Шығарма: Жеңістің 75 жылдығы

Шығарма: Жеңістің 75 жылдығы

Серікпаева Гүлім
10 сынып, №2 орта мектеп Ақмола облысы,
Астрахан ауданы, Жалтыр ауылы
Жетекшісі: Шоңғалова Гүлнар Бақытқызы

1941 жылғы 22 маусым – жалпы тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бір жыл бұрын басталып, халықтарды қатты күйреткен жалмап шығатын ажал. Әр жыл сайын еңбек ардагерлері, облыс орталығындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, студенттер –елі мен жері үшін өмірін қиып, туған жерге оралмаған қаһарман ерлерді еске алып, рухтарына тағзым етті. Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Соғыс қимылдары әлемнің 40 мемлекетінің аумағында жүрді. Ең соңғы деректер бойынша бұл алапатта 60 мил. адам қаза тапты.
Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 мил. адамгершілік, тәрбиелік, отансүйгіштік, жас ұрпаққа қамқорлық, әділеттілік пен тазалықтық қорғаушысы болған ерекше миссиясы туралы айту парыз. Иә, майдангерлер қай салада да үлгі болды. Біз ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз деп есептеледі.
Әлем 1941 жылы соғысты кім бастап, оған адамзат тарихында бұрынсоңды болып көрмеген қандай қатер төніп тұрғанын бірден сезді. Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік көрсетіп, тағдыр талқысымен келгендерге қол ұшын берді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толып отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллиондай адамын жалмаған сұрапыл соғыста Қазақстаннан 1 миллон 600 мыңдай жауынгер жауларға қарсы жан аямай шайқасты. Одақ бойынша 12 мыңнан астам жауынгерлер, командирлер, қолбасшылар, партизандар, қарапайым халық өкілдері, 1934 жылы белгіленген ең жоғарғы атақ – Кеңес Одағының Батыр атағын иеленеді.
Ұлы Жеңіс әкелген құндылықтар туралы айтқанда ойға ең алдымен сол бір қантөгіс, жиһангерлік соғыстан аман қайтқан ағаларымыз бен апаларымыздың соғыстан кейінгі қоғамдық өмірдің әр саласында атқарған. Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Тәуелсіз Қазақстан елі өз боздақтарын қастерлеп, құрметтейді! Біз өз халқы үшін жанын қиюға барған батырларды құрметтеп, қадір тұтуымыз керек.Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай ата-бабаларымыздың ерліктерін,елі үшін жанын қиған адамдар мәңгі жадымызда. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстайтынымызға сенемін.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Жеңістің 75 жылдығы туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Женистин 75 жылдыгы на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Жеңістің 75 жылдығы және Ұлы Отан соғысы басталуының 75 жылдығы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]