Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы ерлік өшпейді, Ер ұмытылмайды
Ондасынова Айгерім
Ақмола облысы Степногорск қаласы
«Қарабұлақ селолық орта мектебі» М М 6 сынып оқушысы
Мұғалім: Құлтаев Нұрғазы Өмірбекұлы

Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталып, 1945 жылы аяқталды. Біздің аталарымыз бен әжелеріміз, Отандастарымыз қаза тапты. Отанымызды қорғау үшін қаншама қан төкті.
Отанды қорғау үшін Қарулы Күштер ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы – Президент. Қарулы Күштедің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындалуы, он сегіз жасқа толған әрбір азамат өзінің Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылу туралы әрине, өзіміздің Елбасшымыз жарлығында айтып өткен. Қазақстанның Қарулы Күштері құрлықтағы әскер тобынан, Әскери әуе күштерінен және Әскери теңіз флотынан тұрады. Бұлардан басқа Елбасымыздың тікелей өз қарамағындағы әскер тобы – Ұланы бар. «Отанды қорғау – оның әрбір азатының қасиетті борышы және парызы».
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстаннан майданға аттанған жауынгерлеріміз қаншама. Олардың Отанды қорғау үшін жанын беріп шайқасқа түскен 100 мыңнан астамы ордендермен және медальдармен марапатталды. 500-ге тарта жауынгер «Батыр» атағына ие болды.
Олардың ішінде Төлеген Тоқтаров, Сұлтан Баймағамбетов, Әлия молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бегилденов және басқа да жауынгер ата-әжелеріміз, аға-бауырларымыз бар. Солардың бірі Әлия Молдағұлова шайқаста қаза тапқан ғұмыры былай болады екен. Шайқас барған сайын қыза түскен. Әлия сол қолынан жараланғанына қарамай, жаумен соғысты үдете берді. Бір кезде неміс офицері Әлияға тап береді екен. Әлия оны басынан асыра лақтырып жіберді. Шалқасынан түскен жау Әлияны тапаншамен атып қалды. Қапылыста қаза тапқан Әлияны майдандас жолдастары өз Отаны үшін жанын берген Ардагер Жауынгерімізге «Шығыс Жұлдызы»- деп атады.
Үкімет Әлияның ерлігін жоғары бағалап, оған Кеңес Одағының Батыры атағын берді. Әлия Молдағұлованың ерлігі мәңгі ұмытылмайды.
Тағы да Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес одағының батыры, жазушы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлы Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. Ол қазақ халқының қаһарман ұлы, екінші дүниежүзілік соғыстың батыры, әскери қолбасшымыз. Соғыстан кейін көрнекті жазушы ретінде танылып, бірнеше кітап жазды. Сол кітапта жазылған бір сөзінде:
Мен де адаммын жаралған сүйек-еттен,
Арым бар, намысым бар жан тербеткен.
Қазақтың қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен, – деген екен. Осы өлең-жырларында Отан үшін жан кешкен адам ретінде біле аламыз. Ар-намысымен қазақтың қарапайым бір ұлы жанын Отан үшін яғни, біз келещек ұрпақ үшін құрбан еткен аталарымыздың бірі екені тайға таңба басқандай өз өлең шумақтарында көрініс тапқан. Сондай-ақ, бір мұрағат сөзінде: Балаларыма айтар тілегім: «Отан сүйер ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер!» - деген балаларға немесе келешек ұрпаққа айтқан сөзі бар екен.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы майдандарында біздің Отанымыз үшін аса маңызды екені белгілі. Жау аумақты басып алды. Москваға жақындап, Ленинградты қоршап алды. Еліміз күштерін жинақтап, шайқасқа күш-қуат жинады.
Дивизия тарихындағы беттердің бірі – Сталинград болып табылды. Осы шайқаста ерлігі үшін гвардиялық деген атақ беріліп, №72 атау алды. Бір ай өткен соң 72-ші дивизия Воронеж майданына жіберіліп, Солтүстік Донеци өзеніне қарай шығыс жағалауына қарай бекініске көшеді.
1944 жылдың қаңтар айында екінші Украйн майданы құрамалар және бөлімдер бірісіп отыра келе, Украйндағы облыс орталық Кировоград қаласы қаласы мықты етуге қатысады. Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газетжурнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.
Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы – дегендей, Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерен ерліктері үшін Қазақстан Республикасы Елбасының жарлығымен Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов сияқты аталарымызға халық қаһарманы атағы берілді. Әрине, бұл кісілердің елге деген, жерге деген еңбектері орасан зор. Себебі, Отан үшін, ел үшін өз жандарын құрбан ете отырып, халқын аман алып қалған Ер азаматтарымыз.
Батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрін біздің жауынгерлеріміз үлгі тұтады, мәңгі есінде сақтайды. Бұл деген сөзім біздің жауынгерлеріміздің әрқашанда ерліктері өшпейді деген сөз. Біз оларды мақтан тұтамыз. Себебі, олар Отанды қорғаймын, Қазақ жерін сақтаймын деп, ерлік көрсеткен. Сөз соңында айтарым, мен туған өлкемізде осындай батыр рухты қазақтың бар болғанын мақтан етемін. Бүгінгі күннің жас ұрпағы атынан менің ұсынысым ел ағалары ол ерлікті бағалап, жоғарыда айтылған аталарымыздың ел тарихында елеулі орын алуына, «Халық қаһармандарының» қатарына енуіне септігін тигізсе ата - бабамыздың аруағы бір аунап қалар ма еді?!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: