыда жасақталған 316-шы 8-гвардия атқыштар дивизиясының 28 панфиловшы –батырларының өшпес ерлігі Мәскеу түбінде қаhармандық пен табандылықтың жарқын үлгісі болды. Бұл – ежелгі батырларға ғана тән, адам нанғысыз, керемет аңызға лайық емес пе?! Жаудың елу танкісіне қарсы жекпе-жек шайқасқан 28 батырдың жиырма екісі қазақстандық. Олардың ішінде 4 қазақ жауынгері: Н. Есболатов, Ә. Қосаев, М. Сеңгірбаев бар.
Мәлік Ғабдуллин мен Төлеген Тоқтаровтың Мәскеу түбінде жасаған ерліктері де ел аузында аңызға айналды.
Қазақ ұшқышы Н.Әбдіров Сталинград шайқасы кезінде әуе ұрыстарында өртенген самолетімен (ұшағымен) алдыңғы шепке бара жатқан жаудың көп техникасының күлін көкке ұшырды. Ленинград түбіндегі соғыста С.Баймағамбетов еңбектеп барып жаяу дзотының амбразурасын денесімен жапты.
Біздің жауынгерлер жау шебін бұзып өтті. Бұл ерлікті С.Есқалиев, А.Сухамбаев қайталады. Жау танкісінің астына өз денесін төсеп қаза тапқан 7 жауынгерлердің ішінде Қ. Спатаев, А.Үсенов болды.
Сонау ғасырларда аталарымыз жете алмаған арманға міне біз жеттік. Қандай тамаша дербес, мемлекетіміз бар. Отанымыз, туған тіліміз, отбасымыз қасымызда қандай бақыттымыз. Осылардың бәрі атабабаларымыздың арқасында деп білемін. Біздің ата-бабаларымыздың батырлықтарымен жаңалықтары, өз Отаныма деген шексіз сүйіспеншіліктерге Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің себебі. «Ел басына күн туып, етігінен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығынан су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ондаған мың жерлестеріміз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі, жер бетіне бейбіт өмір орнауы жолында кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігі қан майданнан оралмады.
Қиямет пен қырғын қан төгістен арылып, армандап жеткен жеңісімізге биыл 71 жыл толады. Осы жеңісті ашық аспан астында, бейбіт өмірде тойлағанымыз үшін ардагер ата-әжелерімізге айтар алғысымыз шексіз.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Ұлы Отан соғысы туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Улы Отан согысы на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ұлы Отан соғысы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]